Мемлекеттік органдар БАҚ өкілдеріне барынша ашық болуы керек - Павлодар облысының әкімі (ФОТО)

Облыс әкімінің мен бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдерінің кездесуі Достық үйінде өтті. Тілшілер қауымын құттықтау сөзінде әкім Павлодар облысының мемлекеттік қызметшілері журналистермен барынша ашық болып, қажет ақпаратты жедел түрде беруге тырысатынын атап өтті.
«Мен мемлекеттік органдардың басшыларына бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдерімен барынша ашық болыңдар деп айтамын, - деді Болат Бақауов. - Біз облыстық басқармалар мен аумақтық департаменттердің басшыларының облысымыздағы өңірлік коммуникация қызметінің алаңында брифинг өткізу тәжірибесін ары қарай да жалғастыратын боламыз. Қазіргі кезде мемлекеттік бағдарламалар бойынша қолдауға ие болған өндірістік кәсіпорындар, облыстың шағын және орта бизнес кәсіпорындарына, ауыл шаруашылығы саласындағы кәсіпорындарға Сіздердің қатысуларыңызбен баспасөз турларын өткізуді қайта қолға алдық».
Аймақ басшысы бұқаралық ақпарат құралдарының ең белсенді өкілдерін төс беліглермен, Құрмет грамоталарыме және алғыс хаттармен марапаттады. Сонымен қатар, Болат Бақауов журналистика саласының ардагерлерін де мерекемен құттықтады.