Мемлекеттік қызмет туралы Заң нормасы Конституцияға сай емес - Конституциялық Сот

None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Конституциялық Сот «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңының нормасын Конституцияға сәйкес емес деп таныды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Конституциялық Сот азамат Б.Қ.Аргумбаевтың өтінішін қарау қорытындысы бойынша «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңының 16-бабы 3-тармағының 6) тармақшасын Конституцияның 24-бабының 1-тармағына, 33-бабының 2 және 4-тармақтарына және 39-бабының 1-тармағына сәйкес емес деп таныды.

«ҚР Үкіметі алты айдан кешіктірмей Қазақстан Республикасы Парламентінің Мәжілісіне Қазақстан Республикасының заңнамасын осы нормативтік қаулыда жазылған Қазақстан Республикасы Конституциялық Сотының құқықтық позицияларына сәйкес келтіруге бағытталған тиісті заң жобасын енгізуі тиіс», - деп жазды ведомстводан.

Құжаттың толық мәтінімен мына сілтеме арқылы танысуға болады


Соңғы жаңалықтар