Мемлекеттік қызмет істері агенттігінде ведомствоның 2009-2011 жылдарға арналған стратегиялық даму жоспары талқыланды

АСТАНА. Ақпанның 27-сі. ҚазАқпарат /Қанат Мәметқазыұлы/ - Бүгін ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінде өткен алқа мәжілісі барысында аталмыш ведомствоның 2009-2011 жылдарға арналған стратегиялық даму жоспары талқыланды,
None
None
деп хабарлайды ҚазАқпарат. Агенттік төрағасы міндетін атқарушы Арын Өрсариевтың айтуынша, бүгінгі күні 2009-2011 жылдарға арналған стратегиялық даму жоспарының негізгі ережелерін түсіндіруге ерекше назар аударылып келеді. «Алдағы жылдарға арналған стратегиялық даму жоспары үш негізгі бағытты қамтитын болады. Атап айтқанда, мемлекеттік қызмет қызметкерлерінің тиімділігін арттыру, мемлекеттік қызмет жүйесінің институттарын, сондай-ақ Агенттік әлеуетін одан әрі дамыту болып табылады. Сонымен бірге бекітілген жоспарларға сәйкес алдағы уақытта мемлекеттік қызметке қабылдауда азаматтардың кәсібилік және тұлғалық ерекшеліктеріне баса мән беру, қызметкер жұмысының нәтижелілігін бағалау арқылы жалақы төлеу жүйесін ендіру шаралары көзделіп отыр. Бұған қоса мемлекеттік қызмет көрсету сапасын жақсарта түсуге баса мән беріледі. Алдағы уақытта қолданыстағы заңнамаға мемлекеттік қызмет көрсету саласындағы заңдылықты бұзғандығы үшін әкімшілік жауапкершілікті күшейту нормалары енгізілетін болады», - деді А. Өрсариев. Сондай-ақ алқа мәжілісі барысында Агенттік төрағасының міндетін атқарушы мен Мемлекеттік басқару академиясы ректорының, «Мемлекеттік қызмет мамандарын басқару жөніндегі ұлттық орталық» АҚ басшылығының, аумақтық басқарма бастықтарының арасында Стратегиялық жоспарды орындау жөніндегі меморандумға қол қойылды.
Соңғы жаңалықтар