Мемлекеттік қызметтер стандарттарын бекіту туралы бұйрыққа өзгеріс енгізілді - Қаржы министрлігі
АСТАНА. ҚазАқпарат - "Қазақстан Республикасының мемлекеттік кірістер органдары көрсететін мемлекеттік қызметтер стандарттарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 27 сәуірдегі № 284 бұйрығына өзгерістер енгізілді. ҚазАқпарат оқырман назарына құжат мәтінін ұсынады.
***
Қазақстан Республикасы
Қаржы министрлігінің бұйрығы.
2017 жылғы 6 наурыз № 150 Астана қаласы
"Қазақстан Республикасының мемлекеттік кірістер органдары көрсететін мемлекеттік қызметтер стандарттарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 27 сәуірдегі № 284 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
БҰЙЫРАМЫН:
1. "Қазақстан Республикасының мемлекеттік кірістер органдары көрсететін мемлекеттік қызметтер стандарттарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 27 сәуірдегі № 284 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11273 болып тіркелген, 2015 жылғы 25 маусымда "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
1-тармақта:
8) және 40) тармақшалар алып тасталсын;
көрсетілген бұйрықпен бекітілген, "Салық төлеушілерді тіркеу" мемлекеттік қызмет көрсету стандартында:
4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"4. Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімдері:
1) салық төлеуші туралы мәліметтерді салық төлеушілердің мемлекеттік дерекқорға (бұдан әрі - СТ МДҚ) енгізу - тіркеу есебіне қою туралы салықтық өтінішті алған күннен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде;
2) салық төлеушінің тіркеу деректеріне өзгертулер енгізу - тіркеу есебіне қою туралы салықтық өтінішті алған күннен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде;
Мемлекеттік корпорацияға жүгінген кезде қабылдау күні мемлекеттік қызмет көрсету мерзіміне кірмейді;
3) көрсетілетін қызметті алушының құжаттар топтамасын тапсыруы үшін күтудің рұқсат берілетін ең ұзақ уақыты - көрсетілетін қызметті берушіге - 20 (жиырма) минут, Мемлекеттік корпорацияда - 15 (он бес) минут;
4) көрсетілетін қызметті алушыға көрсетілетін қызметті берушінің қызмет көрсетуінің рұқсат берілетін ең ұзақ уақыты - 20 (жиырма) минут, Мемлекеттік корпорацияда - 15 (он бес) минут.";
9-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"9. Көрсетілетін қызметті алушы не оның өкілі нотариалды куәландырылған сенімхат бойынша жүгінген кезде мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті құжаттар тізбесі:
көрсетілетін қызметті берушіге немесе Мемлекеттік корпорацияға:
СТ МДҚ-на резидент емес туралы мәліметтерді енгізу үшін:
1) осы мемлекеттік қызмет көрсету стандартына 1-қосымшаға сәйкес салықтық өтініш;
2) осы мемлекеттік қызметтер стандартына 5-қосымшаға сәйкес құжаттар тізбесі;
СТ МДҚ-да тіркеу деректеріне өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізу үшін:
1) осы мемлекеттік қызметтер стандартына 1-қосымшаға сәйкес салықтық өтініш;
2) СТ МДҚ-да заңды тұлғаның басшысы туралы көрсетілетін қызметті алушының тіркеу деректеріне өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізу үшін - заңды тұлғаның қатысушыларының (акционерлерінің) жалпы жиналысының немесе бір қатысушыдан (акционерден) тұратын заңды тұлғаның бір қатысушының (акционердің) шешімінің нотариалды куәландырылған көшірмесі;
3) СТ МДҚ-да заңды тұлғаның құрылымдық бөлімшесінің басшысы туралы көрсетілетін қызметті алушының тіркеу деректеріне өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізу үшін - заңды тұлғаның уәкілетті органының заңды тұлғаның құрылымдық бөлімшесінің басшысын тағайындау туралы шешімінің не оның өкілеттігін растайтын өзге құжаттың нотариалды куәландырылған көшірмесі;
СТ МДҚ-нан салық төлеушілерді алып тастау үшін:
1) осы мемлекеттік қызметтер стандартына 2, 3 және 4-қосымшаларға сәйкес салықтық өтініш;
2) Қазақстан Республикасының резиденті заңды тұлғаның, оның филиалдарының, өкілдіктерінің таратылуына, заңды тұлғаның қайта ұйымдастырылуына, резидент емес заңды тұлғаның құрылымдық бөлімшесі, Қазақстан Республикасының аумағында филиалын, өкілдігін ашпай қызметін жүзеге асыратын резидент емес заңды тұлғаның қызметінің тоқтатылуына байланысты тарату салықтық есептілігі;
3) құжаттық тексеру аяқталғаннан және бюджет алдындағы берешегі өтелгеннен кейін - Қазақстан Республикасының резиденті заңды тұлғаның таратылуына, қайта ұйымдастырылуына, резидент емес заңды тұлғаның құрылымдық бөлімшесі қызметінің тоқтатылуына байланысты тарату балансы;
4) құжаттық тексеру аяқталғаннан кейін бөліну жолымен Қазақстан Республикасының резиденті заңды тұлғаның қайта ұйымдастырылуына байланысты бөліну балансы;
5) Қазақстан Республикасының резиденті заңды тұлғаның құрылымдық бөлімшесі қызметінің тоқтатылуына байланысты Қазақстан Республикасының резидент заңды тұлғаның құрылымдық бөлімшенің қызметін тоқтату туралы шешімінің көшірмесі;
6) Қазақстан Республикасының резиденті заңды тұлғаның оңайлатылған тәртіпте таралуына байланысты бақылау-кассалық машинаны есептен шығару туралы салықтық өтініші;
7) Қазақстан Республикасының резиденті заңды тұлға қосылу, бірігу, бөлініп шығу жолымен қайта ұйымдастырылған кездегі тапсыру актісі.
Егер Қазақстан Республикасының резиденті заңды тұлғаның қызметі тоқтатылатын құрылымдық бөлімшесі салықты, төлемақыларды, міндетті зейнетақы жарналарын және әлеуметтік аударымдарды дербес төлеуші болып танылмаған жағдайда, тарату салықтық есептілігі табыс етілмейді.
Қызметті алушының жеке басын сәйкестендіру үшін жеке басын куәландыратын құжат көрсетіледі.
Көрсетілетін қызметті берушіге жүгінген кезде көрсетілетін қызметті алушы құжаттар топтамасының қабылданған күні мен уақыты көрсетіле отырып, құжаттар топтамасын қабылдағаны туралы белгісі бар талонды алады.
Құжаттарды Мемлекеттік корпорация арқылы қабылдаған кезде көрсетілетін қызметті алушыға тиісті құжаттарды қабылдағаны туралы қолхат беріледі.
Почта арқылы жүгінген кезде көрсетілетін қызметті беруші почта хабарламасына белгі қояды.
Құжаттарды қабылдау кезінде қызмет беруші, осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 9-тармағында көрсетілген құжаттардың түпнұсқасын табыс етуді қоспағанда, Мемлекеттік корпорация құжаттардың көшірмесін түпнұсқамен салыстырып тексереді, одан кейін көрсетілетін қызметті алушыға түпнұсқасын қайтарады.
Мемлекеттік корпорация дайын құжаттарды беру тиісті құжаттарды қабылдағаны туралы қолхат негізінде жеке басын куәландыратын құжатты көрсеткен жағдайда жүзеге асырылады.
Көрсетілетін қызметті алушылардан ақпараттық жүйелерден алынуы мүмкін құжаттарды талап етуге жол берілмейді.
Мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу кезінде, көрсетілетін қызметті алушы, егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, ақпараттық жүйелерде қамтылған, заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға жазбаша келісімін береді.
Мемлекеттік корпорация көрсетілетін қызметті алушы жүгінбеуі себебінен уақытылы берілмеген құжаттардың бір ай сақталуын қамтамасыз етеді, одан кейін оларды көрсетілетін қызметті берушіге сақтауға береді. Бір ай мерзім өткеннен кейін көрсетілетін қызметті алушы жүгінген кезде Мемлекеттік корпорацияның сұрауы бойынша көрсетілетін қызметті беруші бір күн ішінде дайын құжаттарды Мемлекеттік корпорацияға көрсетілетін қызметті алушыға беру үшін жолдайды;
порталға:
осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 1-қосымшаға сәйкес электрондық құжат нысанындағы салықтық өтінішін - бюджетпен есеп айырысу бойынша жауапты қызметкер, көрсетілетін қызметті алушының телефон нөмірі, электрондық почта мекенжайы туралы мәліметтерге өзгерістер мен (немесе) толықтырулар енгізу үшін.
Көрсетілетін қызмет берушінің қызметкері мемлекеттік ақпараттық жүйелерде бар жеке басын куәландыратын құжаттар туралы, заңды тұлға ретінде тіркеу (қайта тіркеу) туралы, дара кәсіпкер ретінде мемлекеттік тіркеу туралы мәліметтерді тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден алады.
Портал арқылы жүгінген жағдайда көрсетілетін қызметті алушыға мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижесін алу күні мен уақытын көрсете отырып, мемлекеттік қызметті көрсету үшін сұрау салудың қабылданғаны туралы мәртебесі жіберіледі.
Қазақстан Республикасының резидент-заңды тұлғасының, оның құрылымдық бөлімшесінің, Қазақстан Республикасының резидент емес заңды тұлғасының құрылымдық бөлімшесінің басшысы туралы мәліметтердің өзгеруі тіркеу есебіне қою туралы салықтық өтініштің негізінде жүзеге асырылады.
Қазақстан Республикасының резидент-заңды тұлғасының басшысы туралы мәліметтерді өзгерту үшін ұсынылған салықтық өтініште заңды тұлға қатысушыларының (акционерлерінің) жалпы жиналыстарының немесе бір қатысушыдан (акционерден) тұратын заңды тұлғаның (акционердің) бір қатысушысының заңды тұлғаның атқарушы органын тағайындау туралы шешімдерінің нотариалды куәландырылған көшірмелері қоса беріледі.
Заңды тұлғаның құрылымдық бөлімшесінің басшысы туралы мәліметтерді өзгерту үшін ұсынылған салықтық өтініште заңды тұлғаның уәкілетті органының заңды тұлғаның құрылымдық бөлімшенің басшысын тағайындау туралы шешімінің не оның өкілеттігін растайтын өзге де құжаттың нотариалды куәландырылған көшірмелері қоса беріледі.
Бұл ретте резидент-заңды тұлға, құрылымдық бөлімше, резидент емес-заңды тұлғаның құрылымдық бөлімше басшысының салық өтініші келу тәртібінде беріледі. Салықтық өтінішті берген кезде "Салықтық өтініштердің нысандарын бекіту туралы" 2014 жылғы 31 желтоқсандағы № 604 Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10175 болып тіркелген) бекітілген нысан бойынша тіркеу есебіне қою туралы салықтық өтінішке 3-қосымшаға сәйкес сауалнама толтырылады.
Келу тәртібінде салықтық өтінішті ұсыну бойынша міндеттеме қосылған құн салығын төлеуші болып табылмайтын тұлғаларға және электрондық шот-фактуралар ақпараттық жүйесінің қатысушыларына қолданылмайды.";
10-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"10. Көрсетілетін қызметті алушының және (немесе) мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті ұсынылған материалдардың, объектілердің, деректердің және мәліметтердің Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінде белгіленген талаптарға сәйкес келмеуі мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту үшін негіздеме болып табылады.
Мемлекеттік корпорациясына жүгінген кезде көрсетілетін қызметті алушы осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 9-тармағымен көзделген тізбеге сәйкес толық құжаттар топтамасын табыс етпеген жағдайда, Мемлекеттік корпорациясының қызметкері өтінішті қабылдаудан бас тартады және осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 6-қосымшаға сәйкес нысан бойынша құжаттарды қабылдаудан бас тарту туралы қолхат береді.";
салық төлеушілердің мемлекеттік деректер қорына көрсетілетін қызметті алушылар (резидент еместер) туралы мәліметтер енгізу үшін қажетті құжаттар мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 5-қосымшаға сәйкес осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын;
көрсетілген бұйрықпен бекітілген "Қосылған құн салығын төлеушілерді тіркеу есебі" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартында:
9-тармақтың 3) тармақшасы алып тасталсын;
көрсетілген бұйрықпен бекітілген "Электрондық салық төлеуші ретінде тіркеу есебі" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартында:
9-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"9. Көрсетілетін қызметті алушыне нотариалды куәландырылған сенімхаты бойынша оның өкілі жүгінген кезде мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті құжаттар тізбесі:
көрсетілетін қызметті берушіге немесе Мемлекеттік корпорацияға:
осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына қосымшаға сәйкес нысан бойынша салықтық өтініш.
Көрсетілетін қызметті алушының жеке басын сәйкестендіру үшін жеке басын куәландыратын құжат көрсетіледі.
Көрсетілетін қызметті берушіге жүгінген кезде көрсетілетін қызметті алушы құжаттар топтамасының қабылданған күні мен уақыты көрсетіле отырып, құжаттар топтамасын қабылдағаны туралы белгісі бар талонды алады.
Құжаттарды Мемлекеттік корпорация арқылы қабылдаған кезде көрсетілетін қызметті алушыға тиісті құжаттарды қабылдағаны туралы қолхат беріледі.
Құжаттарды қабылдау кезінде көрсетілетін қызметті беруші Мемлекеттік корпорация құжаттардың көшірмесін түпнұсқамен салыстырып тексереді, одан кейін көрсетілетін қызметті алушыға түпнұсқасын қайтарады.
Мемлекеттік корпорация дайын құжаттарды беру тиісті құжаттарды қабылдағаны туралы қолхат негізінде жеке басын куәландыратын құжатты көрсеткен жағдайда жүзеге асырылады.
Мемлекеттік көрсетілетін қызметті Мемлекеттік корпорация арқылы алған жағдайда, көрсетілетін қызметті алушы, егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, Мемлекеттік корпорация ұсынған нысан бойынша ақпараттық жүйелерде қамтылған, заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға жазбаша келісімін береді;
порталға:
электрондық құжат нысанындағы салықтық өтініш.
Көрсетілетін қызмет берушінің қызметкері мемлекеттік ақпараттық жүйелерде бар жеке басын куәландыратын құжаттар туралы, заңды тұлға ретінде тіркеу (қайта тіркеу) туралы, дара кәсіпкер ретінде мемлекеттік тіркеу туралы мәліметтерді тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден алады.
Көрсетілетін қызметті алушылардан ақпараттық жүйелерден алынуы мүмкін құжаттарды талап етуге жол берілмейді.
Портал арқылы жүгінген жағдайда көрсетілетін қызметті алушыға мемлекеттік қызметті көрсету үшін сұрау салудың қабылданғаны туралы мәртебесі жіберіледі.";
10-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"10. Көрсетілетін қызметті алушының және (немесе) мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті ұсынылған материалдардың, объектілердің, деректердің және мәліметтердің Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінде белгіленген талаптарға сәйкес келмеуі мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту үшін негіздеме болып табылады.
Мемлекеттік корпорациясына жүгінген кезде көрсетілетін қызметті алушы осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 9-тармағымен көзделген тізбеге сәйкес толық құжаттар топтамасын табыс етпеген жағдайда, Мемлекеттік корпорациясының қызметкері өтінішті қабылдаудан бас тартады және осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша құжаттарды қабылдаудан бас тарту туралы қолхат береді.";
көрсетілген бұйрықпен бекітілген "Мұнай өнімдерінің жекелеген түрлерін өндірушілерге (импорттаушыларға), сондай-ақ акцизделетін өнімдердің кейбір түрлерін, авиациялық отын мен мазут өндірушілер мен импорттаушылардың тауарларына дербес сәйкестендіру нөмірін (ДСН-код) беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартында:
10-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"10. Көрсетілетін қызметті алушының және (немесе) мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті ұсынылған материалдардың, объектілердің, деректердің және мәліметтердің Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінде белгіленген талаптарға сәйкес келмеуі мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту үшін негіздеме болып табылады.
