Мемлекеттік қызметшілер мен журналистер әлеуметтік желіні тиімді пайдалануды үйренді
АСТАНА. ҚазАқпарат - «Nur.kz» Республикалық интернет ресурсы алғашқы рет Талдықорғанда «Рухани жаңғыру. Заманауи БАҚ және әлеуметтік желілер» тақырыбында Workshop өткізді.
Workshop барысында жаңа Targeting, СЕО, SMM заманауи құралдарын пайдалана отырып, сапалы әрі тартымды және материал жазып, оның желіде оқылымын арттыру қалай жүзеге асырылатыны үйретілді. Бұл жөнінде толық мәліметті «Nur.kz» интернет ресурстың мемлекеттік мекемелермен жұмыс істеу директоры Ержан Сейтқазинов, SMM бөлімінің басшысы Дилара Толыбаева және жетекші редакторы Лейла Темірханқызы дәріс берді.
«Мемлекеттік мекеме мен БАҚ өкілдерінің негізгі мәселесі коммуникацияның орнатылмағандығында. Осы шараның арқасында бүгінгі таңдағы медиа кеңістікте ашықтық пен өзара ынтымақтастықта жүмыс жасау қаншалықты маңызды екенін түсінді деп ойлаймын», - деді «Nur.kz» интернет ресурсының жетекші редакторы Лейла Темірханқызы.
«NUR.KZ - республикалық интернет порталы 2009 жылдың 4 наурызында өз жұмысын бастап, қазақстандық интернет сегментіндегі ең танымал ақпараттық портал. Портал қазақстандық «Zero» рейтингі бойынша бірінші орында. Сондықтан да мемлекеттік мекеме қызметшілері мен журналистер аталған шара барысында өздерін қызықтырған сұрақтарға жауап алып, ғаламторда, нақтырақ айтсақ ақпараттық алаңда жұмыс жасауды үйренді.
«Көп жылдық еңбек өтілі бар журналист ретінде Workshop өте қызықты өтті дей аламын. Біз әлеуметтік желіде ресми парақшаларды жоғары деңгейде қалай жүргізу керектігін білдік. Осы шараның арқасында мемлекеттік мекеме қызметкерлері ақпараттық алаңдаңы жұмыстарын дұрыс көрсете алатынына сенемін», - деді Сандуғаш Дүйсенова.
Аталған шарада «Жақсы тақырып таңдай білу», «Оқылымды көбейту жолдары», «ТОП-5 кіру», «Рейтингті көтеру», «PR технологиялар», «Имидж қалыптастыру» тақырыптарында және пресс-релиз жазудың қыр-сыры, интернет журналистикасы жайлы ақпараттар беріліп, пікір алмасу болады.