Мемлекеттік қызмет істері вице-министрі тағайындалды

АСТАНА. ҚазАқпарат - ҚР Үкіметінің қаулысына сәйкес Нұрлан Ыбырайым еліміздің Мемлекеттік қызмет істері вице-министрі болып тағайындалды, деп хабарлады аталған ведомствоның баспасөз қызметінен.

Мемлекеттік қызмет істері вице-министрі тағайындалды

Таратылған ақпаратқа қарағанда, бүгін министр Талғат Донақов өз орынбасарын ұжымға таныстырған.

Ыбырайым Нұрлан Мұхтарбекұлы 1973 жылы дүниеге келген. Қырғыз мемлекеттік университетін бітірген. Әр жылдары ҚР Әділет министрлігінің Тіркеу қызметі комитеті төрағасының орынбасары, ҚР Парламенті Мәжілісі Аппараты басшысының орынбасары, «Нұр Отан» партиясының Мәжілістегі фракциясы аппаратының жетекшісі, ҚР Білім және ғылым министрлігі Құқықтық қамтамасыз ету және мемлекеттік сатып алу департаментінің директоры, Ғылым комитетінің төрағасы қызметтерін атқарған.

«Қазақстан Республикасының Парламентіне 10 жыл»,  «Астанаға 10 жыл» медальдарымен марапатталған.

Айта кетейік, 5 сәуір күні ҚР Мемлекеттік қызмет істері вице-министрі И.Ахметова ҚР Үкіметінің қаулысына сәйкес өз еркімен жұмысынан босатылған болатын.