Мемлекеттік корпорациясына жүгінген кезде көрсетілетін қызметті алушы осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 9-тармағымен көзделген тізбеге сәйкес толық құжаттар топтамасын табыс етпеген жағдайда, Мемлекеттік корпорациясының қызметкері өтінішті қабылдаудан бас тартады және осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша құжаттарды қабылдаудан бас тарту туралы қолхат береді.";
көрсетілген бұйрықпен бекітілген "Темекі өнімдерінің өндірісіне лицензия беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартында:
9-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"9. Көрсетілетін қызметті алушы, не нотариалды куәландырылған сенімхаты бойынша оның өкілі жүгінген кезде мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті құжаттар тізбесі:
көрсетілетін қызметті берушіге:
1) лицензияны алу үшін:
осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 1 немесе 2-қосымшаға сәйкес өтініш;
ЭҮТШ арқылы төленген жағдайларды қоспағанда, лицензиялық алымның бюджетке төленгенін растайтын құжаттың көшірмесі;
темекі өнімдерін өндіруші әзірлеген және толтырған өндіріс паспорты;
аталған шарттарды бір жылдан аз мерзімге жасаған жағдайда жалға беру немесе өтеусіз пайдалану шартының көшірмесі;
осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 3-қосымшаға сәйкес темекі өнімдерін өндіру жөніндегі қызметті жүзеге асыру үшін қойылатын біліктілік талаптарына мәліметтер нысандары;
2) лицензияны қайта ресімдеу үшін:
осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 4 немесе 5-қосымшаға сәйкес өтініш;
ЭҮТШ арқылы төленген жағдайларды қоспағанда, лицензиялық алымның бюджетке төленгенін растайтын құжат;
мемлекеттік ақпараттық жүйелерде бар құжаттарды қоспағанда, лицензияны қайта ресімдеу үшін негіз болатын өзгерістер туралы ақпаратты қамтитын құжаттардың көшірмелері;
3) лицензия жоғалған, бүлінген жағдайда көрсетілетін қызметті алушы лицензияның телнұсқасын алуға, порталдағы тиісті ақпараттық жүйелерден лицензия туралы мәліметтерді алу мүмкіндігі болмаған жағдайда ғана мынадай құжаттарды ұсына отырып жүгінеді:
еркін нысандағы өтініш;
ЭҮТШ арқылы төленген жағдайларды қоспағанда, лицензиялық алымның бюджетке төленгенін растайтын құжаттың көшірмелері.
Көрсетілетін қызметті алушының жеке басын сәйкестендіру үшін жеке басын куәландыратын құжат көрсетіледі.
Көрсетілетін қызметті берушіге жүгінген кезде көрсетілетін қызметті алушы құжаттар топтамасының қабылданған күні мен уақыты көрсетіле отырып, құжаттар топтамасын қабылдағаны туралы белгісі бар талонды алады;
Мемлекеттік корпорацияға:
1) лицензияны алу үшін:
осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 1 немесе 2-қосымшаларға сәйкес өтініш;
ЭҮТШ арқылы төленген жағдайларды қоспағанда, лицензиялық алымның бюджетке төленгенін растайтын құжат;
темекі өнімдерін өндіруші әзірлеген және толтырған өндіріс паспорты;
аталған шарттарды бір жылдан аз мерзімге жасаған жағдайда жалға беру немесе өтеусіз пайдалану шарты;
осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 3-қосымшаға сәйкес темекі өнімдерін өндіру жөніндегі қызметті жүзеге асыру үшін қойылатын біліктілік талаптарына мәліметтер нысандары;
2) лицензияны қайта ресімдеу үшін:
осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 4 немесе 5-қосымшаға сәйкес өтініш;
ЭҮТШ арқылы төленген жағдайларды қоспағанда, лицензиялық алымның бюджетке төленгенін растайтын құжат;
мемлекеттік ақпараттық жүйелерде бар құжаттарды қоспағанда, лицензияны қайта ресімдеу үшін негіз болатын өзгерістер туралы ақпаратты қамтитын құжаттар;
3) лицензия жоғалған, бүлінген жағдайда көрсетілетін қызметті алушы лицензияның телнұсқасын алуға, порталдағы тиісті ақпараттық жүйелерден лицензия туралы мәліметтерді алу мүмкіндігі болмаған жағдайда ғана мынадай құжаттарды ұсына отырып жүгінеді:
еркін нысандағы өтініш;
ЭҮТШ арқылы төленген жағдайларды қоспағанда, лицензиялық алымның бюджетке төленгенін растайтын құжат.
Көрсетілетін қызметті алушының жеке басын сәйкестендіру үшін жеке басын куәландыратын құжат көрсетіледі.
Құжаттарды Мемлекеттік корпорация арқылы қабылдаған кезде көрсетілетін қызметті алушыға тиісті құжаттарды қабылдағаны туралы қолхат беріледі.
Құжаттарды қабылдау кезінде Мемлекеттік корпорациясы құжаттардың электрондық көшірмесін түпнұсқамен салыстырып тексереді, содан кейін түпнұсқасын көрсетілетін қызметті алушыға қайтарады.
Егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмеген жағдайда, мемлекеттік қызметті көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушы ақпараттық жүйелерде бар, заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға жазбаша келісімін береді.
Мемлекеттік корпорациясында дайын құжаттарды беру тиісті құжаттардың қабылданғаны туралы қолхат негізінде жеке басын куәландыратын құжатты (не болмаса нотариалды куәландырылған сенімхаты бойынша оның өкілі) көрсеткен жағдайда жүзеге асырылады.
Мемлекеттік корпорация көрсетілетін қызметті алушы жүгінбеуі себебінен уақытылы берілмеген құжаттардың бір ай сақталуын қамтамасыз етеді, одан кейін оларды көрсетілетін қызметті берушіге сақтауға береді. Бір ай мерзім өткеннен кейін көрсетілетін қызметті алушы жүгінген кезде Мемлекеттік корпорацияның сұрауы бойынша көрсетілетін қызметті беруші бір күн ішінде дайын құжаттарды Мемлекеттік корпорацияға көрсетілетін қызметті алушыға беру үшін жолдайды;
порталға:
1) лицензияны алу үшін:
осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 1 немесе 2-қосымшаларға сәйкес электрондық құжат нысанындағы өтініш;
ЭҮТШ арқылы төленген жағдайларды қоспағанда, лицензиялық алымның бюджетке төленгенін растайтын құжаттың электрондық көшірмесі;
темекі өнімдерін өндіруші әзірлеген және толтырған өндіріс паспортының электрондық көшірмесі;
аталған шарттарды бір жылдан аз мерзімге жасаған жағдайда жалға беру немесе өтеусіз пайдалану шартының электрондық көшірмесі;
электрондық құжат нысанындағы темекі өнімдерін өндіру жөніндегі қызметті жүзеге асыру үшін қойылатын біліктілік талаптарына мәліметтер нысандары;
2) лицензияны қайта ресімдеу үшін:
осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 4 немесе 5-қосымшаға сәйкес электрондық құжат нысанындағы өтініш;
ЭҮТШ арқылы төленген жағдайларды қоспағанда, лицензиялық алымның бюджетке төленгенін растайтын құжаттың электрондық көшірмесі;
мемлекеттік ақпараттық жүйелерде бар құжаттарды қоспағанда, лицензияны қайта ресімдеу үшін негіз болатын өзгерістер туралы ақпаратты қамтитын құжаттардың көшірмелері;
Мемлекеттік ақпараттық жүйелерде қамтылған жеке басын куәландыратын құжаттар туралы, заңды тұлға ретінде тіркеу (қайта тіркеу) туралы, дара кәсіпкер ретінде мемлекеттік тіркеу туралы, құқық белгілейтін құжаттар туралы мәліметтерді уәкілетті орган тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден портал арқылы уәкілетті лауазымды адамдардың ЭЦҚ-мен куәландырылған электрондық құжат нысанында алады.
Көрсетілетін қызметті алушылардан ақпараттық жүйелерден алынуы мүмкін құжаттарды талап етуге жол берілмейді.
Көрсетілетін қызметті беруші, егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, мемлекеттік қызметтер көрсету кезінде ақпараттық жүйелерде қамтылған, заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға көрсетілетін қызметті алушының келісімін алады.
Портал арқылы жүгінген жағдайда көрсетілетін қызметті алушыға мемлекеттік қызметті көрсету үшін сұрау салудың қабылданғаны туралы мәртебесі жіберіледі.";
темекі өнімдерін өндіру жөніндегі қызметті жүзеге асыру үшін қойылатын біліктілік талаптарына мәліметтер нысандары мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына қосымшаға сәйкес осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын;
көрсетілген бұйрықпен бекітілген "Этил спиртінің өндірісіне лицензия беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартында:
6-тармақтың төртінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
"Көрсетілетін қызметті алушы Мемлекеттік корпорацияға қағаз тасымалдағышта жүгінген кезде көрсетілетін қызметті берушінің лауазымды адамының ЭЦҚ-мен куәландырылған мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі басып шығарылады, және көрсетілетін қызметті алушыға қағаз тасымалдағышта беріледі.";
9-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"9. Көрсетілетін қызметті алушы, не нотариалды куәландырылған сенімхаты бойынша оның өкілі жүгінген кезде мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті құжаттар тізбесі:
көрсетілетін қызметті берушіге:
1) лицензияны алу үшін:
осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 1 немесе 2-қосымшаға сәйкес өтініш;
ЭҮТШ арқылы төленген жағдайларды қоспағанда, лицензиялық алымның бюджетке төленгенін растайтын құжаттың көшірмесі;
этил спиртін өндіруші әзірлеген және толтырған өндіріс паспорты;
этил спиртінің қажетті көлемін өндіруге мүмкіндік беретін жабдықтың пайдалану - техникалық сипаттамасын қамтитын жабдықтың паспорттарының көшірмелерін қоса бере отырып, өтініш беруші жүргізетін өндірістік қуат есебінің көшірмесі;
ұйымның теңгеріміне технологиялық жабдықты қабылдау туралы бухгалтерлік (есептік) құжаттардың көшірмелері;
осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 3-қосымшаға сәйкес этил спиртін өндіру саласындағы қызметті жүзеге асыру үшін қойылатын біліктілік талаптарына мәліметтер нысандары;
2) лицензияны қайта ресімдеу үшін:
осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 4 немесе 5-қосымшаға сәйкес өтініш;
ЭҮТШ арқылы төленген жағдайларды қоспағанда, лицензиялық алымның бюджетке төленгенін растайтын құжат;
мемлекеттік ақпараттық жүйелерде бар құжаттарды қоспағанда, лицензияны қайта ресімдеу үшін негіз болатын өзгерістер туралы ақпаратты қамтитын құжаттардың көшірмелері;
3) лицензия жоғалған, бүлінген жағдайда көрсетілетін қызметті алушы лицензияның телнұсқасын алу үшін көрсетілетін қызметті берушіге немесе Мемлекеттік корпорацияға парталдағы тиісті ақпараттық жүйелерден лицензия туралы мәліметтерді алу мүмкіндігі болмаған жағдайда ғана мынадай құжаттарды ұсына отырып жүгінеді:
еркін нысандағы өтініш;
ЭҮТШ арқылы төленген жағдайларды қоспағанда, лицензиялық алымның бюджетке төленгенін растайтын құжаттың көшірмесі.
Көрсетілетін қызметті алушының жеке басын сәйкестендіру үшін жеке басын куәландыратын құжат көрсетіледі.
Көрсетілетін қызметті берушіге жүгінген кезде көрсетілетін қызметті алушы құжаттар топтамасының қабылданған күні мен уақыты көрсетіле отырып, құжаттар топтамасын қабылдағаны туралы белгісі бар талонды алады.
Мемлекеттік корпорацияға:
1) лицензияны алу үшін:
осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 1 немесе 2-қосымшаларға сәйкес өтініш;
ЭҮТШ арқылы төленген жағдайларды қоспағанда, лицензиялық алымның бюджетке төленгенін растайтын құжат;
этил спиртін өндіруші әзірлеген және толтырған өндіріс паспорты;
этил спиртінің қажетті көлемін өндіруге мүмкіндік беретін жабдықтың пайдалану - техникалық сипаттамасын қамтитын жабдықтың паспорттарының көшірмелерін қоса бере отырып, өтініш беруші жүргізетін өндірістік қуат есебі;
ұйымның теңгеріміне технологиялық жабдықты қабылдау туралы бухгалтерлік (есептік) құжаттар;
осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 3-қосымшаға сәйкес этил спиртін өндіру саласындағы қызметті жүзеге асыру үшін қойылатын біліктілік талаптарына мәліметтер нысандары;
2) лицензияны қайта ресімдеу үшін:
осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 4 немесе 5-қосымшаға сәйкес өтініш;
ЭҮТШ арқылы төленген жағдайларды қоспағанда, лицензиялық алымның бюджетке төленгенін растайтын құжат;
мемлекеттік ақпараттық жүйелерде бар құжаттарды қоспағанда, лицензияны қайта ресімдеу үшін негіз болатын өзгерістер туралы ақпаратты қамтитын құжаттар;
3) лицензия жоғалған, бүлінген жағдайда көрсетілетін қызметті алушы көрсетілетін қызметті берушіге немесе Мемлекеттік корпорацияға лицензияның телнұсқасын алу үшін, порталдағы тиісті ақпараттық жүйелерден лицензия туралы мәліметтерді алу мүмкіндігі болмаған жағдайда ғана мынадай құжаттарды ұсына отырып жүгінеді:
еркін нысандағы өтініш;
ЭҮТШ арқылы төленген жағдайларды қоспағанда, лицензиялық алымның бюджетке төленгенін растайтын құжат.
Көрсетілетін қызметті алушының жеке басын сәйкестендіру үшін жеке басын куәландыратын құжат көрсетіледі.
Құжаттарды қабылдау кезінде Мемлекеттік корпорациясы құжаттардың электрондық көшірмесін түпнұсқамен салыстырып тексереді, содан кейін түпнұсқаны көрсетілетін қызметті алушыға қайтарады.
Құжаттарды Мемлекеттік корпорация арқылы қабылдаған кезде көрсетілетін қызметті алушыға тиісті құжаттарды қабылдағаны туралы қолхат беріледі.
Мемлекеттік корпорациясында дайын құжаттарды беру тиісті құжаттардың қабылданғаны туралы қолхат негізінде жеке басын куәландыратын құжатты (не нотариалды куәландырған сенімхаты бойынша оның өкілі) көрсеткен жағдайда жүзеге асырылады.
Егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмеген жағдайда, көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызметті көрсету кезінде ақпараттық жүйелерде бар, заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға жазбаша келісімін береді.
Мемлекеттік корпорация көрсетілетін қызметті алушы жүгінбеуі себебінен уақытылы берілмеген құжаттардың бір ай сақталуын қамтамасыз етеді, одан кейін оларды көрсетілетін қызметті берушіге сақтауға береді. Бір ай мерзім өткеннен кейін көрсетілетін қызметті алушы жүгінген кезде Мемлекеттік корпорацияның сұрауы бойынша көрсетілетін қызметті беруші бір күн ішінде дайын құжаттарды Мемлекеттік корпорацияға көрсетілетін қызметті алушыға беру үшін жолдайды.
порталға:
1) лицензияны алу үшін:
осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 1 немесе 2-қосымшаларға сәйкес электрондық құжат нысанындағы өтініш;
ЭҮТШ арқылы төленген жағдайларды қоспағанда, лицензиялық алымның бюджетке төленгенін растайтын құжаттың электрондық көшірмесі;
этил спиртін өндіруші әзірлеген және бекіткен өндіру паспортының электрондық көшірмесі;
этил спиртінің қажетті көлемін өндіруге мүмкіндік беретін жабдықтың пайдалану - техникалық сипаттамасын қамтитын жабдықтың паспорттарының көшірмелерін қоса бере отырып, өтініш беруші жүргізетін өндірістік қуат есебінің электрондық көшірмесі;
ұйымның теңгеріміне технологиялық жабдықты қабылдау туралы бухгалтерлік (есептік) құжаттардың электрондық көшірмелері;
этил спиртін өндіру саласындағы қызметті жүзеге асыру үшін қойылатын біліктілік талаптарына мәліметтер нысандары;
2) лицензияны қайта ресімдеу үшін:
осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 4 немесе 5-қосымшаға сәйкес электрондық құжат нысанындағы өтініш;
ЭҮТШ арқылы төленген жағдайларды қоспағанда, лицензиялық алымның бюджетке төленгенін растайтын құжаттың электрондық көшірмесі;
мемлекеттік ақпараттық жүйелерде бар құжаттарды қоспағанда, лицензияны қайта ресімдеу үшін негіз болатын өзгерістер туралы ақпаратты қамтитын құжаттардың электрондық көшірмелері.
Мемлекеттік ақпараттық жүйелерде қамтылған жеке басын куәландыратын құжаттар туралы, заңды тұлға ретінде тіркеу (қайта тіркеу) туралы, дара кәсіпкер ретінде мемлекеттік тіркеу туралы мәліметтерді уәкілетті орган тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден портал арқылы уәкілетті лауазымды тұлғалардың ЭЦҚ-мен куәландырылған электрондық құжат нысанында алады.
