Мемлекеттік қызметшілер арасында республикалық спартакиадада батысқазақстандықтар үшінші орынды иеленді (ФОТО)
БҚО дене шынықтыру және спорт басқармасынан түскен мәліметке қарағанда, батысқазақстандықтар екінші орынды иеленген Ақтөбе облысының құрамасынан бір ғана ұпайға қалып қойды. Жалпыкомандалық есепте Оңтүстік Қазақстан облысының мемлекеттік қызметшілері үздік шықты.
Жарыс спорттың тоғыз түрінен ұйымдастырылып, оған барлығы 10 команда қатысты. Батысқазақстандықтар жеңіл атлетикадан - бесінші, қол күресінен - үшінші, гір спортынан - сегізінші, жүзуден - екінші, шахматтан - төртінші, үстел теннисінен - үшінші, волейбол мен баскетболдан - төртінші, шағын футболдан үшінші орынға көтерілді.
Айта кетейік, осы жарыста құрамында Жәнібек ауданының әкімі Мұрат Мұқаев, аудандық жер қатынастары және ауыл шаруашылығы бөлімінің басшысы Роберт Биғалиев, БҚО табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасының бас маманы Лилия Сәрсенова бар үстел теннисі командасы өңір тарихында тұңғыш рет қола жүлдені қанжығаға байлады.