Мемлекеттік рәміздер күні қарсаңында патриоттар форумы өтеді

None
АСТАНА. ҚазАқпарат – ҚР Мәдениет және спорт министрлігі Мемлекеттік рәміздері күні қарсаңында Қазақстан патриоттарының республикалық форумын өткізеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Бұл жиын 2 маусым сағат 11.00-де Астана қаласындағы Еркеғали Рахмадиев атындағы филармонияда өтеді.

Оған түрлі облыстар мен өңірлерден түрлі қызмет салаларының көрнекті өкілдері, мәдениет және өнер майталмандары қатысады.

«Форум өткізудегі мақсат жастардың мемлекеттік рәміздерге құрметі мен патриоттық сезімін арттыру, мемлекеттік рәміздерді ұлттық бірегейлікті бекітудегі ажырамас бөлігі ретінде жүйелі таныту. Сонымен бірге, тәуелсіздігіміздің негізгі белгісі саналатын мемлекеттік рәміздерімізді патриоттық тәрбиелеу жүйесінің маңызды элементі ретінде орнықтыру», - деп хабарлады Мәдениет министрлігі.

Сондай-ақ, форум аясында өз саласының ең лайықты және көрнекті тұлғалары түрлі салалардағы жетістіктері үшін марапатталады.

Айта кетейік, жыл сайын 4 маусым күні Қазақстанда Мемлекеттік рәміздер күні мерекеленеді.

Мемлекеттік рәміздер – кез келген мемлекеттің егемендігі мен біртұтастығын бейнелейтін, оның ажырағысыз атрибуттарының бірі.


Соңғы жаңалықтар