Көрсетілетін қызметті алушылардан ақпараттық жүйелерден алынуы мүмкін құжаттарды талап етуге жол берілмейді.
Көрсетілетін қызметті беруші, егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, мемлекеттік қызметтер көрсету кезінде ақпараттық жүйелерде қамтылған, заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға көрсетілетін қызметті алушының келісімін алады.
Портал арқылы жүгінген жағдайда көрсетілетін қызметті алушыға мемлекеттік қызметті көрсету үшін сұрау салудың қабылданғаны туралы мәртебесі жіберіледі.";
көрсетілген бұйрықпен бекітілген "Алкоголь өнімін өндіруге лицензия беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартында:
9-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"9. Көрсетілетін қызметті алушы жүгінген кезде мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті құжаттар тізбесі:
көрсетілетін қызметті берушіге:
1) лицензияны алу үшін:
осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 1 немесе 2-қосымшаға сәйкес өтініш;
ЭҮТШ арқылы төленген жағдайларды қоспағанда, лицензиялық алымның бюджетке төленгенін растайтын құжаттың көшірмесі;
алкоголь өнімін өндіруші әзірлеген және бекіткен өндіру паспорты;
арақ пен айрықша арақтың және ликер-арақтың қажетті көлемін өндіруге мүмкіндік беретін жабдықтың пайдалану - техникалық сипаттамасын қамтитын жабдықтың паспорттарының көшірмелерін қоса бере отырып, өтініш беруші жүргізетін өндірістік қуат есебі;
ұйымның теңгеріміне технологиялық жабдықты қабылдау туралы бухгалтерлік (есептік) құжаттардың көшірмелері;
осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 3-қосымшаға сәйкес алкоголь өнімін өндіру саласындағы қызметті жүзеге асыру үшін қойылатын біліктілік талаптарына мәліметтер нысандары;
2) лицензияны қайта ресімдеу үшін:
осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 4 немесе 5-қосымшаға сәйкес өтініш;
ЭҮТШ арқылы төленген жағдайларды қоспағанда, лицензиялық алымның бюджетке төленгенін растайтын құжат;
мемлекеттік ақпараттық жүйелерде бар құжаттарды қоспағанда, лицензияны қайта ресімдеу үшін негіз болатын өзгерістер туралы ақпаратты қамтитын құжаттардың көшірмелері;
3) лицензия жоғалған, бүлінген жағдайда көрсетілетін қызметті алушы көрсетілетін қызметті берушіге немесе Мемлекеттік корпорацияға лицензияның телнұсқасын алу үшін, порталдағы тиісті ақпараттық жүйелерден лицензия туралы мәліметтерді алу мүмкіндігі болмаған жағдайда ғана мынадай құжаттарды ұсына отырып жүгінеді:
еркін нысандағы өтініш;
ЭҮТШ арқылы төленген жағдайларды қоспағанда, лицензиялық алымның бюджетке төленгенін растайтын құжат.
Көрсетілетін қызметті алушының жеке басын сәйкестендіру үшінжеке басын куәландыратын құжат көрсетіледі.
Көрсетілетін қызметті берушіге жүгінген кезде көрсетілетін қызметті алушы құжаттар топтамасының қабылданған күні мен уақыты көрсетіле отырып, құжаттар топтамасын қабылдағаны туралы белгісі бар талонды алады;
Мемлекеттік корпорацияға:
1) лицензияны алу үшін:
осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 1 немесе 2-қосымшаларға сәйкес өтініш;
ЭҮТШ арқылы төленген жағдайларды қоспағанда, лицензиялық алымның бюджетке төленгенін растайтын құжат;
алкоголь өнімін өндіруші әзірлеген және бекіткен өндіру паспорты;
арақ пен айрықша арақтың және ликер-арақтың қажетті көлемін өндіруге мүмкіндік беретін жабдықтың пайдалану - техникалық сипаттамасын қамтитын жабдықтың паспорттарының көшірмелерін қоса бере отырып, өтініш беруші жүргізетін өндірістік қуат есебі;
ұйымның теңгеріміне технологиялық жабдықты қабылдау туралы бухгалтерлік (есептік) құжаттардың көшірмелері;
осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 3-қосымшаға сәйкес алкоголь өнімін өндіру саласындағы қызметті жүзеге асыру үшін қойылатын біліктілік талаптарына мәліметтер нысандары;
2) лицензияны қайта ресімдеу үшін:
осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 4 немесе 5-қосымшаға сәйкес өтініш;
ЭҮТШ арқылы төленген жағдайларды қоспағанда, лицензиялық алымның бюджетке төленгенін растайтын құжат;
мемлекеттік ақпараттық жүйелерде бар құжаттарды қоспағанда, лицензияны қайта ресімдеу үшін негіз болатын өзгерістер туралы ақпаратты қамтитын құжаттар;
3) лицензия жоғалған, бүлінген жағдайда көрсетілетін қызметті алушы көрсетілетін қызметті берушіге немесе Мемлекеттік корпорацияға лицензияның телнұсқасын алу үшін, порталдағы тиісті ақпараттық жүйелерден лицензия туралы мәліметтерді алу мүмкіндігі болмаған жағдайда ғана мынадай құжаттарды ұсына отырып жүгінеді:
еркін нысандағы өтініш;
ЭҮТШ арқылы төленген жағдайларды қоспағанда, лицензиялық алымның бюджетке төленгенін растайтын құжат.
Құжаттарды қабылдау кезінде Мемлекеттік корпорациясы құжаттардың электрондық көшірмесін түпнұсқамен салыстырып тексереді, содан кейін түпнұсқаны көрсетілетін қызметті алушыға қайтарады.
Көрсетілетін қызметті алушының жеке басын сәйкестендіру үшін жеке басын куәландыратын құжат көрсетіледі.
Құжаттарды мемлекеттік корпорация арқылы қабылдаған кезде көрсетілетін қызметті алушыға тиісті құжаттарды қабылдағаны туралы қолхат беріледі.
Егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмеген жағдайда, көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызмет көрсету кезінде ақпараттық жүйелерде бар, заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға жазбаша келісімін береді.
Мемлекеттік корпорациясында дайын құжаттарды беру тиісті құжаттардың қабылданғаны туралы қолхат негізінде жеке басын куәландыратын құжатты (не нотариалды куәландырған сенімхаты бойынша оның өкілі) көрсеткен жағдайда жүзеге асырылады.
Мемлекеттік корпорация көрсетілетін қызметті алушы жүгінбеуі себебінен уақытылы берілмеген құжаттардың бір ай сақталуын қамтамасыз етеді, одан кейін оларды көрсетілетін қызметті берушіге сақтауға береді. Бір ай мерзім өткеннен кейін көрсетілетін қызметті алушы жүгінген кезде Мемлекеттік корпорацияның сұрауы бойынша көрсетілетін қызметті беруші бір күн ішінде дайын құжаттарды Мемлекеттік корпорацияға көрсетілетін қызметті алушыға беру үшін жолдайды;
порталға:
1) лицензияны алу үшін:
осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 4 немесе 5-қосымшаларға сәйкес электрондық құжат нысанындағы өтініш;
ЭҮТШ арқылы төленген жағдайларды қоспағанда, лицензиялық алымның бюджетке төленгенін растайтын құжаттың электрондық көшірмесі;
алкоголь өнімін өндіруші әзірлеген және бекіткен өндіру паспортының электрондық көшірмесі;
арақ пен айрықша арақтың және ликер-арақтың қажетті көлемін өндіруге мүмкіндік беретін жабдықтың пайдалану - техникалық сипаттамасын қамтитын жабдықтың паспорттарының көшірмелерін қоса бере отырып, өтініш беруші жүргізетін өндірістік қуат есебінің электрондық көшірмесі;
ұйымның теңгеріміне технологиялық жабдықты қабылдау туралы бухгалтерлік (есептік) құжаттардың электрондық көшірмелері;
электрондық құжат нысанында алкоголь өнімін өндіру саласындағы қызметті жүзеге асыру үшін біліктілік талаптарына мәліметтер нысаны;
2) лицензияны қайта ресімдеу үшін:
көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ куәландырылған электрондық құжат нысанындағы өтініш;
ЭҮТШ арқылы төленген жағдайларды қоспағанда, лицензиялық алымның бюджетке төленгенін растайтын құжаттың электрондық көшірмесі;
мемлекеттік ақпараттық жүйелерде бар құжаттарды қоспағанда, лицензияны қайта ресімдеу үшін негіз болатын өзгерістер туралы ақпаратты қамтитын құжаттардың электрондық көшірмелері.
Мемлекеттік ақпараттық жүйелерде қамтылған жеке басын куәландыратын құжаттар туралы, заңды тұлға ретінде тіркеу (қайта тіркеу) туралы, дара кәсіпкер ретінде мемлекеттік тіркеу туралы мәліметтерді уәкілетті орган тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден портал арқылы уәкілетті лауазымды адамдардың ЭЦҚ-мен куәландырылған электрондық құжат нысанында алады.
Көрсетілетін қызметті беруші, егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, мемлекеттік қызметтер көрсету кезінде ақпараттық жүйелерде қамтылған, заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға көрсетілетін қызметті алушының келісімін алады.
Портал арқылы жүгінген жағдайда көрсетілетін қызметті алушыға мемлекеттік қызметті көрсету үшін сұрау салудың қабылданғаны туралы мәртебесі жіберіледі.
Көрсетілетін қызметті алушылардан ақпараттық жүйелерден алынуы мүмкін құжаттарды талап етуге жол берілмейді.";
көрсетілген бұйрықпен бекітілген "Алкоголь өнімін өндіру аумағында оны сақтау және көтерме саудада өткізу жөніндегі қызметті қоспағанда, алкоголь өнімдерін сақтауға және көтерме саудада өткізуге лицензия беру" мемлекеттiк көрсетілетін қызмет стандартында:
9-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"9. Көрсетілетін қызметті алушы не нотариалды куәландырылған сенімхат бойынша оның өкілі жүгінген кезде мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті құжаттар тізбесі:
көрсетілетін қызметті берушіге:
1) лицензияны алу үшін:
осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 1 немесе 2-қосымшаларға сәйкес өтініш;
ЭҮТШ арқылы төленген жағдайларды қоспағанда, лицензиялық алымның бюджетке төленгенiн растайтын құжаттың көшiрмесi;
аталған шарттарды бір жылдан аз мерзімге жасаған жағдайда - жалға беру немесе өтеусіз пайдалану шарты;
техникалық сипаттамасын көрсете отырып, қойма стационарлық үй-жайға техникалық паспорттың көшірмесі;
осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 3-қосымшаға сәйкес алкоголь өнімін өндіру аумағында оны сақтау және көтерме саудада өткізу жөніндегі қызметті қоспағанда, алкоголь өнімдерін сақтау және көтерме сауданы өткізу қызметін жүзеге асыру үшін қойылатын біліктілік талаптарына мәліметтер нысандары;
2) лицензияны қайта ресімдеу үшін:
осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 4 немесе 5-қосымшаға сәйкес өтініш;
ЭҮТШ арқылы төленген жағдайларды қоспағанда, лицензиялық алымның бюджетке төленгенін растайтын құжат;
мемлекеттік ақпараттық жүйелерде бар құжаттарды қоспағанда, лицензияны қайта ресімдеу үшін негіз болатын өзгерістер туралы ақпаратты қамтитын құжаттардың көшірмелері;
3) лицензия жоғалған, бүлінген жағдайда көрсетілетін қызметті алушы көрсетілетін қызметті берушіге немесе Мемлекеттік корпорацияға лицензияның телнұсқасын алу үшін, порталдағы тиісті ақпараттық жүйелерден лицензия туралы мәліметтерді алу мүмкіндігі болмаған жағдайда ғана мынадай құжаттарды ұсына отырып жүгінеді:
еркін нысандағы өтініш;
ЭҮТШ арқылы төленген жағдайларды қоспағанда, лицензиялық алымның бюджетке төленгенін растайтын құжаттың көшірмесі.
Көрсетілетен қызметті алушының жеке басын сәйкестендіру үшінжеке басын куәландыратын құжат көрсетіледі.
Көрсетілетін қызметті берушіге жүгінген кезде көрсетілетін қызметті алушы құжаттар топтамасының қабылданған күні мен уақыты көрсетіле отырып, құжаттар топтамасын қабылдағаны туралы белгісі бар талонды алады;
Мемлекеттік корпорацияға:
1) лицензияны алу үшін:
осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 1 немесе 2-қосымшаларға сәйкес өтініш;
ЭҮТШ арқылы төленген жағдайларды қоспағанда, лицензиялық алымның бюджетке төленгенiн растайтын құжат;
аталған шарттарды бір жылдан аз мерзімге жасаған жағдайда - жалға беру немесе өтеусіз пайдалану шарты;
техникалық сипаттамасын көрсете отырып, қойма стационарлық үй-жайға техникалық паспорты;
осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 3-қосымшаға сәйкес алкоголь өнімін өндіру аумағында оны сақтау және көтерме саудада өткізу жөніндегі қызметті қоспағанда, алкоголь өнімдерін сақтау және көтерме сауданы өткізу қызметін жүзеге асыру үшін қойылатын біліктілік талаптарына мәліметтер нысандары;
2) лицензияны қайта ресімдеу үшін:
осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 4 немесе 5-қосымшаға сәйкес өтініш;
ЭҮТШ арқылы төленген жағдайларды қоспағанда, лицензиялық алымның бюджетке төленгенін растайтын құжат;
мемлекеттік ақпараттық жүйелерде бар құжаттарды қоспағанда, лицензияны қайта ресімдеу үшін негіз болатын өзгерістер туралы ақпаратты қамтитын құжаттар;
3) лицензия жоғалған, бүлінген жағдайда көрсетілетін қызметті алушы көрсетілетін қызметті берушіге немесе Мемлекеттік корпорацияға лицензияның телнұсқасын алуға, егер порталдағы тиісті ақпараттық жүйелерден лицензия туралы мәліметтерді алу мүмкіндігі болмаған жағдайда ғана мынадай құжаттарды ұсына отырып жүгінеді:
еркін нысандағы өтініш;
ЭҮТШ арқылы төленген жағдайларды қоспағанда, лицензиялық алымның бюджетке төленгенін растайтын құжат.
Көрсетілетін қызметті алушының жеке басын сәйкестендіру үшінжеке басын куәландыратын құжат көрсетіледі.
Құжаттарды қабылдау кезінде көрсетілетін қызметті беруші, Мемлекеттік корпорациясы құжаттардың электрондық көшірмесін түпнұсқамен салыстырып тексереді, содан кейін түпнұсқаны көрсетілетін қызметті алушыға қайтарады.
Құжаттарды мемлекеттік корпорация арқылы қабылдаған кезде көрсетілетін қызметті алушыға тиісті құжаттарды қабылдағаны туралы қолхат беріледі.
Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмеген жағдайда, көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызметті көрсету кезінде ақпараттық жүйелерде бар, заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға жазбаша келісімін береді.
Мемлекеттік корпорация көрсетілетін қызметті алушы жүгінбеуі себебінен уақытылы берілмеген құжаттардың бір ай сақталуын қамтамасыз етеді, одан кейін оларды көрсетілетін қызметті берушіге сақтауға береді. Бір ай мерзім өткеннен кейін көрсетілетін қызметті алушы жүгінген кезде Мемлекеттік корпорацияның сұрауы бойынша көрсетілетін қызметті беруші бір күн ішінде дайын құжаттарды Мемлекеттік корпорацияға көрсетілетін қызметті алушыға беру үшін жолдайды.
