Мемлекеттік қызметкерлердің Әдеп кодексін бұзу жағдайлары сиреді - Жазира Жылқышиева

АСТАНА. ҚазАқпарат - Елордалық мемлекеттік қызметкерлер әдеп нормасын бұзуды азайтты. Бұл туралы деді ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Астана қаласы бойынша департаментінің басшысы Жазира Жылқышиева елорда әкімдігінде өткен баспасөз мәслихатында мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
None
None

«2017 жылы Астанада мемлекеттік қызметкерлердің әдеп нормасына қатысты 54 мәселе қаралса, өткен жылы бұл көрсеткіш 33-ке азайды. Ал Әдеп кодексін бұзу оқиғасы бойынша өткен жылы 5 іс қозғалды, ал оның алдыңғы жылы 26 іс қаралған болатын. Одан бөлек, 2018 жылдың қорытындысы бойынша жергілікті атқарушы орган қызметкерлері арасында ішімдік қолдану оқиғасы тіркелмегендігін айтып өткен жөн», - деді ол.

Оның айтуынша, айтулы көрсеткішке себеп, мемлекеттік қызметкерлер арасында жүргізілген профилактикалық жұмыстардың нәтижесі.

«2017 жылы елордалық мемлекеттік қызметкерлер арасында мемлекеттік қызмет және әдеп нормасына қатысты 24 профилактикалық шара ұйымдастырылса, өткен жылы 34 шара өткізілді. Сонымен қатар, елордалық мемқызметкерлердің жалақысы 2,5 есеге өсірілді, бұл да қызметті адал атқаруға өз әсерін тигізеді», - деді Ж.Жылқышиева.

Одан бөлек, департамент басшысының дерегіне сүйенсек, қала әкімдігіне елордалық мемқызметкерлер үшін тұрғын үй несиесін беруде арнайы жеңілдіктер қарастыру ұсынылды және оларға қалалық Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасымен бірлесе отырып тегін медициналық тексеру ұйымдастырылды.

Бұған дейін хабарлағанымыздай Ж.Жылқышиева Астанада мемлекеттік органдарда 190 бос орын барын айтып өткен болатын.

Соңғы жаңалықтар