Мемлекеттік қызметшілерді тестілеудің нәтижелерін қатаң есептегі бланкілерде беру енгізілуде

АСТАНА. 2 тамыз. ҚазАқпарат - 1 тамыздан бастап ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің төрағасы Әлихан Бәйменовтың «ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі және оның аумақтық бөлімшелерінде тестілеу процедурасын ұйымдастырудың кейбір мәселелері туралы» бұйрығы күшіне енді.

Мемлекеттік қызметшілерді тестілеудің нәтижелерін қатаң есептегі бланкілерде беру енгізілуде

Бұйрыққа сәйкес, Агенттіктің және оның аумақтық бөлімшелерінде жүргізілетін тестілеу нәтижелерін қатаң есептегі бланкілерде беру жоспарланып отыр.

Ведомствоның баспасөз қызметінің хабарлауынша, осыған байланысты «Мемлекеттік қызметтің персоналын басқару ұлттық орталығы» АҚ және агенттіктің Мемлекеттік қызметті кадрлық қамтамасыз ету департаментіне қатаң есептегі бланкілерді қолданысқа енгізу және тестілеу бойынша бағдарламамен қамтамасыз етуіне өзгерістер енгізу мәселелерін пысықтау тапсырылды.

Орталықтандырылған тәртіп бойынша баспаханалық тәсілмен жасалған қатаң есептегі бланкілер енгізілгенге дейін қатаң есептегі уақытша бланкілер енгізіледі. Тестілеудің нәтижелері бланктің серия мен нөмірі көрсетіліп тестілеу нәтижелерін есептеу журналына тіркеледі. Қатаң есептегі бланктерді есепке алу және аталған журналды жүргізу агенттіктің және оның аумақтық бөлімшелерінің тестілеу әкімшілеріне жүктелді.

Агенттік төрағасының тапсырмасымен ведомствоның Ішкі бақылау қызметі жүргізген тексерістің барысында осы кезге дейін мемлекеттік қызметшілерді тестілеу нәтижелері жай ақ қағазда шығарылып берілетіні, сонымен қатар, агенттіктің кейбір аумақтық бөлімшелерінде тестілеу нәтижелерін есепке алу жұмысы жеткілікті жүргізілмегені анықталды. Бұл сыбайлас жемқорлыққа қатысты құқық бұзушылыққа жағдай туғызады.

Аталған бұйрық тестілеу процедурасын ұйымдастыруды әрі қарай жетілдіру мақсатында шығарылды. Елбасымен бекітілген ҚР мемлекеттік қызметі жаңа моделінің тұжырымдамасы аясында осы бағытта кешенді іс-шараларды жүзеге асыру жоспарланып отыр.