Мемлекеттік қызметшілер жұма күні еркін киіммен жұмысқа келуі мүмкін

АСТАНА. ҚазАқпарат - Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінде дресс-кодсыз жұма тәжірибесі пилоттық режимде енгізілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
None
None

«Биыл агенттікте Casual Friday, яғни дресс-кодсыз жұма тәжірибесі басталады. Корпоративтік секторда бұл бастама жақсы қабылданады, кей өңірлерде бірнеше мәселе туындады, оларды шешеміз деген үміттемін. Бұл да мемлекеттік қызметті жеңілдету, қарапайым әрі сенімді қарым-қатынас құру және маманның әлеуетін ашу үшін маңызды», - деді Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы Алик Шпекбаев агенттік алқасының кеңейтілген отырысында.

Агенттік басшысы отырыста мемлекеттік қызметшілердің жұмыс пен жеке өмір теңгерімі туралы тағы бір маңызды мәселені көтерді.

«Мемлекеттік қызметшілер 18:30-да жұмыс күнін аяқтап, бос уақытын отбасы мен тұлғалық дамуына арнауы тиіс. Бұл туралы Мемлекет басшысы бірнеше рет айтты. Спорт пен өзге де қызықты шаралар зиянды әдеттерден, бос сауық пен алкоголь тұтынудан аулақ болуға ықпал етеді», - деді А. Шпекбаев.

Соңғы жаңалықтар