Мемлекеттік қызмет стандарттарына өзгерістер енгізілді
АСТАНА. 12 қаңтар. ҚазАқпарат - 2013 жылғы 30 желтоқсанда ҚР Үкіметінің №1426 қаулысымен «Азаматтық авиация саласындағы мемлекеттік қызмет стандарттарын бекіту және «Жеке және заңды тұлғаларға көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің тізілімін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 20 шілдедегі № 745 қаулысына өзгерістер енгізу туралы» 2012 жылғы 13 қыркүйектегі № 1195 қаулыларына өзгерістер енгізілді.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Пайдаланушыны авиациялық жұмыстарға жіберу қағидасын бекіту туралы» 2010 жылғы 18 қазандағы № 1069 және «Азаматтық авиация саласындағы мемлекеттік қызмет стандарттарын бекіту және «Жеке және заңды тұлғаларға көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің тізілімін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 20 шілдедегі № 745 қаулысына өзгерістер енгізу туралы» 2012 жылғы 13 қыркүйектегі № 1195 қаулыларына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді: 1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай өзгерістер енгізілсін: 1) «Пайдаланушыны авиациялық жұмыстарға жіберу қағидасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 18 қазандағы №1069 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2010 ж., № 55, 533-құжат): көрсетілген қаулымен бекітілген Пайдаланушыны авиациялық жұмыстарға жіберу қағидасы (бұдан әрі - Қағида) осы қаулыға 1-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын; 2) «Азаматтық авиация саласындағы мемлекеттік қызмет стандарттарын бекіту және «Жеке және заңды тұлғаларға көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің тізілімін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 20 шілдедегі № 745 қаулысына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 13 қыркүйектегі № 1195 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2012 ж., № 71, 1027-құжат): көрсетілген қаулымен бекітілген «Авиациялық жұмыстарды орындауға арналған куәлікті беру» мемлекеттік қызмет стандартында: 7-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын: «1) мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі күнтізбелік 30 күнді құрайды (қажет болған жағдайда, күнтізбелік 30 күннен аспайтын мерзімге ұзарту мүмкіндігімен);»; 8-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «8. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет ақылы болып табылады. Авиациялық жұмыстарды орындайтын пайдаланушыны сертификаттағаны үшін «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының Кодексінде (Салық кодексі) айқындалған тәртіппен және мөлшерде алым алынады. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет мемлекеттік бюджетке көрсетілген алым төленгеннен кейін жүзеге асырылады. Штат санына байланысты авиациялық жұмыстарды орындайтын пайдаланушыны сертификаттағаны үшін алым мөлшерлемелері мыналарды құрайды: 1) қоса алғанда 50 адамға дейін - алым төленетін күні қолданыстағы 743 айлық есептік көрсеткіш; 2) 51 адамнан қоса алғанда 200 адамға дейін - алым төленетін күні қолданыстағы 831 айлық есептік көрсеткіш; 3) 201 адамнан қоса алғанда 400 адамға дейін - алым төленетін күні қолданыстағы 871 айлық есептік көрсеткіш; 4) 401 адамнан қоса алғанда 600 адамға дейін - алым төленетін күні қолданыстағы 918 айлық есептік көрсеткіш; 5) 601 адамнан қоса алғанда 1200 адамға дейін - алым төленетін күні қолданыстағы 962 айлық есептік көрсеткіш; 6) 1201 адамнан қоса алғанда 2000 адамға дейін - алым төленетін күні қолданыстағы 1006 айлық есептік көрсеткіш; 7) 2001 адамнан астам - алым төленетін күні қолданыстағы 1057 айлық есептік көрсеткіш.»; 11-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «11. