Мемлекеттік рәміздер қазақ халқының ғасырлар бойғы еркіндік пен тәуелсіздік туралы арманын білдіреді - Қ.Саудабаев

АСТАНА. 22 желтоқсан. ҚазАқпарат /Марлан Жиембай/ - Мемлекеттік рәміздер қазақ халқының ғасырлар бойғы еркіндік пен тәуелсіздік туралы арманын білдіреді.

Мемлекеттік рәміздер қазақ халқының ғасырлар бойғы еркіндік пен тәуелсіздік туралы арманын білдіреді - Қ.Саудабаев

Бұл пікірді бүгін ҚР Мемлекеттік хатшысы Қанат Саудабаев Мемлекеттік рәміздер жөніндегі республикалық комиссияның отырысында білдірді.

«Мемлекеттік ту, Мемлекеттік елтаңба, Мемлекеттік әнұран - кез келген егемен елдің міндетті атрибуттары болып табылады. Сондықтан да қазақстандық жас ұрпақты тәрибелеу және патриоттық сезімді қалыптастыруда еліміздің мемлекеттік рәміздеріне ерекше көңіл бөлінеді», - деп атап өткен Қ.Саудабаев Елбасының «Мемлекеттік рәміздер - біздің еліміздің, тәуелсіздігіміздің ажырамас бөлігі», деген сөзін жиынға қатысушылардың есіне салды.

Оның пайымынша, мемлекеттік рәміздерге деген көзқарас, мемлекеттік органдардың оларды насихаттау жұмыстарының тиімділігі қазақстандықтардың жалпы патриоттық деңгейін анықтайды.

Жиын барысында Байланыс және ақпарат, Көлік және коммуникация министрлерінің мемлекеттік рәміздерді пайдалану және насихаттау жөніндегі жұмыстары туралы есептері тыңдалды.

Қорытындысында «ҚР Мемлекеттік рәміздері туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңын бұлжытпай сақтау жөнінде нақты тапсырмалар мен ұсыныстар берілді.