Мемлекеттік корпорациясында дайын құжаттарды беру тиісті құжаттардың қабылданғаны туралы қолхат негізінде жеке басын куәландыратын құжатты (не нотариалды куәландырған сенімхаты бойынша оның өкілі) көрсеткен жағдайда жүзеге асырылады;
порталға:
1) лицензияны алу үшін:
осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 1 немесе 2-қосымшаларға сәйкес электрондық құжат нысанындағы өтініш;
ЭҮТШ арқылы төленген жағдайларды қоспағанда, лицензиялық алымның бюджетке төленгенін растайтын құжаттың электрондық көшірмесі;
аталған шарттарды бір жылдан аз мерзімге жасаған жағдайда - жалға беру немесе өтеусіз пайдалану шартының электрондық көшірмесі;
техникалық сипаттамасын көрсете отырып, қойма стационарлық үй-жайға техникалық паспорттың электрондық көшірмесі;
электронды құжат нысанында, алкоголь өнімін өндіру аумағында оны сақтау және көтерме саудада өткізу жөніндегі қызметті қоспағанда, алкоголь өнімдерін сақтау және көтерме сауданы өткізу қызметін жүзеге асыру үшін қойылатын біліктілік талаптарына мәліметтер нысандары;
2) лицензияны қайта ресімдеу үшін:
осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 4 немесе 5-қосымшаға сәйкес электрондық құжат нысанындағы өтініш;
ЭҮТШ арқылы төленген жағдайларды қоспағанда, лицензиялық алымның бюджетке төленгенін растайтын құжаттың электрондық көшірмесі;
мемлекеттік ақпараттық жүйелерде бар құжаттарды қоспағанда, лицензияны қайта ресімдеу үшін негіз болатын өзгерістер туралы ақпаратты қамтитын құжаттардың электрондық көшірмелері.
Мемлекеттік ақпараттық жүйелерде қамтылған жеке басын куәландыратын құжаттар туралы, заңды тұлға ретінде тіркеу (қайта тіркеу) туралы, дара кәсіпкер ретінде мемлекеттік тіркеу туралы, құқық белгілейтін құжат туралы мәліметтерді уәкілетті орган тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден портал арқылы уәкілетті лауазымды адамдардың ЭЦҚ-мен куәландырылған электрондық құжат нысанында алады.
Көрсетілетін қызметті беруші, егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, мемлекеттік қызметтер көрсету кезінде ақпараттық жүйелерде қамтылған, заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға көрсетілетін қызметті алушының келісімін алады.
Портал арқылы жүгінген жағдайда көрсетілетін қызметті алушыға мемлекеттік қызметті көрсету үшін сұрау салудың қабылданғаны туралы мәртебесі жіберіледі.
Көрсетілетін қызметті алушылардан ақпараттық жүйелерден алынуы мүмкін құжаттарды талап етуге жол берілмейді.";
көрсетілген бұйрықпен бекітілген "Алкоголь өнімін өндіру аумағында оны сақтау және бөлшек саудада өткізу жөніндегі қызметті қоспағанда, алкоголь өнімдерін сақтауға және бөлшек саудада өткізуге лицензия беру" мемлекеттiк қызмет көрсету стандартында:
9-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"9. Көрсетілетін қызметті алушы не нотариат куәландырған сенімхат бойынша оның өкілі жүгінген кезде мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті құжаттар тізбесі:
көрсетілетін қызметті берушіге:
1) лицензияны алу үшін:
осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 1 немесе 2-қосымшаға сәйкес өтініш;
ЭҮТШ арқылы төленген жағдайларды қоспағанда, лицензиялық алымның бюджетке төленгенiн растайтын құжаттың көшiрмесi;
аталған шарттарды бір жылдан аз мерзімге жасаған жағдайда - жалға беру немесе өтеусіз пайдалану шартының көшірмесі;
техникалық сипаттамасын көрсете отырып, стационарлық үй-жайға техникалық паспорттың көшірмесі;
осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 3-қосымшаға сәйкес алкоголь өнімін өндіру аумағында оны сақтау және бөлшек саудада өткізу жөніндегі қызметті қоспағанда, алкоголь өнімдерін сақтауға және бөлшек саудада өткізу жөніндегі қызметті жүзеге асыру үшін қойылатын біліктілік талаптарына мәліметтер нысандары;
2) лицензияны қайта ресімдеу үшін:
осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 4 немесе 5-қосымшаға сәйкес өтініш;
лицензиат үшінші тұлғалардың пайдасына объектімен бірге лицензияны иеліктен шығару кезінде лицензияны қайта ресімдеген жағдайда, лицензияны иеліктен шығаруға келісім туралы лицензиаттың хаты ұсынылады;
ЭҮТШ арқылы төленген жағдайларды қоспағанда, лицензиялық алымның бюджетке төленгенін растайтын құжат;
мемлекеттік ақпараттық жүйелерде бар құжаттарды қоспағанда, лицензияны қайта ресімдеу үшін негіз болатын өзгерістер туралы ақпаратты қамтитын құжаттардың көшірмелері;
3) лицензия жоғалған, бүлiнген кезде көрсетілетін қызметті алушы лицензияның телнұсқасын алу үшін, порталдағы тиісті ақпараттық жүйелерден лицензия туралы мәліметтерді алу мүмкіндігі болмаған жағдайда ғана мынадай құжаттарды ұсына отырып, көрсетілетін қызметті берушіге немесе Мемлекеттік корпорацияға жүгінеді:
еркін нысандағы өтініш;
ЭҮТШ арқылы төленген жағдайларды қоспағанда, лицензиялық алымның бюджетке төленгенiн растайтын құжаттың көшiрмесi.
Көрсетілетін қызметті алушының жеке басын сәйкестендіру үшін жеке басын куәландыратын құжат көрсетіледі.
Көрсетілетін қызметті берушіге жүгінген кезде көрсетілетін қызметті алушы құжаттар топтамасының қабылданған күні мен уақыты көрсетіле отырып, құжаттар топтамасын қабылдағаны туралы белгісі бар талонды алады;
Мемлекеттік корпорацияға:
1) лицензияны алу үшін:
осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 1 немесе 2-қосымшаларға сәйкес өтініш;
ЭҮТШ арқылы төленген жағдайларды қоспағанда, лицензиялық алымның бюджетке төленгенін растайтын құжаттың көшірмесі;
аталған шарттарды бір жылдан аз мерзімге жасаған жағдайда - жалға беру немесе өтеусіз пайдалану шарты;
техникалық сипаттамасын көрсете отырып, стационарлық үй-жайға техникалық паспорты;
осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 3-қосымшаға сәйкес алкоголь өнімін өндіру аумағында оны сақтау және бөлшек саудада өткізу жөніндегі қызметті қоспағанда, алкоголь өнімдерін сақтауға және бөлшек саудада өткізу жөніндегі қызметті жүзеге асыру үшін қойылатын біліктілік талаптарына мәліметтер нысандары;
2) лицензияны қайта ресімдеу үшін:
осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 4 немесе 5-қосымшаға сәйкес өтініш;
ЭҮТШ арқылы төленген жағдайларды қоспағанда, лицензиялық алымның бюджетке төленгенін растайтын құжаттың көшірмесі;
мемлекеттік ақпараттық жүйелерде бар құжаттарды қоспағанда, лицензияны қайта ресімдеу үшін негіз болатын өзгерістер туралы ақпаратты қамтитын құжаттар;
3) лицензия жоғалған, бүлiнген кезде көрсетілетін қызметті алушы лицензияның телнұсқасын алу үшін, порталдағы тиісті ақпараттық жүйелерден лицензия туралы мәліметтерді алу мүмкіндігі болмаған жағдайда ғана мынадай құжаттарды ұсына отырып, көрсетілетін қызметті берушіге немесе Мемлекеттік корпорацияға жүгінеді:
еркін нысандағы өтініш;
ЭҮТШ арқылы төленген жағдайларды қоспағанда, лицензиялық алымның бюджетке төленгенін растайтын құжаттың көшірмесі.
Көрсетілетін қызметті алушының жеке басын сәйкестендіру үшін жеке басын куәландыратын құжат көрсетіледі.
Құжаттарды қабылдау кезінде Мемлекеттік корпорация құжаттардың электрондық көшірмесін түпнұсқамен салыстырып тексереді, содан кейін түпнұсқаларды көрсетілетін қызметті алушыға қайтарады.
Құжаттарды мемлекеттік корпорация арқылы қабылдаған кезде көрсетілетін қызметті алушыға тиісті құжаттарды қабылдағаны туралы қолхат беріледі.
Мемлекеттік корпорацияда дайын құжаттарды беруді тиісті құжаттарды қабылдағаны туралы қолхат негізінде (не нотариат куәландырған сенімхат бойынша оның өкілі) жеке куәлігін көрсеткен кезде жүзеге асырады.
Егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызмет көрсету кезінде ақпараттық жүйелерде қамтылған, заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға жазбаша келісімін береді.
Мемлекеттік корпорация көрсетілетін қызметті алушы жүгінбеуі себебінен уақытылы берілмеген құжаттардың бір ай сақталуын қамтамасыз етеді, одан кейін оларды көрсетілетін қызметті берушіге сақтауға береді. Бір ай мерзім өткеннен кейін көрсетілетін қызметті алушы жүгінген кезде Мемлекеттік корпорацияның сұрауы бойынша көрсетілетін қызметті беруші бір күн ішінде дайын құжаттарды Мемлекеттік корпорацияға көрсетілетін қызметті алушыға беру үшін жолдайды;
порталға:
1) лицензияны алу үшін:
осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 1 немесе 2-қосымшаларға сәйкес электрондық құжат нысанындағы өтініш;
ЭҮТШ арқылы төленген жағдайларды қоспағанда, лицензиялық алымның бюджетке төленгенін растайтын құжаттың электрондық көшірмесі;
аталған шарттарды бір жылдан аз мерзімге жасаған жағдайда - жалға беру немесе өтеусіз пайдалану шартының электрондық көшірмесі;
техникалық сипаттамасын көрсете отырып, стационарлық үй-жайға техникалық паспорттың электрондық көшірмесі;
электрондық құжат нысанындағы, алкоголь өнімін өндіру аумағында оны сақтау және бөлшек саудада өткізу жөніндегі қызметті қоспағанда, алкоголь өнімдерін сақтауға және бөлшек саудада өткізу жөніндегі қызметті жүзеге асыру үшін қойылатын біліктілік талаптарына мәліметтер нысандары;
2) лицензияны қайта ресімдеу үшін:
көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ куәландырылған электрондық құжат нысанындағы өтініш;
ЭҮТШ арқылы төленген жағдайларды қоспағанда, лицензиялық алымның бюджетке төленгенін растайтын құжаттың электрондық көшірмесі;
мемлекеттік ақпараттық жүйелерде бар құжаттарды қоспағанда, лицензияны қайта ресімдеу үшін негіз болатын өзгерістер туралы ақпаратты қамтитын құжаттардың электрондық көшірмелері.
Мемлекеттік ақпараттық жүйелерде қамтылған жеке басын куәландыратын құжаттартуралы, заңды тұлға ретінде тіркеу (қайта тіркеу) туралы, дара кәсіпкер ретінде мемлекеттік тіркеу туралы мәліметтерді уәкілетті орган тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден портал арқылы уәкілетті лауазымды адамдардың ЭЦҚ-мен куәландырылған электрондық құжат нысанында алады.
Көрсетілетін қызметті беруші, егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, мемлекеттік қызметтер көрсету кезінде ақпараттық жүйелерде қамтылған, заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға көрсетілетін қызметті алушының келісімін алады.
Портал арқылы жүгінген жағдайда көрсетілетін қызметті алушыға мемлекеттік қызметті көрсету үшін сұрау салудың қабылданғаны туралы мәртебесі жіберіледі.
Көрсетілетін қызметті алушылардан ақпараттық жүйелерден алынуы мүмкін құжаттарды талап етуге жол берілмейді.";
көрсетілген бұйрықпен бекітілген "Салық берешегінің, міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіби зейнетақы жарналары мен әлеуметтік аударымдары бойынша берешегінің жоқ (бар) екендігі туралы мәліметтер, салық міндеттемесін, сондай-ақ міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіби зейнетақы жарналарын есептеу, ұстап қалу және аудару, әлеуметтік аударымдарды есептеу және төлеу бойынша міндеттемелерді орындау бойынша бюджетпен есеп айырысулардың жай-күйі туралы дербес шоттан көшірме беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартында:
3-тармақтың үшінші бөлігі 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"2) Мемлекеттік корпорациясы арқылы;";
9-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"9. Көрсетілетін қызметті алушы не нотариат куәландырған сенімхат бойынша оның өкілі жүгінген кезде мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті құжаттар тізбесі:
көрсетілетін қызметті берушіге немесе Мемлекеттік корпорацияға:
берешегінің жоқ (бар) болуы туралы мәліметтерді алу үшін - сұрау салу;
көшірмені алу үшін - осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша салықтық өтініш.
Көрсетілетін қызметті алушының жеке басын сәйкестендіру үшін жеке басын куәландыратын құжат көрсетіледі.
Көрсетілетін қызметті берушіге жүгінген кезде көрсетілетін қызметті алушы құжаттар топтамасының қабылданған күні мен уақыты көрсетіле отырып, құжаттар топтамасын қабылдағаны туралы белгісі бар талонды алады.
Құжаттарды Мемлекеттік корпорация арқылы қабылдаған кезде көрсетілетін қызметті алушыға тиісті құжаттарды қабылдағаны туралы қолхат беріледі.
Мемлекеттік корпорацияда дайын құжаттарды беру тиісті құжаттардың қабылданғаны туралы қолхат негізінде жеке басын куәландыратын құжатты (не нотариалды куәландырған сенімхаты бойынша оның өкілі) көрсеткен жағдайда жүзеге асырылады.
Егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, көрсетілетін қызметті алушы ақпараттық жүйелерде қамтылған, заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға жазбаша келісімін береді;
порталға:
ЭЦҚ куәландырылған, электрондық құжат нысанындағы сұрау салу немесе салықтық өтініш.
Көрсетілетін қызметті алушылардан ақпараттық жүйелерден алынуы мүмкін құжаттарды талап етуге жол берілмейді.
Портал арқылы жүгінген жағдайда көрсетілетін қызметті алушыға мемлекеттік қызметті көрсету үшін сұрау салудың қабылданғаны туралы мәртебесі жіберіледі.";
10-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"10. Көрсетілетін қызметті алушының және (немесе) мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті ұсынылған материалдардың, объектілердің, деректердің және мәліметтердің Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінде белгіленген талаптарға сәйкес келмеуі мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту үшін негіздеме болып табылады.
Мемлекеттік корпорацияға жүгінген кезде, көрсетілетін қызметті алушы осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 9-тармағында көзделген тізбеге сәйкес толық құжаттар топтамасын табыс етпеген жағдайда, Мемлекеттік корпорацияның қызметкері өтінішті қабылдаудан бас тартады және осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша құжаттарды қабылдаудан бас тарту туралы қолхат береді.";
көрсетілген бұйрықпен бекітілген "Қазақстан Республикасының резинденттігін растау" мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандартында:
9-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"9. Көрсетілетін қызметті алушы не нотариат куәландырған сенімхат бойынша оның өкілі жүгінген кезде мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті құжаттардың тізбесі:
көрсетілетін қызметті берушіге немесе Мемлекеттік корпорацияға:
1) осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына қосымшаға сәйкес резидентігін растау туралы салықтық өтініш (бұдан әрі - салықтық өтініш);
2) өзінің тиімді басқару орны Қазақстан Республикасында орналасқаны негізінде резидент болып табылатын шетелдік заңды тұлға - заңды тұлғаны тиімді басқару орны (нақты басқару органының орналасқан жері) Қазақстан Республикасында болуын растайтын құжаттың (өткізілген орны көрсетіле отырып, директорлар кеңесінің немесе осы сияқты органның жалпы жиналысы хаттамасының немесе негізгі басқару және (немесе) бақылау, сондай-ақ заңды тұлғаның кәсіпкерлік қызметін жүргізу үшін қажетті стратегиялық коммерциялық шешімдер қабылдау орнын растайтын өзге де құжаттарды) нотариаттық куәландырылған көшірмесін;
3) резидент болып табылатын шетелдік немесе азаматтығы жоқ адам - азаматтығыжоқ адамның шетелдік төлқұжатының немесе куәлігінің, Қазақстан Республикасында болу кезеңін растайтын құжаттың (визаның немесе өзге де құжаттардың) Қазақстан Республикасында тұруға ықтиярхаттың (бар болса) нотариат куәландырылған көшiрмелерiн ұсынады.
Көрсетілетін қызметті алушының жеке басын сәйкестендіру үшін жеке басын куәландыратын құжат көрсетіледі.
Көрсетілетін қызметті беруші, Мемлекеттік корпорация құжаттарды қабылдау кезінде құжаттардың көшірмесін түпнұсқамен салыстырып тексереді, содан кейін түпнұсқаларды көрсетілетін қызметті алушыға қайтарады.
Көрсетілетін қызметті берушіге жүгінген кезде көрсетілетін қызметті алушы құжаттар топтамасының қабылданған күні мен уақыты көрсетіле отырып, құжаттар топтамасын қабылдағаны туралы белгісі бар талонды алады.
Құжаттарды мемлекеттік корпорация арқылы қабылдаған кезде көрсетілетін қызметті алушыға тиісті құжаттарды қабылдағаны туралы қолхат беріледі.
