Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің аумақтық бөлімше басшыларының лауазымына конкурс жарияланды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері мен сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі құқық қорғау қызметін жүзеге асыратын агенттіктің және оның аумақтық бөлімшелері мемлекеттік қызметшілерінің лауазымдарына қойылатын біліктілік талаптарын жариялады.

Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің аумақтық бөлімше басшыларының лауазымына конкурс жарияланды

Агенттіктің баспасөз қызметі хабарлағандай, конкурс өткізу және тағылымдамадан өтудің тиісті қағидасы, сондай-ақ осы санаттағы лауазымдарға конкурстан тыс орналасу қағидасы мен шарттары бекітілді, бұл құжат БАҚ-та жарияланып, агенттіктің сайтына орналастырылатын болады.

Конкурстық комиссия үміткерлерді берілген құжаттары, медициналық куәландыру, полиграфологиялық зерттеу қортындылары, физикалық дайындық нормативтерін тапсыру, жеке құзыреті бойынша тесті қамтитын тестілеуден өту нәтижелері негізінде бағалайтын болады. Үміткерлермен әңгімелесу конкурстық комиссия жұмысының аяқталу кезеңі болып табылады, соның нәтижесі бойынша шешім шығарылады. Әңгімелесу өткізген күн туралы ақпарат агенттік сайтына орналастырылады. Қазіргі уақытта агенттіктің аумақтық бөлімшелері басшыларының лауазымдарына конкурс жарияланды.