Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасына қоғамдық мониторинг жүргізіледі - Заң жобасы

Аталған құжат мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы қоғамдық қатынастарды заңнамалық тұрғыдан реттеуді, оларды көрсету тәртібіне қойылатын біркелкі талаптарды қамтамасыз етуді көздейді.
Сонымен қатар, құжат бойынша мемлекеттік органдардың көрсетілетін қызметтер саласындағы өкілеттіктерінің аражігі нақты ажыратылып, осындай қызметтерді оның ішінде электрондық нысанда көрсету рәсімін жетілдіру қарастырылады.
Бұдан бөлек, мемлекеттік қызметтерді халыққа қызмет көрсету орталықтары арқылы электрондық нысанда көрсету тәртібін айқындау шаралары нақтыланады.
Сондай-ақ мемлекеттік қызметтер көрсету сапасына қоғамдық мониторинг жүргізу енгізіледі және оның тәртібі регламенттеледі.
Жалпы алғанда, құжатты қабылдау мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы заңнаманы жетілдіруге және жүйелендіруге, заңнамадағы құқықтық олқылықтардың орнын толтыруға, мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын арттыруға ықпал етеді.