Мемлекеттік органдардың құзыретін заңнамалық және заңға тәуелді деңгейде бекіту мәселелеріне қатысты заң жобасы талқыланады

АСТАНА. 13 маусым. ҚазАқпарат - Ертең, 14 маусым күні, Мәжілістің Заңнама және сот-құқықтық реформа комитетінің ұйымдастыруымен «Магистралдық құбырларға байланысты мәселелерді заңнамалық реттеу» атты дөңгелек үстел өтеді (Конференц-залда, сағ.10.00-де).

Мемлекеттік органдардың құзыретін заңнамалық және заңға тәуелді деңгейде бекіту мәселелеріне қатысты заң жобасы талқыланады

Дөңгелек үстелде «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік органдардың құзыретін заңнамалық және (немесе) заңға тәуелді деңгейде бекіту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасын талқылау жоспарланып отыр.

Заң жобасы бойынша құрылған жұмыс тобына Мәжілістің Заңнама және сот-құқықтық реформа комитетінің хатшысы Светлана Бычкова жетекшілік етеді.

Заң жобасының ережелерін талқылау үшін дөңгелек үстелге заң жобасын әзірлеушілер шақырылған.