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін мемлекеттік көрсетілетін қызметті алушы немесе сенімхат бойынша оның уәкілетті өкілі куәлік алу үшін уәкілетті органға мынадай құжаттармен қоса осы стандартқа 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш береді: 1) авиациялық жұмыстарды орындайтын пайдаланушыны сертификаттағаны үшін алымның төленгенің растайтын құжат; 2) куәліктің* көшірмесі немесе заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы анықтама. Ескертпе: * «Қазақстан Республикасының кейбiр заңнамалық актiлерiне заңды тұлғаларды мемлекеттiк тiркеу және филиалдар мен өкiлдiктердi есептiк тiркеу мәселелерi бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы» 2012 жылғы 24 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңы қолданысқа енгізілгенге дейін берілген заңды тұлғаны (филиалды, өкілдікті) мемлекеттік (есептік) тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәлік заңды тұлғаның қызметі тоқтатылғанға дейін жарамды болып табылады; 3) өтініш беруші жарғысының және құрылтай шартының көшірмелері; 4) өтініш берушінің мынаны қамтитын ақпараты: өтініш беруші қызметінің негізгі орны; ұшудың болжамды түрлері; ұшу жұмысын ұйымдастыру; ұшу жарамдылығын қолдау жүйесі; ұшуды қамтамасыз ету; ұшу персоналының және техникалық персоналдың әзірлігі; техникалық қызмет көрсету объектілерінің әзірлігі; әуе кемелерінің әзірлігі; 5) басқарма құрылымы және лауазымы, Т.А.Ә., білімі, біліктілігі және жұмыс тәжірибесі көрсетілген жауапты тұлғалар; 6) мынадай басшылардың тағайындалғанын растайтын құжаттар: ұшу қызметі; ұшу қауіпсіздігі бойынша инспекция; ұшу жарамдылығын қолдау бойынша; сапаны бақылау бойынша; авиациялық қауіпсіздік бойынша; персоналды даярлау бойынша; 7) үлгісі, моделі, сериясы, ұлттық және тіркеу белгілері, ұшуға жарамдылық сертификаттары, радиостанцияларға арналған рұқсаттар, жергілікті жердегі (егер көзделген болса) шуыл бойынша сертификаттары көрсетілген әуе кемелерінің тізімі. Әуе кемелерін жалға алған жағдайда жалға алу (лизинг) шарттарын көрсету қажет; 8) ұшу персоналын және жердегі персоналды даярлау мен аттестаттауды ұйымдастыру жөніндегі ақпарат; 9) ұшуды жүргізу бойынша нұсқаулықтың бір бөлігі болып табылатын немесе жеке құжат ретінде әзірленген персоналды алғашқы даярлау және қайта даярлау жөніндегі бағдарлама (нұсқау); 10) ұшуды жүргізу жөніндегі нұсқау; 11) техникалық қызмет көрсетуді реттеу жөніндегі пайдаланушы нұсқауы; 12) әуе кемелеріне техникалық қызмет көрсету бағдарламасы (регламент); 13) сертификатталған ең жоғары ұшып көтерілу массасы 5700 кг астам әуе кемелерін пайдаланатын пайдаланушылар үшін ұшу қауіпсіздігін басқару жөніндегі нұсқау; 14) байланыс рәсімдерін (dispatch) қоса алғанда, ұшудың орындалуын басқару және оған бақылауды ұйымдастыру жөніндегі ақпарат (dispatch); 15) Қазақстан Республикасының міндетті сақтандыру түрлері туралы заңдарына сәйкес міндетті сақтандырудың сақтандыру полистерінің көшірмелері; 16) пайдаланушының өз авиациялық қызметінің қажетті түрлерін қамтамасыз етуге арналған шарттардың көшірмелері; 17) пайдаланушы басшысы бекітетін әуе кемелерін бояу үлгілері мен мәтіндік сипаттамасы; 18) азаматтық авиация қызметіне заңсыз араласу актілерінің алдын алу жөніндегі шаралар туралы құжаттар; 19) пайдаланушының өзі немесе шарттық негізде жүзеге асыратын ұшу жұмыстарын жерде қамтамасыз ету жөніндегі ақпарат; 20) жұмыс түрлері көрсетілген, сыртқы ұйымдармен техникалық қызмет көрсету шарттарының тізбесі; 21) сыртқы ұйымдармен ұшу жарамдылығын қолдауға арналған шарттардың көшірмелері. Жоғарыда көрсетілген барлық құжаттардың көшірмелері мемлекеттік көрсетілетін қызметті алушының қолымен және мөрімен куәландырылады. