«Мемлекеттік органдардың нормативтік құқықтық актілері және құқықтық актілері: заңнамалық реттеу және құқық қолдану мәселелері

АСТАНА. 22 қазан. ҚазАқпарат - 2013 жылғы 23 қазанда Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі, Қазақстан Республикасының Заң шығару институты және «Қазақстан-халықаралық ынтымақтастығының германиялық қоры» жобасымен бірге «Мемлекеттік органдардың нормативтік құқықтық актілері және құқықтық актілері: заңнамалық реттеу және құқық қолдану мәселелері (Германия және Еуропалық Одақ елдерінің тәжірибесі)» тақырыбында семинар өткізуді жоспарлауда. Бұл туралы ҚР Әділет министрлігінің баспасөз қызметінен хабарлады.

«Мемлекеттік органдардың нормативтік құқықтық актілері және құқықтық актілері: заңнамалық реттеу және құқық қолдану мәселелері

Семинар барысында Парламент, Әділет министрлігі және Заң шығару институты өкілдерінің Германия және Еуропалық Одақ елдеріндегі мемлекеттік органдардың нормативтік құқықтық актілері мен құқықтық актілерін заңнамалық реттеу және құқық қолданудың өзекті мәселелері туралы баяндамаларын тыңдау жоспарлануда.