«Мемлекеттік мерекелер тізімі тағы бір күнмен толыға ма?» - республикалық басылымдарға шолу

АСТАНА. 16 қыркүйек. ҚазАқпарат - Қазақ ақпарат агенттігі республикалық басылымдарда 16 қыркүйек, жұма күні шыққан өзекті материалдарға шолуды ұсынады.
None
None

***

Кеше Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Астрахань қаласына барып, Қазақстан мен Ресейдің аймақаралық VIII ынтымақтастық форумына қатысты. Осыған орай ел газет «Егемен Қазақстанда» «Жарасымды көршілер - сенімді әріптестер» деген тақырыппен көлемді мақала жарияланды. Басылымның атап өтуінше, Қазақ­стан мен Ресейдің аймақаралық ынтымақтастық форумына қаты­су үшін Астрахань қаласына келген Елбасы Нұрсұлтан Назар­баев­ты Ресей Федерациясының Президенті Дмитрий Медведев ұшақ трапынан арнайы күтіп ал­ды. Екі­жақ­ты кездесуде Ресей Президенті Д.Медведев тамыз айында өткізілген бейресми саммит бірнеше халықаралық мәселелердің түйінін тарқатуға арқау бол­ға­нына тоқталды. Ол сонымен қа­тар, Елбасы Нұрсұлтан Назар­баев­тың Мәскеуде өтетін ҰҚШҰ саммитіне қатысуын қалайтынын жеткізді.

«Кеше Парламент Сенатының Төрағасы Қайрат Мәми Фран­цияның Қазақстандағы елшісі Жан-Шарль Бертонэні қабылдады», - деп жазады «Егемен Қазақстан» газеті. Кездесу барысында Қазақстан мен Францияның екіжақты қа­ты­нас­тарын, оның ішінде парла­мент­аралық деңгейдегі байла­ныс­тарды одан әрі нығайту мә­се­лелері талқы­лан­ды. Екі ел арасындағы саяси сын­дарлы үнқатысуды атап өте келіп, Сенат Төрағасы президенттер Н.На­зарбаев пен Н.Саркози ар­а­сын­да қалыптасқан сенімді және дос­тық байланыстарды атап өтті. Со­нымен қатар, Қазақстанның сырт­қы саяси бастамаларына қол­дау білдіргені үшін Франция бас­шы­­лығына ризашылығын білдірді.

***

Елімізде жаға ұстатарлық қылмыстар жиілеп барады. Соның ішінде ең өкініштісі - адамдардың жеке тағдырына қатысты оқиғалар. Жақында Алматыдағы қонақүйлердің бірінде қаракөз қарындастарымыз бен қандастарымызды ұрлап әкетіп, оларды саудаға салып, жезөкшелікпен айналысуға мәжбүр еткен қылмыскерлер өз жазасын тартты. Оқиғаның қалай өрбігенін білгіңіз келсе, «Айқын» газетіндегі «Адам саудасы асқынып тұр» деген тақырыптағы мақалаға назар салыңыз.

***

«Алаш айнасы» газетінің жазуынша, кеше Парламент Сенатының пленарлық отырысында сенатор Ғани Қасымов елді елең еткізер депутаттық сауал тастады. Сенатор 2 қазанды меимлекеттік мереке етуді сұрап отыр. Егер сізге қазанның 2-сін мереке қылу керек десе, сізде міндетті түрде «ненің құрметіне?» деген сұрақ туатынына сенімдімін. Жалпы, кімде болсын осындай сұрақ туатыны өтірік емес. Өйткені қазақтың тұңғыш ғарышкер-ұшқышы Тоқтар Әубәкіровтің ғарышқа ұшқан күнінен бұрын, Юрий Гагариннің көкке көтерілген күнін жақсы білеміз. Сол себепті Ғани Қасымов қазақтың тұңғыш ғарышкерінің ғалам көгін сөккен күнін мемлекеттік мереке етіп қоюды ұсынып отыр. Мақаланы толық оқығыңыз келсе, басылымдағы «Мемлекеттік мерекелер тізімі тағы бір күнмен толыға ма?» деген тақырыпқа назар аударыңыз.

«Қызыл кітапқа енген дүниелерге қырғидай тиетін әдеттен арыла алмай-ақ қойдық. «Ит қорыған жерге өш» демекші, басқа аң-құс, басқа жәндік құрып қалғандай Қызыл кітаптан орын алған, өзі жойылудың аз-ақ алдында тұрған тіршілік иесіне кегіміз кеткендей тиісетініміз несі екен?» деп жазады «Алаш айнасы» газеті бүгінгі нөміріндегі «Марқакөлдіктер құрт теріп кетті» деген мақаласында. Сонымен марқакөлдіктердің қандай құрт теріп кеткендігін білгіңіз келсе, басылымның бүгінгі нөмірін жіберіп алмаңыз.

***

«Казахстанская правда» газетінің жазуынша, кеше Парламент Мәжілісінің Төрағасы Орал Мұха­мед­жанов Германия Федеративтік Республикасының Бундес­т­а­гы­нан келген делегацияны қабылдады. Кездесуде Мәжіліс Төрағасы соңғы жылдары Қазақстан мен Германия арасындағы ынтымақ­тас­тық байланыстардың өрістей түскенін атап өтті. 2009 жылы Қазақ­стан­ның Германиядағы жылы және 2010 жылы Германияның Қа­зақ еліндегі жылы табысты жү­зеге асқаны анық. Екі елдің ара­сындағы парламентаралық бай­ланыс та жылдан-жылға ны­ғайып келеді. 2010 жылдың қорытын­дысы бойынша Германия Қазақстанмен сауда-экономикалық бай­ланысы алтыншы орынға көтерілді.

Соңғы жаңалықтар