Мемлекеттік органдарды «бұлтты технологияларға» көшіру бойынша министрлікте айқындалған жоспар бар - Сәкен Сәрсенов

АСТАНА. 2 желтоқсан. ҚазАқпарат /Руслан Ғаббасов/ - «Бұлтты технологиялар» елеулі экономикалық және технологиялық табыс береді.
None
None

Бұл туралы бүгін Астанада мемлекеттік органдардағы ақпараттандыруды «бұлтты технологияларға» көшіру мәселесіне арналған конференцияда ҚР Байланыс және ақпарат вице-министрі Сәкен Сәрсенов мәлім етті.

«Бүгінде елімізде жаңа жоба іске асыру шаралары басталғалы тұр. Барша әлем қазіргі кезде өздерінің жүйелерін «бұлтты технологияларға» ауыстырып жатыр. Меніңше, біз 2011 жылы бұл мәселелерді тиісті деңгейде талқылап отырмыз. Осы орайда Қазақстанның инновациядағы қарқынды бағытын ескере отырып, бұл тұрғыда алдыңғы қатарлы елдерден қалыс қалмаймыз деп ойлаймын»,-деді вице-министр.

Оның сөзіне қарағанда, мемлекеттік органдар «бұлтты технологияларға» көшу идеясын алғашқы болып қолдағандардың бірі болып табылады. «Бұл өте маңызды. Сәуірде Үкімет басшысының деңгейінде біз осы мәселені көтерген болатынбыз. Премьер-Министр бұл бастаманы қолдады. Осы орайдағы мәселелерді зерделеуді тапсырды»,-деді С. Сәрсенов.

Вице-министр мемлекеттік органдар жүйесін кезең-кезеңмен жаңа жобаға көшіру бойынша министрлікте нақты әрі айқындалған жоспар бар екенін атап өтті. Сонымен қатар ол бұл бағытты ірі ұлттық компаниялар мен жеке бизнес секторы да қолдайтынына сенім артты. С. Сәрсенбаевтың пайымдауынша, бұл жаңа технология өз кезегінде елеулі экономикалық және технологиялық табыс бермек.

Соңғы жаңалықтар