Мемлекеттік органдар мен азаматтық қоғам азаптаулардың алдын алу және онымен күрес тақырыбында сұхбаттасты

АСТАНА. Ақпанның 27-сі. ҚазАқпарат – Ақпанның 26-27-сі күндері елордалық «Дипломат» қонақүйінің «Бәйтерек» конференц-залында «Қазақстан Республикасында азаптауларды болдырмау: пікірсайыстардан нақты іске» тақырыбында халықаралық конференция өтті.
None
None
Оны ҚР Адам құқықтары жөніндегі уәкілі, Адам құқықтары мен заңдылықты сақтау жөніндегі қазақстандық халықаралық бюро және Орталық Азиядағы Халықаралық түрме реформасы өкілдігі Ұлыбритания мен Германияның Астана қаласындағы елшіліктерінің қолдауымен ұйымдастырды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.Қазақстан Республикасы Азаптауларға қарсы конвенцияға 1998 жылы қосылды, 2008 жылғы маусымда Мемлекет басшысы осы конвенцияға факультативтік хаттаманы ратификациялау туралы заңға қол қойды. Өткізіліп отырған конференция мемлекеттік органдар мен азаматтық қоғамның Қазақстанның адам құқықтарын қорғау саласындағы халықаралық міндеттемелерін орындауға бағытталған заңнамалық, ұйымдастырушылық, консультативтік және соның ішінде азаптаулардың алдын алу мен онымен күрес жөніндегі және басқа да шараларды жүзеге асырудағы тиімді және өзара пайдалы диалогтың үлгісі болып табылады. Пікірсайыстардың мақсаты ? Республиканың адам құқықтарын сақтау жәніндегі халықаралық міндеттемелеріне сәйкес Қазақстанның азаптауларға қарсы екінші мерзімдік баяндамасы қорытындылары бойынша БҰҰ ұсынбаларын жүзеге асыру үшін нақты шараларды қабылдау, сондай-ақ қазақстандық заңнаманы БҰҰ ескертпелерін ескере отырып, азаптауларға қарсы конфернция нормаларына және оның факультативтік хаттамасына одан әрі сәйкестендіру бойынша шетелдік және отандық сарапшылардың ақпараттарымен және ұсыныстарымен алмасу қажеттігінен туындады. Конференция жұмысына ҚР Президенті Әкімшілігінің, ҚР Конституциялық Кеңесінің, ҚР Жоғарғы сотының, ҚР Бас прокуратурасының, министрліктердің, үкіметтік емес сектордың өкілдері, сондай-ақ халықаралық сарапшылар қатысты. Конференция қорытындысы бойынша тиісті ұсыныстар қабылданды.
Соңғы жаңалықтар