Мемлекеттік қызметтің тартымдылығы артып келеді - Алик Шпекбаев
«Ағымдағы жылдың басынан бері Агенттіктің аумақтық департаменттерінде 85 бос орынға жұмысқа тұру үшін 510 өтініш келіп түсті. Яғни бір орынға орташа 6 адам үміткер болып отыр. Былтыр жыл бойы 1 орынға 2 адам үміткер болған, яғни 446 бос жұмыс орнына 804 өтініш тапсырылған. Конкурсқа деген қызығушылықтың өсу қарқыны Оңтүстік Қазақстан облысында ерекше байқалады, онда бір орынға 20 адам үміткер, кейінгі орындарда Астана (1 орынға 13 үміткер), Қарағанды облысы (9) және Жамбыл облысы (8) келеді», - деп жазды А. Шпекбаев Фейсбукте.
Оның сөзіне қарағанда бұл көрсеткіш тұрғындар арасында мемлекеттік қызметтің тартымдылығы артып келе жатқанын аңғартады.
«Бұл ретте атқарушы звено еңбекақысының екі есе артуы оң ықпал етті. Үміткерлер арасында қазіргі мемлекеттік қызметшілер да бар. Жастар жағы мемлекеттік қызметке тұруға айрықша қызығушылық танытып келеді», - дейді агенттік басшысы.