14:12, 10 Маусым 2016 | GMT +5
Мемлекеттік қызметкерлер өзіне тарту етілген сыйлықты мемлекеттік қорға тапсыруға міндетті
АСТАНА. ҚазАқпарат - Мемлекеттік қызметкерлер өзіне тарту етілген сыйлықты мемлекеттік қорға тапсыруға міндетті. Бұл туралы бүгін ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросы төрағасының орынбасары Алик Шпекбаев мәлім етті.

«Қолда бар заңнама бойынша, оларға сыйлық алуға тыйым салынған, алайда сыйлықты алуға тура келетін жағдайлар да ескерілген. Мысалы, халықаралық кездесулер кезінде тарту етілген кәдесыйды қабылдауға тура келеді. Дегенмен, мемқызметші оны 7 тәулік ішінде мемлекеттік қорға тапсыруға міндетті. Бізде ондай оқиғалар болды. Бұрынғы Ауыл шаруашылығы министрі және бірқатар лауазымды тұлғалар шетелдік әріптестерінің сыйлықтарын мемлекетке өткізген болатын», - деді ол бүгін ҚР ҰКП отырысында.
Ұлттық бюро төрағасының орынбасары атап өткеніндей, құны 2 АЕК-тен төмен сыйлықтарды алғаны үшін тәртіптік және әкімшілік жауапкершілік тағайындалады. Егер сыйлық ол межеден асып кетсе, сыйлық пара болып есептелінеді.