Почта арқылы жүгінген кезде көрсетілетін қызметті беруші почта хабарламасына белгі қояды.
Мемлекеттік корпорацияда дайын құжаттарды беруді тиісті құжаттарды қабылдағаны туралы қолхат негізінде жеке куәлігін көрсеткен кезде жүзеге асырады.
Егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, көрсетілетін қызметті алушы Мемлекеттік корпорациясы арқылы мемлекеттік қызметті алған жағдайда, Мемлекеттік корпорация ұсынған нысан бойынша ақпараттық жүйелерде қамтылған, заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға жазбаша келісімін береді.
Мемлекеттік корпорация көрсетілетін қызметті алушы жүгінбеуі себебінен уақытылы берілмеген құжаттардың бір ай сақталуын қамтамасыз етеді, одан кейін оларды көрсетілетін қызметті берушіге сақтауға береді. Бір ай мерзім өткеннен кейін көрсетілетін қызметті алушы жүгінген кезде Мемлекеттік корпорацияның сұрауы бойынша көрсетілетін қызметті беруші бір күн ішінде дайын құжаттарды Мемлекеттік корпорацияға көрсетілетін қызметті алушыға беру үшін жолдайды;
порталға:
1) осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 1-қосымшаға сәйкес электрондық құжат нысанындағы өтініш;
2) нотариаттық куәландырылған электрондық көшірмесін:
өзінің тиімді басқару орны Қазақстан Республикасында орналасқаны негізінде резидент болып табылатын шетелдік заңды тұлға - заңды тұлғаны тиімді басқару орны (нақты басқару органының орналасқан жері) Қазақстан Республикасында болуын растайтын құжаттың (өткізілген орны көрсетіле отырып, директорлар кеңесінің немесе осы сияқты органның жалпы жиналысы хаттамасының немесе негізгі басқару және(немесе) бақылау, сондай-ақ заңды тұлғаның кәсіпкерлік қызметін жүргізу үшін қажетті стратегиялық коммерциялық шешімдер қабылдау орнын растайтын өзге де құжаттарды);
резидент болып табылатын шетелдік немесе азаматтығы жоқ адам - азаматтығыжоқ адамның шетелдік төлқұжатының немесе куәлігінің, Қазақстан Республикасында болу кезеңін растайтын құжаттың (визаның немесе өзге де құжаттардың) Қазақстан Республикасында тұруға ықтиярхаттың (бар болса) нотариат куәландырылған көшiрмелерiн ұсынады.
Мемлекеттік ақпараттық жүйелерде қамтылған жеке басын куәландыратын құжаттар туралы, заңды тұлға ретінде тіркеу (қайта тіркеу) туралы, дара кәсіпкер ретінде мемлекеттік тіркеу туралы, құқық белгілейтін құжаттар туралы мәліметтерді уәкілетті орган тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден портал арқылы уәкілетті лауазымды адамдардың ЭЦҚ-мен куәландырылған электрондық құжат нысанында алады.
Көрсетілетін қызметті алушылардан ақпараттық жүйелерден алынуы мүмкін құжаттарды талап етуге жол берілмейді.
Портал арқылы жүгінген жағдайда көрсетілетін қызметті алушыға мемлекеттік қызметті көрсету үшін сұрау салудың қабылданғаны туралы мәртебесі жіберіледі.";
көрсетілген бұйрықпен бекітілген "Алкоголь өніміне (шарап материалы мен сыраны қоспағанда) есепке алу-бақылау таңбаларын беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартында:
9-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"9. Көрсетілетін қызметті алушы көрсетілетін қызметті берушіге жүгінген кезде мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті құжаттар тізбесі:
1) осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 1 немесе 2-қосымшаларға сәйкес ЕБТ АЖ арқылы ЕБТ жасау үшін өтінімдер (бұдан әрі - алдағы жылға арналған өтінімдер) - жаңа күнтізбелік жыл басталғанға дейін күнтізбелік 30 (отыз) күннен кешіктірмей;
2) әрбір сатып алушыға бөлек осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 3-қосымшаға сәйкес ЕБТ-на штрих-код жапсыру үшін өтініш - ЕБТАЖ арқылы алкоголь өніміне ЕБТ алу мақсатында;
3) соның негізінде акцизделетін тауарлар әкелу жүзеге асырылатын сыртқы сауда шартының (келісімшарттың) түпнұсқасын көрсете отырып, сыртқы сауда шартының (келісімшарттың) (алкоголь өнімін импорттайтын көрсетілетін қызметті алушы өтінім беру кезінде) көшірмесі;
4) осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша ЕБТ алу үшін ЕБТ АЖ арқылы және қағаз түрінде өтініштің тұпнұсқасы;
5) көрсетілетін қызметті алушы қызметкерінің жеке басын куәландыратын құжаттың түпнұсқасын ұсына отырып, көрсетілетін қызметті алушының мөрімен куәландырылған көрсетілетін қызметті алушының уәкілетті қызметкерінің атына ЕБТ алуға берілген сенімхат;
6) ЕБТ үшін төлегенін растайтын төлем құжаты;
7) Еуразиялық экономикалық одақ елдерінен Қазақстан Республикасына алкоголь өнімін импорттау кезінде қағаз тасығышта және (немесе) ақпараттық жүйе арқылы ЕБМ нысаналы пайдалануы туралы міндеттемесі (бұдан әрі - Міндеттеме);
8) Міндеттеменің орындалуын қамтамасыз ету үшін тиісті көрсетілетін қызметті берушінің шотына ақша енгізілгенін растайтын төлем құжаты.
Алкоголь өнімін өндіру және (немесе) олардың айналымы жөніндегі өз қызметін жаңадан құрған немесе қызметін бастаған көрсетілетін қызметті алушылар ЕБТ жасау үшін ЕБТ алу жоспарланып отырған айдың 1-күніне дейін күнтізбелік 25 (жиырма бес) күннен кешіктірмейтін мерзімде әрбір ай бойынша бөліп осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 1 немесе 2-қосымшаларға сәйкес нысан бойынша өтінімді көрсетілетін қызметті берушіге ЕБТ АЖ арқылы табыс етеді.
Көрсетілетін қызметті алушылар бұрын берілген өтінімдерде ЕБТ-дың түрлері мен саны бөлігінде өзгерістер мен толықтырулары бар өтінімдерін ЕБТ алу жүзеге асырылатын айдың 1-күніне дейін 25 (жиырма бес) күнтізбелік күннен кешіктірмей осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 1 немесе 2-қосымшаларға сәйкес нысан бойынша табыс етеді.
ЕБТ жасап шығарғаны үшін төлемді жеткізушінің банк шотына ақша аудару жолымен ЕБТ алу жүзеге асырылатын айдың 1-күніне дейін күнтізбелік 20 (жиырма) күннен кешіктірмейтін мерзімде әрбір ай бойынша бөлек көрсетілетін қызметті алушылардың өтінімдеріне сәйкес жүргізіледі.
Қазақстан Республикасының аумағында өндірілген және Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің аумақтарынан импортталатын алкоголь өніміне көрсетілетін қызметті алушыларға ЕБМ берген кезде, көрсетілетін қызметті берушінің материалдық-жауапты адамы екі тарап қол қоятын екі данада жүкқұжат жазып береді. Жүкқұжаттың бір данасы көрсетілетін қызметті алушыға беріледі, екінші данасы көрсетілетін қызметті берушіде қалады.
Көрсетілетін қызмет алушыларға Еуразиялық экономикалық одаққа мүше емес мемлекеттердің аумақтарынан импортталатын алкоголь өніміне ЕБТ берген кезде жүкқұжат үш данада жазып беріледі: бірінші және екінші дана көрсетілетін қызметті алушыларға беріледі (екінші дана - Кеден органына табыс ету үшін), үшінші дана көрсетілетін қызметті берушіде қалады.
Мемлекеттік электрондық ақпараттық ресурстар болып табылатын көрсетілетін қызметті алушының аталған құжаттарының мәліметтерін көрсетілетін қызметті берушінің қызметкері тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден мемлекеттік органдардың уәкілетті адамдарының ЭЦҚ-мен куәландырылған электрондық деректер нысанында алады.
ЕБТ АЖ арқылы жүгінген кезде көрсетілетін қызметті алушы ЕБТ АЖ журналында құжаттар топтамасының қабылдағаны туралы хабарлама алады.
Көрсетілетін қызметті берушіге жүгінген кезде көрсетілетін қызметті алушы құжаттар топтамасының қабылданған күні мен уақыты көрсетіле отырып, құжаттар топтамасын қабылдағаны туралы белгісі бар талонды алады.
Почта арқылы жүгінген кезде көрсетілетін қызметті беруші почта хабарламасына белгі қояды.";
мынадай мазмұндағы 9-1-тармақпен толықтырылсын:
"9-1. Көрсетілетін қызметті алушының және (немесе) мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті ұсынылған материалдардың, объектілердің, деректердің және мәліметтердің Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінде белгіленген талаптарға сәйкес келмеуі мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту үшін негіздеме болып табылады.";
көрсетілген бұйрықпен бекітілген "Салық есептілігін қабылдау" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартында:
6-тармақтың төртінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
"Көрсетілетін қызметті алушының көрсетілетін қызметті берушіге немесе Мемлекеттік корпорациясына қағаз тасымалдағышында жүгінген кезде мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі:
салық есептілігі нысанының екінші данасына көрсетілетін қызметті беруші қызметкерінің белгісі немесе Мемлекеттік корпорациясыныңсалық есептілігі нысанын қабылдаған күні және уақыты қойылған белгісі;
қағаз жеткізгіште ресімделіп көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті адамының мөрімен және қолымен қуәландырылады (230.00 нысандағы салық есептілігін табыс еткен жағдайда).";
9-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"9. Көрсетілетін қызметті алушы жүгінген кезде мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті құжаттар тізбесі:
көрсетілетін қызметті берушіге немесе Мемлекеттік корпорацияға:
салық есептілігі.
Көрсетілетін қызметті алушының жеке басын сәйкестендіру үшін жеке басын куәландыратын құжат көрсетіледі;
порталға:
салық есептілігі.
Портал арқылы жүгінген кезде көрсетілетін қызметті алушы құжаттар топтамасының электрондық түрде қабылданғаны немесе қабылдамағаны туралы хабарлама/растама алады.
Құжаттарды Мемлекеттік корпорация арқылы қабылдаған кезде көрсетілетін қызметті алушыға тиісті құжаттарды қабылдағаны туралы қолхат беріледі.
Почта арқылы жүгінген кезде көрсетілетін қызметті беруші почта хабарламасына белгі қояды.";
көрсетілген бұйрықпен бекітілген "Салық есептілігін керi қайтарып алу" мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандартында:
9-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"9. Мемлекеттік қызметті алу үшін жүгінген кезде көрсетілетін қызметті алушы тіркеу есебінің орналасқан жері бойынша мынадай құжаттарды ұсынады:
көрсетілетін қызметті берушіге немесе Мемлекеттік корпорацияға:
осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына қосымшаға сәйкес салық есептілігін кері қайтарып алу туралы салықтық өтінішті (бұдан әрі - салықтық өтініш);
көрсетілетін қызметті алушының өкілі жүгінген жағдайда нотариат куәландырған сенімхатты табыс етеді.
Көрсетілетін қызметті алушының жеке басын сәйкестендіру үшін жеке басын куәландыратын құжат көрсетіледі.
Құжаттарды Мемлекеттік корпорация арқылы қабылдаған кезде көрсетілетін қызметті алушыға тиісті құжаттарды қабылдағаны туралы қолхат беріледі.
Мемлекеттік корпорацияда дайын құжаттарды беруді тиісті құжаттарды қабылдағаны туралы қолхат негізінде (не нотариат куәландырған сенімхат бойынша оның өкілі) жеке куәлігін көрсеткен кезде жүзеге асырады.
Егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, көрсетілетін қызметті алушы Мемлекеттік корпорациясы арқылы мемлекеттік қызметті алған жағдайда, Мемлекеттік корпорация ұсынған нысан бойынша ақпараттық жүйелерде қамтылған, заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға жазбаша келісімін береді.
Мемлекеттік корпорация көрсетілетін қызметті алушы жүгінбеуі себебінен уақытылы берілмеген құжаттардың бір ай сақталуын қамтамасыз етеді, одан кейін оларды көрсетілетін қызметті берушіге сақтауға береді. Бір ай мерзім өткеннен кейін көрсетілетін қызметті алушы жүгінген кезде Мемлекеттік корпорацияның сұрауы бойынша көрсетілетін қызметті беруші бір күн ішінде дайын құжаттарды Мемлекеттік корпорацияға көрсетілетін қызметті алушыға беру үшін жолдайды;
порталға:
осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына қосымшаға сәйкес көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-мен куәландырылған электрондық құжат нысанындағы салықтық өтінішті табыс етеді.
Көрсетілетін қызметті алушылардан ақпараттық жүйелерден алынуы мүмкін құжаттарды талап етуге жол берілмейді.
Портал немесе СЕӨС арқылы жүгінген кезде көрсетілетін қызметті алушы құжаттар топтамасының қабылданғаны немесе қабылдамағаны туралы электрондық хабарлама/растауды алады.
Почта арқылы жүгінген кезде көрсетілетін қызметті беруші почта хабарламасына белгі қояды.";
көрсетілген бұйрықпен бекітілген "Салықтардың, бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің, өсімпұлдардың, айыппұлдардың төленген сомаларын есепке жатқызуды және қайтаруды жүргізу" мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандартында:
3-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
"3. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті Министрліктің Мемлекеттік кірістер комитетінің аумақтық органдары (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.";
9-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"9. Көрсетілетін қызметті алушы не нотариалды куәландырылған сенімхат бойынша оның өкілі көрсетілетін қызметті берушіге немесе Мемлекеттік корпорацияға жүгінген кезде мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті құжаттар тізбесі:
1) осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 1-қосымшаға сәйкес салықтық өтініш;
2) салық салу, Қазақстан Республикасының зейнетақымен қамтамасыз ету туралы, міндетті әлеуметтік сақтандыру туралы заңнамасы саласындағы құқық бұзушылықтар бойынша оның күшін жою немесе мөлшерін азайту салдарынан заңсыз салынған айыппұлдың төленген сомасын қайтару үшін - заңсыз салынуының салдарынан айыппұлдың күшін жоюды немесе оның мөлшерін азайтуды көздейтін заңды күшіне енген сот актісі немесе жоғары тұрған салық қызметі органының (лауазымды тұлғасының) шешімі;
3) бюджетке төленген алым сомаларын қайтару немесе есепке жатқызу үшін - көрсетілетін қызметті алушының тіркеу іс-қимылдарын жасауға құжаттарды табыс етпегенін растайтын тиісті тіркеуші орган берген құжат;
4) орманды пайдаланғаны үшін төлемақының төленген сомаларын қайтару немесе есепке жатқызу үшін - орманды пайдалануға орман билетін, ағаш кесу билетін пайдаланбағандығын растайтын мемлекеттік орман иелері берген құжат;
5) бюджетке төленген мемлекеттік баж сомасын қайтару үшін - мемлекеттік баж сомасының төленгені туралы төлем құжаты, сондай-ақ оны қайтару үшін негіз болып табылатын тиісті органның құжаты;
6) оның пайдасына іс бойынша тарап болып табылатын мемлекеттік мекемеден мемлекеттік бажды өтеу туралы соттың шешімі шыққан, мемлекеттік баж сомасын төлеушіге қайтару үшін - бюджетке мемлекеттік баж сомасының төленгені туралы төлем құжаты мен заңды күшіне енген сот шешімі.
Көрсетілетін қызметті алушының жеке басын сәйкестендіру үшін жеке басын куәландыратын құжат көрсетіледі.
Мемлекеттік көрсетілетін қызметті Мемлекеттік корпорациясы арқылы көрсеткен кезде көрсетілетін қызметті алушының жеке басын сәйкестендіруді Мемлекеттік корпорацияның қызметшісі жүргізеді.
Көрсетілетін қызметті берушіге жүгінген кезде көрсетілетін қызметті алушы құжаттар топтамасының қабылданған күні мен уақыты көрсетіле отырып, құжаттар топтамасын қабылдағаны туралы белгісі бар талонды алады.
Құжаттарды Мемлекеттік корпорация арқылы қабылдаған кезде көрсетілетін қызметті алушыға тиісті құжаттарды қабылдағаны туралы қолхат беріледі.
