Мемлекеттік орган мен азаматтар арасында дауларда ведомстволар жиі жеңілуде

АСТАНА. ҚазАқпарат – Мемлекеттік орган мен азамат және заңды тұлғалар арасында сот процестерінде ведомстволар жиі жеңіле бастады. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингіде ҚР Әділет вице-министрі Алма Мұқанова айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
None

БАҚ өкілдерінің алдында баяндама жасаған вице-министр 2021 жылы қолданысқа енгізілген ҚР Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексіне қатысты жұмыстардың қортындысына тоқталды.

«Жоғарғы Соттың мәліметтеріне сәйкес, әкімшілік әділеттің жаңа форматының бірінші жылында аяқталған істердің жалпы санынан талапкерлердің талаптары 4 474 іс бойынша толық немесе ішінара қанағаттандырылды (52%), ал 4 085 іс немесе 48% қанағаттандырудан бас тартылды.

Өздеріңіз білетіндей, кодекс қолданысқа енгізілгенге дейін мемлекеттік органдарда азаматтармен және заңды тұлғалармен дауларда ұтылған істердің мұндай сыни көрсеткіштері болмаған. Мысалы, бұрын мемлекеттік органдар азаматтық істердің 85%-ға жуығын жеңіп алған», - деді Алма Мұқанова


Соңғы жаңалықтар