Мемлекеттік органдар басшыларының ресми блог-тұғырнамасына хакерлік шабуыл жасалды - ҚР Үкіметі
АСТАНА. Тамыздың 19-ы. ҚазАқпарат - Бүгін мемлекеттік органдар басшыларының ресми блог-тұғырнамасына (www.blogs.e.gov.kz) хакерлік шабуыл жасалды,
деп хабарлайды ҚР Премьер-Министрінің баспасөз қызметі.
Мәліметтер базасына бақылау орнату әрекеті іске аспай қалды, алайда блог-тұғырнамалар мәліметінің аздаған бөлігіне зақым келді. Мамандар серверді қорғау шараларын жүзеге асырып, жоғалған мәліметтерді қалпына келтірді. Қазіргі кезде блог-тұғырнама қалыпты режімде жұмыс істеуде.