Мемлекеттік қызметкерлерге қойылатын талап күшейтіледі - Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі агенттік

АСТАНА. Желтоқсанның 3-і. ҚазАқпарат /Айдар Оспаналиев/ - Мемлекет басшысының мемлекеттік қызметті жетілдіру мақсатында берген тапсырмалары негізінде Мемлекеттік қызмет істері агенттігі  бірқатар шараларды қолға алды.
None
None

Бұл мәселелер жөнінде бүгін«Мемлекеттік қызмет пен жаңа басқару шешімдерін құқықтық қамтамасыз ету» атты тақырыпта өткен дөңгелек үстел отырысында Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі агенттік төрағасының орынбасары Асқар Шоманов баяндады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Оның сөзіне қарағанда, қазіргі таңда агенттік төрағасының бұйрығымен мемлекеттік қызмет жүйесін жетілдіру жөнінде арнайы жұмыс комиссиясы құрылып, оның құрамына Президент әкімшілігі мен Үкімет кеңсесінің өкілдері және бірқатар министрліктер  мен Мемлекеттік басқару академиясының қызметкерлері енді. Жақында аталмыш комиссияның алғашқы отырысы өтіп, онда мемлекеттік қызмет жүйесін жетілдіруге қатысты бірқатар мәселелер талқыланған. «Нақтырақ айтқанда, комиссияда көтерілген мәселелер бойынша мемлекеттік қызметке іріктеуді жетілдіру үшін бірінші кезекте конкурстық процедуралары дамыту қажет болып отыр. Бұл орайда қазір болашақ мемлекеттік қызметкерлердің жеке бас ерекшеліктері мен біліктілік деңгейін бірдей анықтайтын жүйе енгізу жайы қарастырылуда. Сондай-ақ саяси және әкімшілік кадр резервін жасақтау жұмыстарын да жаңғырту қажет болып отыр. Жалпы алғанда,  бұл бағыттағы жұмыстарды біршама күрделендіру көзделіп отыр. Яғни мемлекеттік қызметке келетін азамат тек заңды білу жөнінде ғана емес, оның жеке бас ерекшеліктерін де анықтайтын тест тапсыратын болады», деді агенттік төрағасының орынбасары.

Соңғы жаңалықтар