15:40, 26 Наурыз 2013 | GMT +5
Мемлекеттік қызметте «бастық» болмайды
АСТАНА. 26 наурыз. ҚазАқпарат - Еліміздегі мемлекеттік қызмет тізілімінен «бастық» сөзі алынып тасталды. Бұл туралы Астанада ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінің дәстүрлі апталық брифингінде Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің төрағасы Әлихан Бәйменов осылай мәлім етті.

«Тоқтала кететін жайт, «бастық» сөзі тек «ҚР Президенті кеңсесінің бастығы» лауазымында ғана қалып, қалған тізілімнен толығымен алынып тасталды. Яғни, қалған барлық азаматтық және мемлекеттік қызмет лауазымдарындағы тізілімде «бастық» сөзі қазірдің өзінде қолданылмайды. Дегенмен, «бастық» термині құқық қорғау жүйесінде, Қорғаныс министрлігінде сақталып қалады. Өйткені, бұнда өзара байланыстың басқа сипаты, мемлекеттік қызметшілер мен басшылар арасындағы қарым-қатынастың басқаша қағидаларға негізделгені көрініп тұр», - дейді агенттік төрағасы.
«Шынында да «бастық» сөзі теріс ұғымға айналып кеткен. Сол себептен де мемлекеттік қызметші лауазымындағы жаңа тізілімде бастық сөзі жоқ», - деді ол.