Мемлекеттiк органдардың өз құзiретiне кiретiн электрондық мемлекеттiк қызмет көрсетудi қамтамасыз ету мерзiмдерi туралы қаулыға өзгерістер енгізілді
АСТАНА. 17 қараша. ҚазАқпарат - Мемлекеттiк органдардың өз құзiретiне кiретiн электрондық мемлекеттiк қызмет көрсетудi қамтамасыз ету мерзiмдерi туралы қаулыға өзгерістер енгізілді.
ҚазАқпарат құжаттың мәтінін таратады.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы
2012 жылғы 27 қыркүйек №1244 Астана, Үкімет Үйі
«Мемлекеттiк органдардың өз құзiретiне кiретiн электрондық мемлекеттiк қызмет көрсетудi қамтамасыз ету мерзiмдерi туралы» Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2010 жылғы 19 қазандағы № 1080 қаулысына өзгеріс енгізу туралы
Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. «Мемлекеттiк органдардың өз құзiретiне кiретiн электрондық мемлекеттiк қызмет көрсетудi қамтамасыз ету мерзiмдерi туралы» Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2010 жылғы 19 қазандағы № 1080 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2010 ж., № 50, 458-құжат) мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген қаулыға қосымша осы қаулының қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-МинистріС.АХМЕТОВ.
Қосымшасының мәтіні республикалық БАҚ-да жарияланған.