Мемлекеттік қызметшілер қатары жаңа толқынмен толықты

АСТАНА. 27 маусым. ҚазАқпарат - Бүгін Астанада Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясында Мемлекеттік саясаттың ұлттық мектебі (МСҰМ) мен Сот Төрелігі институтының түлектеріне диплом тапсыру салтанатты рәсімі өтті.
None
None

Шараға ҚР Президенті Әкімшілігі Басшысының орынбасары Бауыржан Байбек, ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің төрағасы Әлихан Бәйменов, ҚР Жоғарғы Сотының қылмыстық істер жөніндегі қадағалау алқасының төрағасы Ақылтай Қасымов, ҚР Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының ректоры Болатбек Әбдірасылов, сондай-ақ Дьюк университеті Сэнфорд мемлекеттік саясат мектебінің (АҚШ) өкілдері қатысты.

Академия ректоры Б. Әбдірасловтың айтуынша, бұл екі жоғары оқу орны еліміздегі алдыңғы қатарлы мемлекеттік қызметкерлерді даярлауда үлкен рөл атқарады.

МСҰМ-ның міндеті - мемлекеттік саясат пен мемлекеттік басқару саласында халықаралық талаптарға сай мемлекеттік қызметкерлердің жаңа буынын дайындау. Биыл 16 түлек осы мектептен түлеп ұшып отыр. Олардың барлығы МСҰМ-ның және Дьюк университетінің екі дипломын алып шығады.

Курстарды әріптес жоғары оқу орны Дьюк университетінің Сэнфорд мемлекеттік саясат ұлттық мектебінің профессорлары, ҚР министрліктері мен ведомстволарының бірінші басшылары, Парламент депутаттары және шетел елшілері жүргізеді.

Академияның Сот төрелігі институтын 69 адам тәмамдады, онда мамандандырылған магистратурада сот корпусына кадр резервін даярлайды.

 

Соңғы жаңалықтар