Мемлекеттік қызметтер қазақстандықтар үшін кез келген ХҚКО-да қолжетімді болады - Көлік және коммуникация министрлігі

АСТАНА. 19 желтоқсан. ҚазАқпарат - Астана мен Алматы ХҚКО-ларында тіркелу ауданына қарамастан куәландыру құжаттарын беру жобасы ілкі жоба аясында іске қосылды.

Мемлекеттік қызметтер қазақстандықтар үшін кез келген ХҚКО-да қолжетімді болады - Көлік және коммуникация министрлігі

Бұл туралы Көлік және коммуникация министрлігінің баспасөз қызметінен хабарлады.

ХҚКО-да тіркелу ауданына қарамастан және аумақтан тысқарылық принципі бойынша азаматтарға қызмет көрсетуді тұрғындар арасында ең талап етілген мемлекеттік қызметтерге қолдану ұйғарылып отыр. Қазір екі қаланың тұрғындары ноу-хау мүмкіндіктерін төлқұжат пен жеке куәлікті алу кезінде пайдалана алады.

«Астана және Алматы тұрғындары қазірден бастап өздерінің қаласындағы кез келген ХҚКО-ға куәландіру құжатын алу үшін бара алады. Мемлекеттік қызметті алу үшін оларға мекен-жай анықтамасын көрсетудің қажеті жоқ. Осылайша аумақтан тысқарылық принципі мемлекеттік қызметтерді алу шартын жеңілдетіп қана қоймай, сонымен бірге тұрғындардың ақшалай шығындарын үнемдейді» - дейді Көлік және коммуникация вице-министрі Сәкен Сәрсенов.

Сонымен бірге ол келешекте аумақтан тысқарылық принципін ең талап етілген қызметтерге қолдану және басқа қалаларда енгізу жоспарланғанын айтты.