19:38, 21 Қыркүйек 2011 | GMT +5
Мемлекеттік қызметті жетілдіру жөніндегі сараптамалық кеңестің І отырысы өтеді
АСТАНА. 21 қыркүйек. ҚазАқпарат - Ертең, 22 қыркүйекте ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің жанындағы Мемлекеттік қызметті жетілдіру жөніндегі сараптамалық кеңестің І отырысы өтеді, деп хабарлады ведомствоның баспасөз қызметі.

Отырыс барысында Сараптамалық кеңестің 2011-2012 жж. жұмыс жоспары, мемлекеттік қызмет персоналын іріктеу процессін жетілдіру сұрақтары, сонымен қатар Ақмола және Оңтүстік Қазақстан облыстарында өткізілген мемлекеттік қызметке іріктеудің екі кезеңді пилоттық жобаның нәтижелері талқыланады деп жоспарлануда.