Мемлекеттік корпорацияда дайын құжаттарды беруді тиісті құжаттарды қабылдағаны туралы қолхат негізінде (не нотариат куәландырған сенімхат бойынша оның өкілі) жеке куәлігін көрсеткен кезде жүзеге асырады.
Почта арқылы жүгінген кезде көрсетілетін қызметті беруші почта хабарламасына белгі қояды;
порталға:
1) осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 1-қосымшаға сәйкес электрондық құжат нысанындағы салықтық өтінішті;
2) салық салу, Қазақстан Республикасының зейнетақымен қамтамасыз ету туралы, міндетті әлеуметтік сақтандыру туралы заңнамасы саласындағы құқық бұзушылықтар бойынша оның күшін жою немесе мөлшерін азайту салдарынан заңсыз салынған айыппұлдың төленген сомасын қайтару үшін - заңсызсалынуының салдарынан айыппұлдың күшін жоюды немесе оның мөлшерін азайтуды көздейтін заңды күшіне енген сот актісінің немесе жоғары тұрған салық қызметі органының (лауазымды тұлғасының) шешімінің электрондық көшірмесі;
3) бюджетке төленген алым сомаларын қайтару немесе есепке жатқызу үшін - көрсетілетін қызметті алушының тіркеу іс-қимылдарын жасауға құжаттарды табыс етпегенін растайтын тиісті тіркеуші орган берген құжаттың электрондық көшірмесі;
4) орманды пайдаланғаны үшін төлемақының төленген сомаларын қайтару немесе есепке жатқызу үшін - орманды пайдалануға орман билетін, ағаш кесу билетін пайдаланбағандығын растайтын мемлекеттік орман иелері берген құжаттың электрондық көшірмесі;
5) бюджетке төленген мемлекеттік баж сомасын қайтару үшін - мемлекеттік баж сомасының төленгені туралы төлем құжаты, сондай-ақ оны қайтару үшін негіз болып табылатын тиісті органның құжатының электрондық көшірмесі;
6) оның пайдасына іс бойынша тарап болып табылатын мемлекеттік мекемеден мемлекеттік бажды өтеу туралы соттың шешімі шыққан, мемлекеттік баж сомасын төлеушіге қайтару үшін - бюджеткемемлекеттік баж сомасының төленгені туралы төлем құжаты мен заңды күшіне енген сот шешімінің электрондық көшірмесі.
Портал арқылы жүгінген кезде көрсетілетін қызметті алушыға мемлекеттік қызметті алу үшін жолданған сұраудың қабылданғаны туралы күні және уақыты көрсетілген мәлімет жіберіледі.
Егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік көрсетілетін қызметті алған жағдайда, ақпараттық жүйелерде қамтылған, заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға жазбаша келісімін береді.
Салықтық өтініш:
1) салықтардың, төлемдердің, алымдар мен өсімпұлдардың артық төленген сомаларын есепке жатқызуды жүргізу үшін - салық төлеушінің дербес шоты бойынша артық төленген сома есептелген;
2) салықтардың, төлемдердің, алымдар мен өсімпұлдардың артық төленген сомаларын қайтаруды жүргізу үшін - осындай салық, төлем, алым, өсімпұл бойынша салық төлеушінің дербес шоттары жүргізілетін;
3) салықтардың, бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің қате төленген сомаларын есепке жатқызу, қайтару үшін - салықтарды, бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді қате төлеу жүргізілген;
4) салық салу, Қазақстан Республикасының зейнетақымен қамтамасыз ету туралы, міндетті әлеуметтік сақтандыру туралы заңнамасы саласындағы құқық бұзушылықтар бойынша заңсыз салынған айыппұлдың төленген сомасын, сондай-ақ артық төленген соманы қайтару үшін - дербесшоты бойынша қайтаруға жататын айыппұл сомасы есептелген көрсетілетін қызметті берушіге табыс етіледі.";
көрсетілген бұйрықпен бекітілген "Салықтарды және (немесе) өсiмпұлдарды төлеу жөніндегі салық міндеттемесін орындау мерзімдерін өзгерту" мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандартында:
3-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
"3. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті Министрліктің Мемлекеттік кірістер комитетінің аумақтық органдары (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.";
4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"4. Мемлекеттiк қызмет көрсету мерзімдері:
1) мыналарды өзгерту туралы:
салықтық тексеру нәтижелері туралы хабарламада көрсетілген салық және (немесе) өсімпұлдарды төлеу бойынша, салықтардың, бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің және (немесе) өсімпұлдардың есептелген сомаларын төлеу бойынша салықтық міндеттемесін орындау мерзімдерін - өтінішті алған күннен бастап күнтізбелік 15 (он бес) күннен кешіктірмей;
импортталатын тауарларға қосылған құн салығын (бұдан әрі - ҚҚС) төлеу мерзімін - импортталатын тауарларға ҚҚС төлеу мерзімін өзгерту туралы өтінішті алған күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде.
Мемлекеттік корпорацияға жүгінген кезде қабылдау күні мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсету мерзіміне кірмейді.
2) көрсетілетін қызметті берушіге көрсетілетін қызметті алушының құжаттар топтамасын тапсыруы үшін күтудің рұқсат берілетін уақыты - 20 (жиырма) минут, Мемлекеттік корпорациясы - 15 (он бес) минут;
3) көрсетілетін қызметті берушінің көрсетілетін қызметті алушыға қызмет көрсетудің рұқсат берілетін уақыты - 20 (жиырма) минут, Мемлекеттік корпорациясы - 15 (он бес) минут.";
9-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"9. Көрсетілетін қызметті алушы жүгінген кезде мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті құжаттар тізбесі:
көрсетілетін қызметті берушіге немесе Мемлекеттік корпорацияға:
салық және (немесе) өсімпұлдар төлеу жөніндегі салықтық міндеттемесін орындау мерзімін өзгерту үшін:
1) салық және (немесе) өсімпұлдар төлеу мерзімдерін ауыстыру себептері қамтылған салық және (немесе) өсiмпұлдар төлеу жөніндегі салықтық міндеттемесін орындау мерзімдерін өзгерту туралы өтініш - банккепілі шарты немесе кепіл шарты жасалған күннен бастап күнтізбелік он күннен кешіктірмей.
Бұл ретте республикалық бюджетке түсетін, сондай-ақ республикалық және жергілікті бюджеттер арасында бөлінетін салық және (немесе) өсiмпұлдар төлеу жөніндегі салықтық міндеттемесін орындау мерзімдерін өзгерту туралы өтініш көрсетілетін қызметті берушіге беріледі.
Жергілікті бюджетке толық көлемде түсетін салық және (немесе) өсiмпұлдар төлеу жөніндегі салықтық міндеттемесін орындау мерзімдерін өзгерту туралы өтініш көрсетілетін қызметті алушыны тіркеу есебіне алу орны бойынша көрсетілетін қызметті берушіге беріледі;
2) салық және (немесе) өсiмпұлдар төлеу жөніндегі салықтық міндеттемесін орындау мерзімін банк кепілдігі арқылы өзгерту үшін - кепілдікберуші банк пен көрсетілетін қызметті алушы арасында жасалған банк кепілдігі шарты мен банк кепілдігі;
3) көрсетілетін қызметті алушының және (немесе) үшінші тұлғаның мүлкін кепілге қою арқылы салық және (немесе) өсiмпұлдар төлеу жөніндегі салықтық міндеттемесін орындау мерзімін өзгерту үшін - кепілшарты мен кепіл мүлкінің нарықтық құнын бағалау туралы бағалаушының есебі;
салықтық тексеру нәтижелері туралы хабарламада көрсетілген салықтардың, бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің және (немесе) өсімпұлдардың есептелген сомаларын төлеу бойынша салықтық міндеттемесін орындау мерзімдерін өзгерту үшін:
1) салықтық тексеру нәтижелері туралы хабарламада көрсетілген салықтардың, бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің және (немесе) өсімпұлдардың есептелген сомаларын төлеу бойынша салықтық міндеттемесін орындау мерзімдерін өзгерту туралы өтініш;
2) салықтық тексеру нәтижелері туралы хабарламада көрсетілген салықтардың, бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің және (немесе) өсімпұлдардың есептелген сомаларын төлеуді көздейтін салықтық міндеттемесін орындау кестесі;
3) кәсіпкерлік бойынша уәкілетті орган берген салық төлеушінің Қазақстан Республикасының жеке кәсіпкерлік туралы заңнамасында белгіленген дара кәсіпкерлік субъектілері санаттарының біріне тиесілілігін жазбаша растауы;
импортталатын тауарларға ҚҚС төлеу мерзімдерін өзгерту үшін:
1) көрсетілетін қызметті берушіге үш айдан аспайтын мерзімге импортталатын тауарларға ҚҚС төлеу мерзімдерін өзгерту бойынша:
осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 1-қосымшаға сәйкес импортталатын тауарларға ҚҚС төлеу мерзімдерін өзгерту туралы өтініш;
тауарларды жеткізуге арналған шарттың (келісімшарттың) көшірмесі;
Қазақстан Республикасының кеден заңнамасына сәйкес импортталатын тауарларды өндірістік өңдеуге арналған тауарларға жатқызуды растау туралы көрсетілетін қызметті берушінің қортындысы.
Осы тармақшаның ережелері Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің аумағынан Қазақстан Республикасының аумағына импортталатын тауарларға қолданылмайды;
2) көрсетілетін қызметті берушіге - өнеркәсіптік өңдеу үшін импорт бойынша тауарларды ұдайы алып тұратын ҚҚС төлеушілерге күнтізбелік жыл ішінде қолданылатын импортқа ҚҚС төлеу мерзімдерін өзгерту бойынша:
осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 1-қосымшаға сәйкес импортталатын тауарларға ҚҚС төлеу мерзімдерін өзгерту туралы өтініш;
тауарларды жеткізуге арналған шарттың (келісімшарттың) көшірмесі;
Қазақстан Республикасының кеден заңнамасына сәйкес импортталатын тауарларды өндірістік өңдеуге арналған тауарларға жатқызуды растау туралы мемлекеттік кірістер органының қортындысы.
Осы тармақшаның ережелері Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің аумағынан Қазақстан Республикасының аумағына импортталатын тауарларға қолданылмайды;
көрсетілетін қызметті берушінің ҚҚС төлеушінің орналасқан орны бойынша өндірістік қуаты мен үй-жайларының бар екені туралы қортындысы.
Көрсетілетін қызметті алушының жеке басын сәйкестендіру үшін жеке басын куәландыратын құжат көрсетіледі.
порталға:
салықтық тексеру нәтижелері туралы хабарламада көрсетілген салықтардың, бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің және (немесе) өсімпұлдардың есептелген сомаларын төлеу бойынша салықтық міндеттемесін орындау мерзімдерін өзгерту үшін:
1) салықтық тексеру нәтижелері туралы хабарламада көрсетілген салықтардың, бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің және (немесе) өсімпұлдардың есептелген сомаларын төлеу бойынша салықтық міндеттемесін орындау мерзімдерін өзгерту туралы электрондық құжат нысанындағы өтініш;
2) салықтық тексеру нәтижелері туралы хабарламада көрсетілген салықтардың, бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің және (немесе) өсімпұлдардың есептелген сомаларын төлеуді көздейтін салықтық міндеттемесін орындау кестесінің электрондық көшірмесі;
3) кәсіпкерлік бойынша уәкілетті орган берген салық төлеушінің Қазақстан Республикасының жеке кәсіпкерлік туралы заңнамасында белгіленген жеке кәсіпкерлік субъектілері санаттарының біріне тиесілілігінің жазбаша растауының электрондық көшірмесі.
Мемлекеттік ақпараттық жүйелерде қамтылған жеке басын куәландыратын құжаттар туралы, заңды тұлға ретінде тіркеу (қайта тіркеу) туралы, дара кәсіпкер ретінде мемлекеттік тіркеу туралы мәліметтерді көрсетілетін қызметті берушінің қызметкері тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден алады.
Көрсетілетін қызметті беруші, егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, мемлекеттік қызметтер көрсету кезінде ақпараттық жүйелерде қамтылған, заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға көрсетілетін қызметті алушының келісімін алады.
Құжаттарды қабылдау кезінде көрсетілетін қызметті беруші, Мемлекеттік корпорация құжаттардың көшірмесін түпнұсқамен салыстырып тексереді, содан кейін түпнұсқаларын көрсетілетін қызметті алушыға қайтарады.
Көрсетілетін қызметті берушіге жүгінген кезде көрсетілетін қызметті алушы құжаттар топтамасының қабылданған күні мен уақыты көрсетіле отырып, құжаттар топтамасын қабылдағаны туралы белгісі бар талонды алады.
Құжаттарды мемлекеттік корпорация арқылы қабылдаған кезде көрсетілетін қызметті алушыға тиісті құжаттарды қабылдағаны туралы қолхат беріледі.
Егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, көрсетілетін қызметті алушы Мемлекеттік корпорациясы арқылы мемлекеттік қызметті алған жағдайда, Мемлекеттік корпорация ұсынған нысан бойынша ақпараттық жүйелерде қамтылған, заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға жазбаша келісімін береді.
Мемлекеттік корпорацияда дайын құжаттарды беруді тиісті құжаттарды қабылдағаны туралы қолхат негізінде, жеке куәлігін көрсеткен кезде жүзеге асырады.
Мемлекеттік корпорация көрсетілетін қызметті алушы жүгінбеуі себебінен уақытылы берілмеген құжаттардың бір ай сақталуын қамтамасыз етеді, одан кейін оларды көрсетілетін қызметті берушіге сақтауға береді. Бір ай мерзім өткеннен кейін көрсетілетін қызметті алушы жүгінген кезде Мемлекеттік корпорацияның сұрауы бойынша көрсетілетін қызметті беруші бір күн ішінде дайын құжаттарды Мемлекеттік корпорацияға көрсетілетін қызметті алушыға беру үшін жолдайды.
Портал арқылы жүгінген кезде көрсетілетін қызметті алушыға мемлекеттік қызметті көрсетуге сұрау салуды қабылдау туралы мәлімет жолданады.
Көрсетілетін қызметті алушылардан ақпараттық жүйелерден алынуы мүмкін құжаттарды талап етуге жол берілмейді.";
көрсетілген бұйрықпен бекітілген "Әкімшінің (уақытша әкімшінің, оңалтушы, уақытша және банкроттықты басқарушының) қызметін жүзеге асыру құқығына үміткер адамдардың біліктілік емтиханын өткізу" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартында:
6-тармақтың 1) тармақшасы алып тасталсын;
көрсетілген бұйрықпен бекітілген "Авторлық құқық пен сабақтас құқық, тауар таңбалары, қызмет көрсету таңбалары объектілерiн және тауарларды шығарған жерлердің атауларын зияткерлік меншік объектілерінің кедендік тізіліміне енгізу" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартында:
4-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"1) көрсетілетін қызметті берушіге құжаттар топтамасын тапсырған сәттен бастап - күнтізбелік 30 (отыз) күн.
Жеткілікті негіздер болған кезде (мөрінің, қолының, апостилінің, қол қою құқығының болмауы, құжаттар мен мәліметтердің тұпнұсқасындағы күмән) көрсетілетін қызметті беруші өтінішті қарау мерзімін 3 (үш) айға дейін ұзартуға құқылы;";
9-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"9. Көрсетілетін қызметті алушы немесе көрсетілетін қызметті алушының мүддесін білдіретін өзге тұлға жүгінген кезде мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті құжаттардың тізбесі:
1) осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш;
2) зияткерлік меншік құқығының бар екендігін және тиесілі екендігін растаулар (куәлік, лицензиялық шарт, Қазақстан Республикасы тауар таңбаларының мемлекеттік тізілімінен үзінді көшірме, халықаралық тіркеу бойынша тауар таңбасының құқықтық мәртебесі туралы анықтама), құқық иеленушінің өзінің мүдделерін білдіретін тұлғаға берген сенімхаты, көрсетілетін қызметті алушының басқа тұлғаларға келтірген зияны үшін азаматтық-құқықтық жауапкершілігін сақтандыру шарты (түпнұсқалар не олардың нотариат куәландырған көшірмелері).
Бұл ретте, сақтандыру сомасы тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда белгіленген 1000 еселенген айлық есептік көрсеткіштен кем болмауға тиіс;
3) зияткерлік меншік құқығы бұзылған тауарлардың ерекше белгілерінің сипаттамасы;
4) зияткерлік меншiк объектiлерi бар тауарлардың және зияткерлік меншік құқығы бұзылған тауарлардың үлгілері, оның ішінде олардың электрондық нысандағы бейнелері (болған кезде).
