Мемлекеттік қызметкерлерді этникааралық қатынастар саласында жұмыс істеу технологиясына оқыту маңызды
«Кейде артық айтылған бір ауыз сөздің, кейде сауатсыз жарияланған бір ғана мақаланың, кейде сәтсіз шыққан телеарнадағы комментарийдің ақыры айтарлықтай проблема туғызуы мүмкін. Барлық деңгейдегі мемлекеттік қызметкерлердің мәдениеті, сарапшылар қауымдастығының мәдениеті, БАҚ мәдениеті, сондай-ақ оларды этникааралық қатынастармен қарым-қатынас дүниесіне оқыту - бұл төтенше маңызды мәселе. Егер мемлекеттің тұрақты дамуы туралы айтатын болсақ, онда бізге осы бағыттағы мемлекеттік саясатты жүзеге асыру үшін ортақ түсінік, ортақ алгоритм керек», - деді М. Тәжин. Оның айтуынша, бұл қағидатты мәселе. Сондықтан да, оны жедел шешу қажет. Бұл ретте Мемлекеттік хатшы ұлтаралық, этникааралық қатынастарды зерттейтін арнайы орталықтың Мемлекеттік басқару академиясында қызмет етіп жатқанын айта келе, бұл құрылымды одан әрі кеңейте түсудің қажеттілігіне тоқталып өтті. «Келешекте осы орталықтың базасында этникаралық қатынастарды зерттейтін, болжайтын мемлекеттік стратегиялық орталық құрған маңызды», - деді М. Тәжин.