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті алушы авиациялық жұмыстарды орындауға арналған куәліктің телнұсқасын алу үшін уәкілетті органға қажетті негіздемесі және осы стандартта көзделген тәртіппен бұрын берілген авиациялық жұмыстарды орындауға арналған куәлікпен қоса (жоғалту (ұрлау) жағдайларынан басқа) еркін нысандағы өтінішті ұсынады.»; 16-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «16. Егер мемлекеттік көрсетілетін қызметті алушыға қатысты аталған қызмет түрін көрсетуге тыйым салатын сот шешімі болса, мемлекеттік қызметті ұсынудан бас тартылады. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті алушыға осы стандарттың 7-тармағында көрсетілген мерзімде бас тартудың себептері көрсетіліп, жазбаша түрде дәлелді жауап беріледі. Уәкілетті орган мемлекеттік көрсетілетін қызметті алушының құжаттарын алған сәттен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде ұсынылған құжаттардың толықтығын тексеруге міндетті. Ұсынылған құжаттардың толық болмау фактісі анықталған жағдайда, уәкілетті орган көрсетілген мерзімде өтінішті одан әрі қарау туралы жазбаша дәлелді бас тарту береді. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызметті алғанға дейін мынадай талаптарды сақтауы тиіс: 1) мемлекеттік көрсетілетін қызметті алушы ұсынған қызметтер сертификаттық талаптарға сәйкес келуі тиіс; 2) түзету іс-қимылдарының жоспарында көрсетілген сәйкессіздіктер жалпы сертификаттау мерзімі шеңберінде жойылуы тиіс.»; 21 және 22-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын: «21. Көрсетілген мемлекеттік қызмет нәтижесімен келіспеген жағдайда, шағым Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігіне 010000, Астана қаласы, Қабанбай батыр даңғылы 32/1 мекенжайы бойынша беріледі, электрондық поштаның мекенжайы: mtc@mtc.gov.kz, кеңсе телефоны: 8 (717 2) 24-14-19. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап бес жұмыс күні ішінде қаралады. Уәкілетті органның жұмыс кестесі: демалыс және мереке күндерін қоспағанда, сағат 13:00-ден 14:30-ға дейін түскі үзіліспен, күн сайын сағат 9:00-ден 18:30-ға дейін. 22. Көрсетілетін қызмет дұрыс көрсетілмеген жағдайда, шағым уәкілетті орган басшысының атына мына: 010000, Астана қаласы, Қабанбай батыр даңғылы 32/1 мекенжайы бойынша беріледі, электрондық поштаның мекенжайы: kga_info@mtc.gov.kz, қабылдау бөлмесінің телефоны: 8 (7172) 24-26-05. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті алушының шағымы оны тіркеген күннен бастап бес жұмыс күні ішінде қаралады. мынадай мазмұндағы 22-1-тармақпен толықтырылсын: «22-1. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті алушы көрсетілген мемлекеттік қызмет нәтижелерімен келіспеген жағдайда, мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға шағымдана алады. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті алушының шағымы оны тіркеген күннен бастап он бес жұмыс күні ішінде қаралады.»; көрсетілген стандартқа 1-қосымша осы қаулыға 2-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын. 2. Осы қаулы Қағиданың 2014 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін 1-тармағы 2) тармақшасының бесінші, алтыншы, жетінші, сегізінші, тоғызыншы, оныншы, он бірінші, он екінші, он үшінші, он төртінші, он бесінші және он сегізінші абзацтарын, сондай-ақ 4-тармағын, 8-тармағының 1) тармақшасын қоспағанда, алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі С.АХМЕТОВ.
Қаулының қосымшалары республикалық басылымдарда жарияланды.