Мемлекеттiк орман қоры аумағында 5 жылға дейін сексеуіл шабуға тыйым салынды

АСТАНА. ҚазАқпарат - «Мемлекеттiк орман қоры учаскелерiндегі сексеуiлді аумақтарда ағаш кесуге тыйым салу туралы» бұйрыққа өзгертулер енгізілді. Бұл туралы ҚазАқпарат ҚР АШМ орман шаруашылығы және жануарлар әлемі комитетінің баспасөз хатшысы Сәкен Ділдахметке сілтеме жасап хабарлайды.
None
None

Хабарланып отырғандай, «ҚР АШМ кейбір мәселелері» туралы Үкіметтің 2005 жылғы 6 сәуірдегі қаулысының 17-тармағының 376-тармақшасы бойынша жаңа бұйрық шықты. Ол бұйрыққа сәйкес, ҚР мемлекеттік орман қоры учаскелеріндегі сексеуіл аумақтарында ағаш кесудің барлық түріне 2023 жылғы 31 желтоқсанға дейін тыйым салынды.

«2017 жылы заң бойынша сауда орындарында сексеуілді сатуға тыйым салған болатынбыз. Жылдағы жағдай көрсетіп отырғандай, браконьерлік салдарынан сексеуілдің орман қоры азайып барады. Сондықтан, осындай түбегейлі қадамдарға бардық. Яғни, сатуға, сонымен қатар мемлекеттік орман учаскелерінде шабуға да тыйым салдық. Бірақ, сол бұйрыққа өзгеріс енгізген кезде еліміздің кейбір облыстарына табиғи ерекшелігі бойынша жеңілдік қарастырылды. Яғни, әр отбасына қыстан шығу үшін 25-40 текше сексеуіл аралығында лимит беріледі. Орман шаруашылықтары тек шіріген сексеуілді сата алады. Сатқанның өзінде мейрамханалар немесе дәмханалар сексеуілді құжатымен, шот-фактурасымен алуы керек», - деді Сәкен Ділдахмет ҚазАқпарат тілшісіне.

Соңғы жаңалықтар