Мемлекеттік органдардың көптеген әкімшілік кедергілері жемқорлықтың ресмилендірілген түрін тудырады
АСТАНА. ҚазАқпарат - Мемлекеттік органдардың құрған көптеген әкімшілік кедергілері жемқорлықтың ресмилендірілген түрін тудырады. Бұл жайында бүгін ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Астана қаласы бойынша департаментінің басшысы Дулат Әзбергенов мәлім етті.
«Біз мемлекеттік органдардың өздері көрсетіп отырған қарапайым қызметтердің нақты санын белмегені, мемлекеттік қызмет туралы заңды жүйелі бұзуын, сондай-ақ мемлекеттік органдар тарапынан қолдан жасалған бюрократиялық кедергілер фактілерін анықтадық»,- деді ол.
Осы орайда департамент басшысы қызмет мерзімін ұзаққа созу, артық құжаттарды сұрау, қызметті негізсіз себептермен көрсетпеу және басқа да кемшіліктер бар екендігін жеткізді.
Оның сөзіне қарағанда, көптеген әкімшілік кедергілер азаматтардың заңды тұлғаларға тікелей жолығуға мәжбүрлейді, өз кезегінде олар мемлекеттік қызметті ақылы негізде жеделтетіп көрсетуге дайын. Бұл - жемқорлықтың заңдастырылған формасы іспеттес.
«Мәселен, Астана қаласының Сәулет және қала құрылысы басқармасының алдында түрлі ЖШС-лар нысанның сәулеттік-жоспарлау құжатын беру бойынша мемлекеттік қызметті көрсету туралы мәселені шешуді жылдам көмектесуге дайын жөніндегі ұсыныстарды жасайды. Ал бекітілген тәртіпте бұл қызмет бойынша жылдамдатып атқару қарастырылмаған», -деді Дулат Әзбергенов.