Мемлекеттік мекемелерде асханаларды жалдау бизнесмендерге қымбатқа түсуде
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстан кәсіпкерлері мемлекеттік әлеуметтік мекемелердегі асханаларды жалға алу төлемі тоғыз есеге артқандығына шағымданып отыр. Бұл туралы ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасы жанындағы Кәсіпкерлер құқығын қорғау жөніндегі кеңестің кезекті отырысында Кеңес төрағасы Ғани Қасымов мәлім етті.
«Мемлекеттік мүлікті жалға берудің жаңа ережелерін бекіту тұрғысында коммуналдық меншіктегі нысандарды жалға алу төлемінің құны 9 есеге жуық өсті. Жалға алынатын коммуналдық меншік нысандарының басым бөлігі оқу орындары мен әскери бөлімшелердегі асханалар. Осы орайда бизнес тарапы жалға алу төлемі неліктен күрт өскендігін түсінбей отыр. Сонымен қатар олар жалға алу төлемін жабуға табысты қалай жасайтындығын шеше алмауда. Осы орайда біз әлеуметтік нысандар туралы айтып отырмыз және осыны ұмытпауымыз керек», - дейді Ғ.Қасымов. Сондықтан да жалға алудан бағаны қалыптастыру тағамдардың бағасына әсер етпеуі тиіс. «Бұл дұрыс емес. Сондықтан кәсіпкерлерге мектептегі және басқа да мекемелердегі асханаларды жалдаудың қымбат құнымен жұмыс істеу тиімсіз болып отыр», - деп тоқталды ол. Палата баспасөз қызметінің хабарлауынша, ҚР Ұлттық экономика министрлігі ережелердің жобасын Ұлттық палатаға жолдамаған екен. Бұл өз кезегінде «Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы туралы» Заңын бұзушылық болып табылады. «Алайда палатаның араласуы мен ережеге түзетулер енгізуінен кейін де жалға алушы кәсіпкерлердің проблемалары шешілген жоқ», - деп атап өтілген хабарламада.