Мемлекеттік қызмет істері агенттігі өз жобаларына белсенді азаматтық ұстанымы бар жастарды тартпақ

АСТАНА. ҚазАқпарат - Мемлекеттік қызмет істері агенттігі өз жобаларына белсенді азаматтық ұстанымы бар жастарды тартады. Бұл туралы бүгін Халықаралық жемқорлықпен күрес күніне арналған 1-ші жастар форумында ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының орынбасары Алик Шпекбаев айтты.
None
None

Оның атап өтуінше, агенттік саясаты жемқорлықтың тамырына балта шабу жұмыстарына жастарды барша тартуға бағытталған.

«Агенттік өзінің жобалар мен бастамаларына белсенді азаматтық ұстанымы бар адамдарды тартуға ниеттеніп отыр», - деген ол Қазақстанның жаңа жемқорлыққа қарсы стратегиясын жүзеге асырудың басты шарты мемлекет пен қоғамның күш-жігерін топтастыру екендігін баса айтты.

«Бұдан бөлек, жемқорлыққа қарсы саясаттың табысты жүзеге асырылуы жемқорлықтың алдын алудағы жүйелі шараларға байланысты. Оның негізгі құралдары оқу және ағарту ісі екендігі сөзсіз. Сондықтан да агенттік әртүрлі мақсатты аудиторияға арналған оқыту бағдарламаларының жобасын әзірледі», - деді Ә.Шпекбаев.

Соңғы жаңалықтар