Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Астана бойынша аумақтық департаментінің жаңа басшысы қызметіне кірісті

АСТАНА. 30 шілде. ҚазАқпарат - ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің төрағасы Әлихан Бәйменовтың бұйрығымен агенттіктің Астана қаласындағы аумақтық департаментінің басшысы - тәртіптік кеңес төрағасы лауазымына тағайындалған Қаскин Тілеген Төлегенұлын

Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Астана бойынша аумақтық департаментінің жаңа басшысы қызметіне кірісті

Астана қаласының тәртіптік кеңес мүшелерімен және департамент ұжымымен таныстыру рәсімі өткізілді. Бұл туралы аталған ведомствоның баспасөз қызметінен хабарланды.

Жаңа басшыны таныстырған агенттік төрағасының орынбасары С.Қ. Ахметжанов Т.Қаскинге жуырда ғана реформаланған мемлекеттік қызметтің қазақстандық моделін аумақта жүзеге асыруға үлкен сенім артылатына тоқталып өтті.

Өз кезегінде тәртіптік кеңес мүшелері Т. Қаскинге жаңа қызметте абырой биігінен көрінуге тілектестіктерін білдірді.

Рәсім қорытындысында Т. Қаскин Елбасы қолдауымен жаңа кезеңге аяқ басқан мемлекеттік қызмет саласындағы жетістіктерді елорда төсінде жүзеге асыру міндеті үлкен жауапкершілікті жүктейтіндігін, бұл сенім үдесінен шығуға бар күш-жігерін жұмсайтындығын жеткізді.