12:07, 24 Қаңтар 2009 | GMT +5
Мемлекеттік орталық мұражайда «Ауғанстан трагедиясы. 20 жылдан кейін» деп аталатын көрме өтеді
АЛМАТЫ. Қаңтардың 24-і. ҚазАқпарат /Ерлік Ержанұлы/ - Алматыдағы ҚР Мемлекеттік орталық мұражайында қаңтардың 28-інде «»Ауғанстан трагедиясы. 20 жылдан кейін» деп аталатын көрме өтеді,

деп хабарлайды ҚазАқпарат. Бұл шара Кеңес әскерлерінің Ауғанстан аумағынан шығарылуының 20 жылдығына арналып отыр. Оны Қазақстанның «Жауынгерлік бауырластық» жергілікті соғыстар мен әскери қақтығыстар ардагерлері одағы мен Алматы қаласындағы Ауғанстан соғысы ардагерлері одағы ұйымдастырып отыр. Мақсат - қала тұрғындары мен қонақтарына Ауғанстан соғысының шындығын көрсету. Сондай-ақ саяси мәселелерді шешуде соғыс тығырықтан шығарар жол еместігін жұртшылық санасына сіңіру. Оған Ауғанстан соғысы туралы деректі материалдар, наградалар мен қатысушылардың басқа да жеке заттары қойылады. Кеңес әскерлері Ауғанстанға 1979 жылы желтоқсанның 25-інде кіргізіліп, 1989 жылы ақпанның 15-інде шығарылған болатын. Бұл кезеңде 620 мыңға жуық адам өзінің әскери борышын атқарды. Олардың 22 мыңы қазақстандықтар еді. Оның 924-і ұрыс даласында көз жұмып, 21-і хабар-ошарсыз кетті.