Мемлекеттік органдар жаңадан азаматтық алғандардың елімізде тезірек бейімделуін қамтамасыз ету мәселелерін шұғыл және жауапкершілікпен шешулері қажет - Қ. Саудабаев

аурыздың 12-cі. ҚазАқпарат /Қанат Мәметқазыұлы/ - Мемлекеттік органдар жаңадан азаматтық алғандардың елімізде тезірек бейімделуін қамтамасыз ету мәселелерін шұғыл және жауапкершілікпен шешулері қажет.

Мемлекеттік органдар жаңадан азаматтық алғандардың елімізде тезірек бейімделуін қамтамасыз ету мәселелерін шұғыл және жауапкершілікпен шешулері қажет - Қ. Саудабаев

Бүгін Ақордада өткен ҚР Президенті жанындағы Азаматтық мәселелер жөніндегі комиссияның кезекті отырысында ҚР Мемлекеттік хатшысы-Сыртқы істер министрі Қанат Саудабаев осылай мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Санақтың соңғы нәтижелері Қазақстанда Кеңес одағы ыдырап, тәуелсіздік алғаннан кейінгі халықтың айтарлықтый жылдам өсімге бой алғандығын көрсетіп отыр. Бүгінгі тәуелсіздіктің 20 жылдығы қарсаңында Қазақстанда 16,5 млн.-нан астам адам тұрады. Әлем елдерімен мойындалған Қазақстан ЕҚЫҰ-ның қазіргі төрағасы қызметіне белсенді кірісіп отыр. Еліміз өзінің беделді ұйымға төрағалығының алғашқы екі айын жоғары деңгейде өткізді, халықаралық қауымдастық та төрағалықты жылы қабылдады», деді Қ. Саудабаев.

Сонымен бірге, Мемлекеттік хатшы-Сыртқы істер министрі Қ. Саудабаев Наурыз мейрамы қарсаңында азаматтық алғалы тұрған жаңа қазақстандықтарды құттықтайтындығын айтып, оларға жаңадан тапқан Отанында бақыт пен амандық тіледі. Оның айтуынша, тәуелсіздік алғаннан бері біздің елімізде Қазақстан азаматтығын шамамен 700 мың адам қабылдаған. «Енді Наурыз мейрамы қарсаңында бұлардың саны тағы 17 мыңға артып отыр. Жауапты мемлекеттік органдардың міндеті - олардың елімізде тезірек бейімделуін қамтамасыз ету мәселелерін шұғыл және жауапкершілікпен шешу», деді Қ. Саудабаев.