Көрсетілетін қызметті алушылардан ақпараттық жүйелерден алынуы мүмкін құжаттарды талап етуге жол берілмейді.
Құжаттар топтамасын қабылдаған адамның тегі және аты-жөні, қолы, уақыты, күні қамтитын өтініштің көшірмесіндегі белгі көрсетілетін қызметті алушыдан құжаттарды қабылдағанын растауы болып табылады.";
Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес қосымшамен толықтырылсын;
көрсетілген бұйрықпен бекітілген "Уәкілетті экономикалық оператор мәртебесін беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартында:
9-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"9. Көрсетілетін қызметті алушы жүгінген кезде мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті құжаттар тізбесі:
көрсетілетін қызметті берушіге:
1) осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша салықтық өтініш;
2) осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 2-қосымшаға сәйкес толтырылған сауалнама;
3) кедендік баждар мен салықтардың төленуін бас қамтамасыз етуді растайтын мынадай құжаттардың бірін:
кеден органының ақшаны уақытша орналастыру шотына аудару туралы төлем құжатының көшірмесін;
төлеуші мен кеден органы арасында жасалған мүліктің кепілді шартын және бағалаушының кепілді мүліктің нарықтық құнын бағалау туралы есебін;
банктік кепілдік шартын;
кепілдемелер шартын;
4) аудиторлық есепті;
5) меншік құқығындағы немесе шаруашылық жүргізу құқығындағы немесе жедел басқару немесе жалдау (қосалқы жалдау) құқығындағы не олардың мемлекеттік органдардың тиісті ақпараттық жүйелерінен алынған мүмкіндіктерді қоспағанда, өндірістік операциялар жүзеге асырылатын үй-жайларға, ашық алаңдарға және өзге аумақтарға өзге заңды негіздерді растайтын құжаттарды ұсынады.
порталға:
1) ЭЦҚ қол қойылған электрондық құжат нысанындағы өтініш;
2) осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 2-қосымшаға сәйкес толтырылған сауалнама;
3) кедендік баждар мен салықтардың төленуін бас қамтамасыз етуді растайтын мынадай құжаттардың бірін:
мемлекеттік кірістер органының ақшаны уақытша орналастыру шотына аудару туралы төлем құжатының электрондық көшірмесін;
төлеуші мен мемлекеттік кірістер органы арасында жасалған мүліктің кепілді шартының электрондық көшірмесін және бағалаушының кепілді мүліктің нарықтық құнын бағалау туралы есебін;
банктік кепілдік шартының электрондық көшірмесін;
кепілдемелер шартының электрондық көшірмесін;
4) аудиторлық есептің электрондық көшірмесін;
5) меншік құқығындағы немесе шаруашылық жүргізу құқығындағы немесе жедел басқару немесе жалдау (қосалқы жалдау) құқығындағы не өндірістік операциялар жүзеге асырылатын үй-жайларға, ашық алаңдарға және өзге аумақтарға өзге заңды негіздерді растайтын құжаттардың электрондық көшірмесін ұсынады.
Құжаттарды тапсырған кезде электрондық шот-фактуралардың ақпараттық жүйесін қолдану туралы шарттың (келісім) болуы қажет.
Көрсетілетін қызметті алушылардан ақпараттық жүйелерден алынуы мүмкін құжаттарды талап етуге жол берілмейді.
Көрсетілетін қызметті беруші, егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, мемлекеттік қызметтер көрсету кезінде ақпараттық жүйелерде қамтылған, заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға көрсетілетін қызметті алушының келісімін алады.
Көрсетілетін қызметті алушы барлық қажетті құжаттарды тапсырған кезде:
көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі арқылы - құжаттар топтамасын қабылдау күні мен уақытын көрсете отырып, көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесінде тіркелуі туралы оның көшірмесіне белгі қою қағаз тасығыштағы өтінішті қабылдаудың растауы болып табылады;
портал арқылы - көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетінде" мемлекеттік қызмет көрсету үшін сұрау салудың қабылданғаны туралы мәртебе көрсетіледі.";
10-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"10. Өтініште, сауалнамада мәліметтерді толық көрсетпеу не электрондық шот-фактуралардың акпараттық жүйесін пайдалану туралы шарттың (келісімнің) және осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 9-тармағында көрсетілген құжаттардың болмауы мемлекеттік қызметті көрсетудан бас тарту үшін негіздеме болып табылады.";
Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш осы бұйрыққа 4-қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын;
көрсетілген бұйрықпен бекітілген "Кеден өкілдерінің тізіліміне енгізу" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартында:
9-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"9. Көрсетілетін қызметті алушы жүгінген кезде мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті құжаттар тізбесі:
көрсетілетін қызметті берушіге:
1) осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш;
2) кедендік декларациялау бойынша мамандарды жұмысқа қабылдау туралы бұйрықтар не олармен жасалған еңбек шарттары;
3) кедендік баждардың, салықтардың төленуін қамтамасыз етуді растайтын құжаттар;
4) азаматтық-құқықтық жауапкершілігін сақтандыру шарты;
портал арқылы:
1) ЭЦҚ қол қойылған электрондық құжат нысанындағы өтініш;
2) кедендік декларациялау бойынша мамандарды жұмысқа қабылдау туралы бұйрықтардың электрондық көшірмелері не олармен жасалған еңбек шарттары;
3) кедендік баждардың, салықтардың төленуін қамтамасыз етуді растайтын құжаттардың электрондық көшірмелері;
4) азаматтық-құқықтық жауапкершілігін сақтандыру шартының электрондық көшірмелері.
Құжаттарды тапсырған кезде электрондық шот-фактуралардың ақпараттық жүйесін қолдану туралы шарттың (келісімнің) болуы қажет.
Көрсетілетін қызметті алушылардан ақпараттық жүйелерден алынуы мүмкін құжаттарды талап етуге жол берілмейді.
Көрсетілетін қызметті беруші, егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, мемлекеттік қызметтер көрсету кезінде ақпараттық жүйелерде қамтылған, заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға көрсетілетін қызметті алушының келісімін алады.
Көрсетілетін қызметті алушы барлық қажетті құжаттарды тапсырған кезде:
көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі арқылы - құжаттар топтамасын қабылдау күні мен уақытын көрсете отырып, көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесінде тіркелуі туралы оның көшірмесіне белгі қою қағаз тасығыштағы өтінішті қабылдаудың растауы болып табылады;
портал арқылы - көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетінде" мемлекеттік қызмет көрсету үшін сұрау салудың қабылданғаны туралы мәртебе көрсетіледі.";
10-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"10. Мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту үшін мыналар негіздемелер болып табылады:
1) көрсетілетін қызметті алушының мынадай талаптарға сәйкес келмеуі:
осы тұлғаның штатында біліктілік аттестаты бар кедендік декларациялау жөніндегі кемінде екі маманның болуы;
ұсынылатын тұлғалардың мүлкіне зиян келтіру немесе осы тұлғалармен шарттарды бұзу салдарынан басталуы мүмкін азаматтық-құқықтық жауапкершілікті сақтандыру шартының болуы. Сақтандыру сомасының мөлшері шартта белгіленеді;
осындай қамтамасыз ету ұсынылған күні Қазақстан Республикасының салық заңнамасына сәйкес белгіленген валютаның нарықтық бағамын қолдана отырып, кемінде бір миллион еуроға баламалы сомаға кедендік баждардың, салықтардың төленуін қамтамасыз етуді ұсынуы;
электрондық шот-фактуралардың ақпараттық жүйесін пайдалану туралы шарттың (келісімнің) болуы;
2) осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 9-тармағында көрсетілген барлық құжаттарды ұсынбауы.";
Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш осы бұйрыққа 5-қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын;
көрсетілген бұйрықпен бекітілген "Кедендік тасымалдаушылар тізіліміне енгізу"мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартында:
9-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"9. Көрсетілетін қызметті алушы жүгінген кезде мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті құжаттар тізбесі:
көрсетілетін қызметті берушіге:
1) осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш;
2) "Қазақстан Республикасындағы кеден ісі туралы" 2010 жылғы 30 маусымдағы Қазақстан Республикасы Кодексінің (бұдан әрі - Кодекс) 16-тарауына сәйкес кедендік баждардың және салықтардың төленуін қамтамасыз етуді растайтын құжаттар;
3) кедендік тасымалдаушы ретінде қызметті жүзеге асырған кезде пайдалану көзделетін халықаралық тасымалдаудың көлік құралдарына иелік ету құқығын растайтын құжаттардың нотариалды куәландырылған көшірмелері;
4) кедендік пломбалары және мөрлері бар тауарларды тасымалдау үшін халықаралық тасымалдауға көлік құралдарын жіберу туралы куәліктерінің көшірмелері;
5) егер, қызметтің мұндай түрі көрсетілген құжаттың болуын талап етсе, жүктерді тасымалдау жөніндегі қызметті жүзеге асыруға арналған рұқсат ету құжаттарының көшірмелері;
6) қызмет аймағына тұлға тіркелген аумақтық мемлекеттік кірістер органының мынадай шарттарға сәйкестігіне қорытындысы:
тауарларды тасымалдау үшін пайдаланылатын көлік құралдарының, оның ішінде кедендік пломбалары және мөрлері бар тауарларды тасымалдау үшін жарамды көлік құралдарының меншігінде, шаруашылық жүргізуінде, жедел басқаруында, жалға алынған болуы;
әрбір көлік құралында кеден органына сигнал беру арқылы аталған көлік құралының тұрған жерін анықтауға мүмкіндік беретін техникалық жабдықтың болуы;
портал арқылы:
1) ЭЦҚ қол қойылған электрондық құжат нысанындағы өтініш;
2) Кодекстің 16-тарауына сәйкес кедендік баждардың және салықтардың төленуін қамтамасыз етуді растайтын құжаттардың электрондық көшірмелері;
3) кедендік тасымалдаушы ретінде қызметті жүзеге асырған кезде пайдалану көзделетін халықаралық тасымалдаудың көлік құралдарына иелік ету құқығын растайтын құжаттардың көшірмелерінің нотариалды куәландырылған электрондық көшірмелері;
4) кедендік пломбалары және мөрлері бар тауарларды тасымалдау үшін халықаралық тасымалдауға көлік құралдарын жіберу туралы куәліктерінің электрондық көшірмелері;
5) егер, қызметтің мұндай түрі көрсетілген құжаттың болуын талап етсе, жүктерді тасымалдау жөніндегі қызметті жүзеге асыруға арналған рұқсат ету құжаттарының электрондық көшірмелері;
6) қызмет ету аймағында тұлға тіркелген аумақтық мемлекеттік кірістер органының мынадай шарттарға сәйкестігіне қорытындысының электрондық көшірмелері:
тауарларды тасымалдау үшін пайдаланылатын көлік құралдарының, оның ішінде кедендік пломбалары және мөрлері бар тауарларды тасымалдау үшін жарамды көлік құралдарының меншігінде, шаруашылық жүргізуінде, жедел басқаруында, жалға алынған болуы;
әрбір көлік құралында мемлекеттік кірістер органына сигнал беру арқылы аталған көлік құралының тұрған жерін анықтауға мүмкіндік беретін техникалық жабдықтың болуы.
Құжаттарды тапсырған кезде электрондық шот-фактуралардың ақпараттық жүйесін қолдану туралы шарттың (келісімнің) болуы қажет.
Көрсетілетін қызметті алушылардан ақпараттық жүйелерден алынуы мүмкін құжаттарды талап етуге жол берілмейді.
Көрсетілетін қызметті беруші, егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, мемлекеттік қызметтер көрсету кезінде ақпараттық жүйелерде қамтылған, заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға көрсетілетін қызметті алушының келісімін алады.
Көрсетілетін қызметті алушы барлық қажетті құжаттарды тапсырған кезде:
көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі арқылы - құжаттар топтамасын қабылдау күні мен уақытын көрсете отырып, көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесінде тіркелуі туралы оның көшірмесіне белгі қою қағаз тасығыштағы өтінішті қабылдаудың растауы болып табылады;
портал арқылы - көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетінде" мемлекеттік қызмет көрсету үшін сұрау салудың қабылданғаны туралы мәртебе көрсетіледі.";
10-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"10. Мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту үшін мыналар негіздемелер болып табылады:
1) көрсетілетін қызметті алушы мынадай талаптарға сәйкес келмеуі:
осы тұлғаның мемлекеттік кірістер органына өтініш берген күніне кемінде екі жыл бойы жүктерді тасымалдау жөніндегі қызметті жүзеге асыруы;
кедендік баждардың, салықтардың төленуін қамтамасыз етуді енгізу күніне Қазақстан Республикасының салық заңнамасына сәйкес валютаның нарықтық бағамын қолдана отырып, кемінде екі мың еуроға баламалы сомаға осындай қамтамасыз етуді ұсыну;
егер мұндай қызмет түрі Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес көрсетілген құжаттың болуын талап етсет жүктерді тасымалдау жөніндегі қызметті жүзеге асыруға арналған рұқсат құжатының болуы;
тауарларды тасымалдау үшін пайдаланылатын көлік құралдарының, оның ішінде кедендік пломбалары және мөрлері бар тауарларды тасымалдау үшін жарамды көлік құралдарының меншігінде, шаруашылық жүргізуінде, жедел басқаруында, жалға алынған болуы;
мемлекеттік кірістер органына өтініш берген күніне кедендік төлемдерді, салықтарды және өсімпұлдарды төлеу бойынша орындалмаған міндеттің болмауы;
мемлекеттік кірістер органына өтініш берілген күнге дейінгі бір жыл ішінде Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 521-530, 532-534, 538, 539, 549-551, 555, 558-баптарына сәйкес әкімшілік жауапкершілікке тартылу фактілерінің болмауы;
әрбір көлік құралында мемлекеттік кірістер органына сигнал беру арқылы аталған көлік құралының тұрған жерін анықтауға мүмкіндік беретін техникалық жабдықтың болуы;
электрондық шот-фактуралардың ақпараттық жүйесін пайдалану туралы шарттың (келісімнің) болуы;
2) осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 9-тармағында көрсетілген барлық құжаттарды ұсынбауы.";
Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш осы бұйрыққа 6-қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын;
көрсетілген бұйрықпен бекітілген "Преференциалдық және преференциалдық емес режимдерді қолдану кезінде тауар шығарылған елді айқындауға қатысты алдын ала шешімдер қабылдау" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты осы бұйрыққа 7-қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын;
көрсетілген бұйрықпен бекітілген "Тауарларды сыныптау жөніндегі алдын ала шешімді қабылдау" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты осы бұйрыққа 8-қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын;
көрсетілген бұйрықпен бекітілген "Кедендiк баждар, салықтар, кедендiк алымдар мен өсімпұлдар бойынша есептеулердi салыстыру актiсiн беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты осы бұйрыққа 9-қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын;
көрсетілген бұйрықпен бекітілген "Тауарды құрастырылмаған немесе жиналмаған түрде, оның ішінде белгіленген уақыт кезеңі ішінде әртүрлі партиялармен әкелу көзделген жинақталмаған немесе аяқталмаған түрде жіктеу туралы шешімді беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты осы бұйрыққа 10-қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын;
көрсетілген бұйрықпен бекітілген "Уақытша сақтау қоймалары иелерінің тізіліміне енгізу" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартында:
6-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
"6. Уақытша сақтау қоймалары иелерінің тізіліміне енгізу туралы шешім, не осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 10-тармағында көрсетілген жағдайларда және негіздемелер бойынша мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап - мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі болып табылады.";
9-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"9. Көрсетілетін қызметті алушы жүгінген кезде мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті құжаттар тізбесі:
көрсетілетін қызметті берушіге:
осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш;
уақытша сақтау қоймалары иесінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін сақтандыру шарты.
порталға:
ЭЦҚ қойылған электрондық құжат нысанындағы өтініш;
уақытша сақтау қоймалары иесінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін сақтандыру шартының электрондық көшірмесі.
Кеден ісі саласындағы уәкілетті органның аумақтық бөлімшесінің лауазымды адамы "Қазақстан Республикасындағы кеден ісі туралы" 2010 жылғы 30 маусымдағы Қазақстан Республикасының Кодексінің (бұдан әрі - Кодекс) 208-бабының 3-тармағына сәйкес өтініш берушінің үй-жайлары мен аумақтарының Кодекстің 40-бабы 1-тармағының 1) тармақшасында айқындалған талаптарға сәйкестігін қарап-тексереді.
