Мемлекеттік қызметкерлер өз білімдерін шыңдауға асықпайды - аттестация

АСТАНА. ҚазАқпарат  - ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының орынбасары Айгүл Шайымованың айтуынша, биылғы аттестацияның алғашқы кезеңі аясында бірқатар мәселелер анықталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат  тілшісі.
None
None

«Мемлекеттік қызметкерлермен сұхбаттасу барысында біз олардың өкілеттіліктеріне қатысты бірқатар мәселелерді анықтадық. Мәселен, орталық аппараттағы қызметкерлер болсын, жергілікті жердегі мемлекеттік қызметкерлер болсын, олардың барлығы өздігімен білімдерін шыңдауға асықпайды. Былайша айтқанда, кәсіби біліктілік деңгейлерін көтермей жүреді. Осыған байланысты қазірдің өзінде арнайы оқыту бағдарламаларын әзірлеуге кірістік. Біз оны әрбір қызметкердің кәсіби деңгейіне қарай бейімдейтін боламыз», - деді Шайымова бүгінгі баспасөз мәслихатында. Бұдан бөлек, мемлекеттік қызметкерлердің ротациясына қатысты талаптардың сақталмайтыны анықталды. Мәселен, бірқатар аймақтарда кейбір мемлекеттік қызметкерлер бір орында 10 жылдан астам уақыт отыр. Бүгінде олардың ротациясын өткізуге тапсырма берілді. 

Оның айтуынша, тест кезінде мемлекеттік қызметкерлердің жеке қарым-қабілеттері бағаланса, сұхбаттасу барысында олардың біліктілігі ғана емес, мемлекеттік саясаты түсіндіру әрі халыққа жеткізе білу деңгейі бағаланды.

Аттестацияның қорытындысы бойынша  ҚР Президенті жанындағы Жоғары аттестациялық комиссия 36 адамды қызметі жағынан төмендету туралы кеңес берді. Олардың ішінде жалған құжаттармен жүрген мемқызметкерлер де бар.  Ал тексерістен өткен мемлекеттік қызметкерлердің 11 пайызын, яғни 130 адамды қызметі жағынан көтеру ұсынылды.  

Соңғы жаңалықтар