Мемлекеттік қызметшілер салтанатты жағдайда ант берді

АСТАНА. Наурыздың 18-і. ҚазАқпарат /Айдын Бәймен/ - Бүгін Мәжілісте мемлекеттік қызметке жаңадан кіріскен мемлекеттік әкімшілік қызметкерлер салтанатты жағдайда ант берді,

Мемлекеттік қызметшілер салтанатты жағдайда ант берді
деп хабарлайды ҚазАқпарат.Мәжіліс Аппаратының 22 қызметкері «Мемлекеттік қызмет туралы» заңға сәйкес ант беріп, ресми түрде мемлекеттік қызмет жолын бастады. Осы салтанатты шараны кіріспе сөзбен ашқан Мәжіліс Аппараты басшысының орынбасары Сұлтан Әбенов Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың 1999 жылғы Жарлығына сәйкес Ант беру рәсімі жүзеге асырылып келе жатқанын айтты. Ант беру рәсіміне қатысушыларды Мәжіліс депутаты, Қаржы және бюджет комитетінің хатшысы Сансызбай Есілов құттықтап, мемлекеттік қызметті абыройлы атқару жолында жемісті еңбек етулеріне тілектестігін білдірді.