Қарап-тексеруді жүргізу кезінде көрсетілетін қызметті алушы көрсетілетін қызметті берушінің лауазымды адамына түпнұсқаларын көрсете отырып, мынадай құжаттардың:
1) қызметті жүзеге асыру кезінде уақытша сақтау қоймасы ретінде пайдалануға арналған үй-жайларға және (немесе) ашық алаңдарға иелік ету құқығын растайтын құжаттардың;
2) уақытша сақтау қоймасы ретінде мәлімделген үй-жайлар мен аумақтардың жоспарының, сызбаларының;
3) қажетті тиеу-түсіру механизмдері мен арнаулы техниканың, сондай-ақ орналастырылатын тауарлар мен көлік құралдарының сипатына сай келетін сертификатталған таразы жабдығының, ал арнаулы сақтау орнына газ орналастырылатын жағдайда тиісті есептеу аспабының бар екенін растайтын құжаттардың көшірмелерін ұсынады.
Көрсетілетін қызметті алушы, егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, мемлекеттік қызметтер көрсету кезінде ақпараттық жүйелерде қамтылған, заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға жазбаша келісімін ұсынады.
Көрсетілетін қызметті алушылардан ақпараттық жүйелерден алынуы мүмкін құжаттарды талап етуге жол берілмейді.
Көрсетілетін қызметті алушы барлық қажетті құжаттарды тапсырған кезде:
көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі арқылы - құжаттар топтамасын қабылдау күні мен уақытын көрсете отырып, көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесінде тіркелуі туралы оның көшірмесіне белгі қою қағаз тасығыштағы өтінішті қабылдаудың растауы болып табылады;
портал арқылы - көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетінде" мемлекеттік қызмет көрсету үшін сұрау салудың қабылданғаны туралы мәртебе көрсетіледі.";
Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш осы бұйрыққа 11-қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын;
көрсетілген бұйрықпен бекітілген "Кеден қоймалары иелерінің тізіліміне енгізу" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартында:
6-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
"6. Кедендік қоймалар иелерінің тізіліміне енгізу туралы шешім, не осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 10-тармағында көрсетілген жағдайларда және негіздемелер бойынша мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап - мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі болып табылады.";
9-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"9. Көрсетілетін қызметті алушы жүгінген кезде мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті құжаттар тізбесі:
көрсетілетін қызметті берушіге:
осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш;
кеден қоймалары иесінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін сақтандыру шарты.
порталға:
ЭЦҚ қойылған электрондық құжат нысанындағы өтініш;
кеден қоймалары иесінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін сақтандыру шартының электрондық көшірмесі.
Кеден ісі саласындағы уәкілетті органның аумақтық бөлімшесінің лауазымды адамы "Қазақстан Республикасындағы кеден ісі туралы" 2010 жылғы 30 маусымдағы Қазақстан Республикасының Кодексінің (бұдан әрі - Кодекс) 208-бабының 3-тармағына сәйкес өтініш берушінің үй-жайлары мен аумақтарының Кодекстің 47-бабы 1-тармағының 1) тармақшасында айқындалған талаптарға сәйкестігін қарап-тексереді.
Қарап-тексеруді жүргізу кезінде көрсетілетін қызметті алушы көрсетілетін қызметті берушінің лауазымды адамына түпнұсқаларын көрсете отырып, мынадай құжаттардың:
1) қызметті жүзеге асыру кезінде кеден қоймасы ретінде пайдалануға арналған үй-жайларға және (немесе) ашық алаңдарға иелік ету құқығын растайтын;
2) кеден қоймасы ретінде мәлімделген үй-жайлар мен аумақтардың жоспарларының, сызбаларының;
3) қажетті тиеу-түсіру механизмдері мен арнаулы техниканы, сондай-ақ орналастырылатын тауарлар мен көлік құралдарының сипатына сай келетін сертификатталған таразы жабдығын, ал арнаулы сақтау орнына газ орналастырылатын жағдайда - тиісті есептеу аспабын иелену құқығын растайтын құжаттардың көшірмелерін ұсынады.
Көрсетілетін қызметті алушы, егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, мемлекеттік қызметтер көрсету кезінде ақпараттық жүйелерде қамтылған, заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға жазбаша келісімін ұсынады.
Көрсетілетін қызметті алушылардан ақпараттық жүйелерден алынуы мүмкін құжаттарды талап етуге жол берілмейді.
Көрсетілетін қызметті алушы барлық қажетті құжаттарды тапсырған кезде:
көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі арқылы - құжаттар топтамасын қабылдау күні мен уақытын көрсете отырып, көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесінде тіркелуі туралы оның көшірмесіне белгі қою қағаз тасығыштағы өтінішті қабылдаудың растауы болып табылады;
портал арқылы - көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетінде" мемлекеттік қызмет көрсету үшін сұрау салудың қабылданғаны туралы мәртебе көрсетіледі.";
Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш осы бұйрыққа 12-қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын;
көрсетілген бұйрықпен бекітілген "Еркін қоймалар иелерінің тізіліміне енгізу" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартында:
3-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
"3. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті Министрліктің Мемлекеттік кірістер комитетінің облыстар, Астана және Алматы қалалары бойынша аумақтық органдары және кедендер (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.";
9-1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"9-1. Көрсетілетін қызметті алушының және (немесе) мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті ұсынылған материалдардың, объектілердің, деректердің және мәліметтердің Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінде белгіленген талаптарға сәйкес келмеуі мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту үшін негіздеме болып табылады.";
көрсетілген бұйрықпен бекітілген "Бажсыз сауда дүкендері иелерінің тізіліміне енгізу" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартында:
6-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
"6. Бажсыз сауда дүкендері иелерінің тізіліміне енгізу туралы шешімі, не осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 10-тармағында көрсетілген жағдайларда және негіздемелер бойынша көрсетілетін қызметті берушінің мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауабы - мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі.";
9-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"9. Көрсетілетін қызметті алушы жүгінген кезде мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті құжаттар тізбесі:
көрсетілетін қызметті берушіге:
осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш;
порталға:
ЭЦҚ қойылған электрондық құжат нысанындағы өтініш.
Кеден ісі саласындағы уәкілетті органның аумақтық бөлімшесінің лауазымды адамы "Қазақстан Республикасындағы кеден ісі туралы" 2010 жылғы 30 маусымдағы Қазақстан Республикасының Кодексінің (бұдан әрі - Кодекс) 208-бабының 3-тармағына сәйкес өтініш берушінің үй-жайлары мен аумақтарының Кодекстің 54-бабы 1-тармағының 1) тармақшасында айқындалған талаптарға сәйкестігін қарап-тексереді.
Қарап-тексеруді жүргізу кезінде көрсетілетін қызметті алушы көрсетілетін қызметті берушінің лауазымды адамына түпнұсқаларын көрсете отырып, мынадай құжаттардың:
1) бажсыз сауда дүкендері ретінде пайдалану үшін жарамды үй-жайларға иелік ету құқығын растайтын;
2) бажсыз сауда дүкендері ретінде мәлімделген үй-жайлар мен аумақтардың жоспарларының, сызбаларының;
3) егер бөлшек саудаға арналған тіркеу немесе рұқсат құжаттарын алу міндеті Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделсе, сол құжаттардың көшірмелерін ұсынады.
Көрсетілетін қызметті алушылардан ақпараттық жүйелерден алынуы мүмкін құжаттарды талап етуге жол берілмейді.
Көрсетілетін қызметті алушы, егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, мемлекеттік қызметтер көрсету кезінде ақпараттық жүйелерде қамтылған, заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға жазбаша келісімін ұсынады.
Көрсетілетін қызметті алушы барлық қажетті құжаттарды тапсырған кезде:
көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі арқылы - құжаттар топтамасын қабылдау күні мен уақытын көрсете отырып, көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесінде тіркелуі туралы оның көшірмесіне белгі қою қағаз тасығыштағы өтінішті қабылдаудың растауы болып табылады;
портал арқылы - көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетінде" мемлекеттік қызмет көрсету үшін сұрау салудың қабылданғаны туралы мәртебе көрсетіледі.";
Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына қосымша сәйкес нысан бойынша өтініш осы бұйрыққа 13-қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын;
көрсетілген бұйрықпен бекітілген "Өз тауарларын сақтау қоймалары иелерінің тізіліміне енгізу" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартында:
6-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
"6. Өз тауарларын сақтау қоймалары иелерінің тізіліміне енгізу туралы шешім, не осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 10-тармағында көрсетілген жағдайларда және негіздемелер бойынша мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап - мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі болып табылады.";
9-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"9. Көрсетілетін қызметті берушіге көрсетілетін қызметті алушы жүгінген кезде мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті құжаттар тізбесі:
көрсетілетін қызметті берушіге:
осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш.
Кеден ісі саласындағы уәкілетті органның аумақтық бөлімшесінің лауазымды адамы "Қазақстан Республикасындағы кеден ісі туралы" 2010 жылғы 30 маусымдағы Қазақстан Республикасының Кодексінің (бұдан әрі - Кодекс) 208-бабының 3-тармағына сәйкес өтініш берушінің үй-жайлары мен аумақтарының Кодекстің 260-бабы 2-тармағында айқындалған талаптарға сәйкестігін қарап-тексереді.
Қарап-тексеруді жүргізу кезінде көрсетілетін қызметті алушы көрсетілетін қызметті берушінің лауазымды адамына түпнұсқаларын көрсете отырып, мынадай құжаттардың:
1) Кодекстің 260-бабының 2-тармағында айқындалған талаптардың орындалуын растайтын;
2) өз тауарларын сақтау қоймасын құруға арналған аумақтар жоспарларының, үй-жайдың немесе ашық алаңның жоспарлары мен сызбаларының көшірмелерін (тұпнұсқаларын көрсете отырып) табыс етеді;
Жоғарыда көрсетілген құжаттар тұпнұсқалары көрсетіле отырып, көшірмелер түрінде ұсынылады.
Құжаттар топтамасын қабылдаған адамның тегі және аты-жөні, қолы, уақыты, күні қамтитын өтініштің көшірмесіндегі белгі көрсетілетін қызметті алушыдан құжаттарды қабылдағанын растауы болып табылады.
Көрсетілетін қызметті алушылардан ақпараттық жүйелерден алынуы мүмкін құжаттарды талап етуге жол берілмейді.";
10-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"10. Мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту үшін мыналар негіздемелер болып табылады:
1) көрсетілетін қызметті алушының мынадай талаптарға сәйкес келмеуі:
меншігінде, шаруашылық жүргізуінде, жедел басқаруында немесе жалдауында үй-жайлар және (немесе) ашық алаңдар болуы;
қажетті тиеу-түсіру механизмдері және арнаулы техникасы болуға, сондай-ақ орналастырылатын тауарлар мен көлік құралдарының сипатына сәйкес келетін сертификатталған таразы жабдығы, ал арнаулы сақтау орнына газ орналастырылатын жағдайда тиісті есепке алу аспаптары болуы;
жапсарлас тиеу-түсіру алаңдарын қоса алғанда, аумақ Кеден кодексінің 186-бабының 3-тармағына сәйкес белгіленуі және онда бетон немесе асфальт төсемі болуы;
техникалық жарамды кіреберіс жолдар, сондай-ақ тауарларды тексеріп қарауға арналған орындар, оның ішінде электр жарығымен жарақтандырылған жабық алаңдар болуы;
аумақ, жапсарлас тиеу-түсіру алаңдарын (бір немесе бірнеше қойма үй-жайлары және алаңдарды) қоса алғанда, біртұтас және ажырамас кешен болуы, бір почта мекенжайы бойынша орналастырылуы және барлық периметрі бойынша тұтас қоршауы болуға тиіс.
2) осы көрсетілетін мемлекеттік қызмет стандартының 9-тармағында көрсетілген барлық құжаттарды ұсынбау.";
Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш осы бұйрыққа 14-қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын;
көрсетілген бұйрықпен бекітілген "Кедендік баждардың, салықтардың төленуін қамтамасыз етуді тіркеу" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартында:
9-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"9. Көрсетілетін қызметті берушіге көрсетілетін қызметті алушы жүгінген кезде мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті құжаттар тізбесі:
1) осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтінішті;
2) кедендік баждардың, салықтардың төленуін қамтамасыз етудің таңдаған тәсіліне байланысты кедендік баждардың, салықтардың төленуін қамтамасыз етуді растайтын мынадай құжаттардың бірін:
мемлекеттік кірістер органының ақшаны уақытша орналастыру шотына ақшаның аударылғаны туралы төлем құжатының көшірмесін;
төлеуші мен мемлекеттік кірістер органы арасында жасалған мүліктік кепіл шартын және бағалаушының кепілдегі мүліктің нарықтық құнын бағалау туралы есебін;
кепілгер банк пен төлеуші арасында жасалған банк кепілдемесі шартын және банк кепілдігін;
кепілгерлік шартын;
сақтандыру шартын табыс етеді.
Құжаттар топтамасын қабылдаған адамның тегі және аты-жөні, қолы, уақыты, күні қамтитын өтініштің көшірмесіндегі белгі көрсетілетін қызметті алушыдан құжаттарды қабылдағанын растауы болып табылады.
Көрсетілетін қызметті алушылардан ақпараттық жүйелерден алынуы мүмкін құжаттарды талап етуге жол берілмейді.";
мынадай мазмұндағы 9-1-тармақпен толықтырылсын:
"9-1. Көрсетілетін қызметті алушының және (немесе) мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті ұсынылған материалдардың, объектілердің, деректердің және мәліметтердің Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінде белгіленген талаптарға сәйкес келмеуі мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту үшін негіздеме болып табылады.";
Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш осы бұйрыққа 15-қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын;
көрсетілген бұйрықпен бекітілген "Кедендік баждарды төлеу мерзімдерін өзгерту" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты осы бұйрыққа 16-қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген "Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің құрылымдық бөлімшелерінен және (немесе) олардың аумақтық бөлімшелерінен шығатын ресми құжаттарға апостиль қою" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартында:
3-тармақтың екінші бөлігінің 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"1) көрсетілетін қызметті беруші арқылы;";
4-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"1) құжаттарға апостиль қою - көрсетілетін қызметті беруші құжаттарды қабылдаған күннен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде;
тиісті құжаттарды қосымша тексеру қажет болған жағдайда, құжатқа апостиль қою - көрсетілетін қызметті алушы құжаттар берген күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде;";
10-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"10. Көрсетілетін қызметті алушының және (немесе) мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті ұсынылған материалдардың, объектілердің, деректердің және мәліметтердің Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінде белгіленген талаптарға сәйкес келмеуі мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту үшін негіздеме болып табылады.
Мемлекеттік корпорацияға жүгінген кезде, көрсетілетін қызметті алушы осы мемлекеттік қызмет көрсету стандартының 9-тармағында көзделген тізбеге сәйкес құжаттар топтамасын толық ұсынбаған жағдайда, Мемлекеттік корпорацияның қызметкері өтінішті қабылдаудан бас тартады және осы мемлекеттік қызмет көрсету стандартына қосымшаға сәйкес нысан бойынша қолхат береді."
көрсетілген бұйрықпен бекітілген "Кедендік декларациялау бойынша маманның біліктілік аттестатын беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартында:
9-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
"9. Көрсетілетін қызметті алушы жүгінген кезде мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті құжаттардың тізбесі:
көрсетілетін қызметті берушіге:
1) еркін нысандағы өтініш;
2) кәсіби, техникалық немесе жоғары білімін растайтын құжаттың нотариалды куәландырылған көшірмесі;
3) 3,5х4,5 сантиметр көлеміндегі екі түрлі-түсті фотосурет;
портал арқылы:
1) ЭЦҚ қойылған электрондық құжат нысанындағы сұрау салу;
2) кәсіби, техникалық немесе жоғары білімін растайтын құжаттың нотариалды куәландырылған көшірмесі;
3) 3,5х4,5 сантиметр көлемінде электрондық түрдегі екі түрлі-түсті фотосурет.";
10-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"10. Көрсетілетін қызметті алушының және (немесе) мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті ұсынылған материалдардың, объектілердің, деректердің және мәліметтердің Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінде белгіленген талаптарға сәйкес келмеуі мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту үшін негіздеме болып табылады.".
2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті (А.М. Теңгебаев) заңнамада белгіленген тәртіпте:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрықты мемлекеттік тіркелгеннен кейін он күнтізбелік күн ішінде оны мерзімді баспа басылымдарында және "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялаyуға жіберілуін;
3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінен алған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде оны Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне орналастыру үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жолдануын;
4) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін он күнтiзбелiк күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.
Қазақстан Республикасының
Қаржы министрі Б. Сұлтанов