Мемлекеттік қызмет туралы жаңа заң азаматтар алдында мемлекеттің жауапкершілігін арттырады

«Жаңа заң тұтынушылар құқықтарының кеңеюі мен мемлекеттің қызмет көрсетулер сапасының жақсаруын қадағалайтын болады. Жаңа заң бойынша мемлекеттік қызмет көрсету кезінде тұтынушылардың заңды құқықтары мен мүдделері бұзылған жағдайда шағымдану институты енгізілді. Сонымен қатар, мемлекеттік қызмет көрсетулер регламенті мен стандарттарының талаптары күшейтілді, әрбір азамат мемлекеттік қызмет көрсетулер стандарттарының жобаларын талқылауға және мемқызмет көрсетулер тәртібі мен сапасы туралы ақпараттандырылуға тартылады», - деп атап өтті ҚР Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігінің жауапты хатшысы Дина Шаженова.
Сондай-ақ, оның айтуынша, Заң басқарушылық шешімдер қабылдауда азаматтар мен қоғамдық бірлестіктер рөлін арттыруда мемлекеттік қызмет көрсетулерге қоғамдық мониторинг жүргізу мүмкіндіктерінн береді.
Айта кету керек, дөңгелек үстел ҚР Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігінің және БҰҰ Даму бағдарламасының бірлескен жобасы шеңберінде өтті.