Мемлекеттік күзет қызметіне жаңа басшы тағайындалды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Президент Жарлығымен Сәкен Исабеков Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметінің бастығы лауазымына тағайындалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Ақордаға сілтеме жасап.

Мемлекеттік күзет қызметіне жаңа басшы тағайындалды

Ал, Мемлекет басшысының өкімімен Сәкен Исабеков Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметі бастығының орынбасары – Қазақстан Республикасы Президентінің Күзет қызметінің бастығы лауазымынан босатылды.