Мемлекеттік қызмет істері агенттігінде бірқатар кадрлық тағайындаулар болды

Бұл туралы агенттіктің сайтында жарияланды
Атап айтқанда, Инспекция және бақылау бөлімінде: Людмила Николаевна Шекимова - меңгеруші, Ғалымжан Әдиұлы Әди - меңгерушінің орынбасары лауазымына тағайындалды.
Жоспарлау және бюджет бөлімінде: Алихан Қайыргелдіұлы Жамсатов - меңгеруші, Гүлмира Тарихқызы Жанғазиева - меңгерушінің орынбасары және Самал Жомартқызы Қажрахимова бөлімнің Жоспарлау секторының меңгерушісі, Гаухар Жүнісбекқызы Әмірханова Бухгалтерлік есеп және есептілік секторының меңгерушісі болып тағайындалды.
Әкімшілік жұмыс және сыртқы байланыстар бөлімінде: Дармен Қанатұлы Сәдуақасов - меңгеруші, Ержан Ерсайынұлы Ерсайынов, Қуаныш Асылбекұлы Жапақов - меңгерушінің орынбасарлары және Ақмарал Махамедәліқызы Сарбасова бөлімнің Құжаттамалық қамтамасыз ету және бақылау секторының меңгерушісі лауазымына тағайындалды.
Мемлекеттік қызмет персоналын басқару бөлімінде: Тоқтамыс Қадошұлы Жұмағұлов - меңгеруші, Динара Төлегенқызы Жәненова, Оңғарбай Жидебайұлы Дәнебеков - меңгерушінің орынбасарлары және Әсет Ыбырайымұлы Байсынов - бөлімнің Іріктеу, жоғарылату және мониторинг секторының, Әсел Сейітқанқызы Мұсағұлова - Персоналды басқару секторының меңгерушісі қызметіне тағайындалды.
Жәнібек Наушабайұлы Наушабай - Ішкі бақылау қызметінің бас консультанты және Гүлнар Оразбайқызы Мұхамедиева Құқықтық қамтамасыз ету бөлімінің Заңнаманы жетілдіру және құқықтық сараптама секторының меңгерушісі болды.