Мемлекеттік қызметкерлердің бос орындары есебінен Павлодар облысы 73 млн. теңге үнемдемек
ПАВЛОДАР. Сәуірдің 11-і. ҚазАқпарат /Вера Ливинцова/ - ҚР Үкіметінің лауазымды орындарға мораторий жариялауына байланысты Павлодар облысының бюджеті 73 млн. теңге үнемдейді,
деп хабарлайды ҚазАқпарат.Бүгінгі күнде аймақтағы түрлі мемлекеттік басқару құрылымдарында 120 орын бос тұр. Облыс басшыларының пікірінше, қазіргідей толық емес штаттық құрамның өзімен басқару аппараты жұмыс көлемін орындай алады.
Ендігі жерде мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорындар басшыларына төленетін сыйақы айырмашылығы үнемделетін болады. Облыстық қаржы басқармасының бастығы Батыржан Биғалиевтің сөзіне қарағанда, аталған мемлекеттік орган басшыларына қарызбен жұмыс істегеннің өзінде де қосымша төлемақылар беріліп келіпті.