Мемлекеттік органдар басшылары азаматтарды жеке қабылдайды

Атап айтқанда, ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы Қайрат Қожамжаров азаматтарды 2 қыркүйекте қабылдайды.
Ал министрлерден 11 қыркүйекте - Қазақстан Республикасының Энергетика министрі Владимир Школьник, 23 қыркүйекте - Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы қабылдау өткізеді. Сондай-ақ 4 қыркүйекте - Қазақстан Республикасы Әділет министрінің орынбасары Бақытжан Әбдірайымов, 9 қыркүйекте - Қазақстан Республикасы Ұлттық Банк Төрағасының кеңесшісі Гүлбану Айманбетова (қабылдау Алматы қаласында өтеді), 16 қыркүйекте - Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының орынбасары Иоган Меркель, 25 қыркүйекте - Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы вице-министрі Ермек Көшербаев азаматтарды қабылдамақ. Сонымен қатар «Нұр Отан» партиясының Республикалық қоғамдық қабылдау бөлмесінде азаматтардың жеке қабылдауын ҚР Парламенті Мәжілісіндегі «Нұр Отан» партиясы фракциясының мүшелері өткізеді. Әлеуметтік-мәдени даму жөніндегі комитет мүшесі Майра Айсина азаматтарды 3 қыркүйекте қабылдайды. 8 қыркүйекте - Экология және табиғатты қолдану мәселелері жөніндегі комитет мүшесі Нұрғали Әшім; 15 қыркүйекте - Қаржы және бюджет жөніндегі комитет мүшесі Сәкен Жылқайдаров; 17 қыркүйекте - Әлеуметтік-мәдени даму жөніндегі комитет мүшесі Ирина Аронова; 22 қыркүйекте - Аграрлық мәселелер жөніндегі комитет мүшесі Серік Үмбетов; 29 қыркүйекте - Халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік жөніндегі комитет мүшесі Оразкүл Асанғазының қабылдауына кіруге болады. Қабылдау келесі мекен-жай бойынша өтеді: Астана қаласы, Кенесары көшесі, 25, сағат 10:00-ден 13:00-ге дейін. Қабылдауға электрондық қоғамдық қабылдау арқылы www.kk.nurotan.kz мекенжайы бойынша және бірыңғай Call орталығы бойынша 59-78-50 телефоны арқылы жазылуға болады. Сонымен бірге, басқа облыс орталықтарының және Алматы қаласы тұрғындарының Астанаға келмей-ақ қабылдауға жазыла алады. Өйткені, қабылдауды «Нұр Отан» партиясы облыстық филиалдарында бейнебайланыс режимінде өткізу мүмкіндігі қарастырылған. Жазылу қабылдауға 3 жұмыс күні қалғанда аяқталады.