Мемлекеттік қызмет көрсетуді дамыту жөніндегі Қоғамдық кеңестің жұмыс тобы мүшелерін сайлауға конкурс жарияланады
Бұл туралы mic.gov.kz сайтында хабарланды.
Коммерциялық емес ұйымдардың өкілдері және азаматтар конкурс туралы хабарландыру жарияланғаннан кейін 10 күндік мерзімде министрлікке жазбаша түрде жұмыс тобына кандидатуралар бойынша ұсыныстарды жібереді. Өзінің ұсыныстарын жіберген әрбір коммерциялық емес ұйым және әрбір азамат бір ғана кандидатты ұсына алады.
Жұмыс тобына үміткерлерге азаматтық қоғамнан Заңның 10-бабының 1-тармағына сәйкес талаптар қойылады.
Үміткерлерге талаптар:
1. Қазақстан Республикасының он сегіз жасқа толған азаматы үміткер бола алады.
2. Үміткер:
1) сотталғандығы болмауы;
2) сот заңда белгіленген тәртіппен сыбайлас жемқорлық қылмыс және (немесе) сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасауда кінәлі деп танымаған болуы;
3) психикалық ауруға, алкоголизмге, нашақорлыққа немесе уытқұмарлыққа байланысты денсаулық сақтау ұйымдарында есепте тұрмауға тиіс.
Конкурсты өткізу мерзімі: 2016 жылғы 11 шілдеге дейін.