Мемлекеттiк қызмет стандарттарын бекiту туралы қаулыға өзгерістер енгізілді
ҚазАқпарат құжаттың мәтінін таратады.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы
2012 жылғы 9 қазан
№1278
өзгерістер енгізу туралы
1. «Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2007 жылғы 30 маусымдағы №561 қаулысына өзгерiс пен толықтырулар енгiзу туралы және мемлекеттiк қызмет стандарттарын бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2009 жылғы 30 желтоқсандағы № 2315 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2010 ж., № 5, 61-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін:
тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«Ақпарат және мұрағат ісі саласындағы мемлекеттік қызмет стандарттарын бекіту туралы»;
2-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«2) «Облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың аумағында таратылатын шетелдiк мерзiмдi баспасөз басылымдарын есепке алу»;»;
3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлiгi осы қаулыдан туындайтын шараларды қабылдасын.»;
1) көрсетілген қаулымен бекітілген «Бұқаралық ақпарат құралдарын есепке қою» мемлекеттiк қызмет стандарты осы қаулының 1-қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
2) көрсетілген қаулымен бекітілген «Облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың аумағында таратылатын шетелдiк бұқаралық ақпарат құралдарын есепке алу» мемлекеттiк қызмет стандарты осы қаулының 2-қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
3) көрсетілген қаулымен бекітілген «Қазақстан Республикасының мемлекеттiк мұрағаттарынан шығатын және шет елге жiберiлетiн мұрағаттық анықтамалар мен мұрағаттық құжаттардың көшiрмелерiн апостильдеу» мемлекеттiк қызмет стандарты осы қаулының 3-қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
4) көрсетілген қаулымен бекітілген «Мұрағаттық анықтамалар беру» мемлекеттiк қызмет стандарты осы қаулының 4-қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі С. Ахметов
Құжаттың толық мәтіні республикалық БАҚ-да жарияланады.