Мемлекеттік рәміздер күні: Көкшетауда «Жыл патриоттары» сыйлығының номинанттары марапатталды
Облыс орталығындағы тутығырда өткен мерекелік шараға облыс тұрғындары, үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері және жастар қатысты.
Жиналғандар алдында аймақ басшысы Ермек Маржықпаев құттықтау сөз сөйлеп, Тәуелсіздігіміздің басты нышаны - Мемлекеттік рәміздердің маңыздылығын атап өтті.
«Осыдан отыз бір жыл бұрын біздің еліміз мемлекеттік рәміздерді қабылдады және бұл күн жас егемен мемлекеттің маңызды оқиғаларының біріне айналды. Қазақстан Республикасының Туы, Елтаңбасы мен Әнұраны – кез-келген мемлекеттің болмысын, саяси тәуелсіздігі мен егемендігін бейнелейтін, Отанға қызмет етудің, халқының тарихи тамыры мен дәстүрін құрметтеудің биік мұраттарын қамтитын ажырамас атрибуттары болып табылады», - деді құттықтау сөзінде аймақ басшысы.
Акция барысында «Жыл патриоттары» сыйлығының номинанттарын марапаттау рәсімі өтті. Олардың қатарында ерлігімен көзге түскендер, еріктілер және халықаралық ғылыми, мәдени және спорттық байқаулар мен фестивальдердің жеңімпаздары болған жиырмаға жуық ақмолалық болды.
«Мен өз елімінің патриотымын, еліміздің атынан Афина мен Мәскеуде өткен халықаралық жарыстарда қатысу мен үшін зор мәртебе», - деп бөлісті Қосшы қаласындағы «Дара» бизнес академиясының оқушысы, Афинадағы «WADA – 2023» Ашық әлем чемпионатының жеңімпазы, Мәскеудегі Халықаралық би олимпиадасының лауреаты, акробатикалық биден Қазақстан Республикасы чемпионатының бірнеше дүркін жүлдегері, сегіз жасар Ахмет Лейла.
Салтанатты шараның соңы жергілікті шығармашылық ұжымдардың орындауындағы мерекелік концертке ұласты.
Айта кетсек, бұдан бұрын «Ақмола жұлдыздары» облыстық шығармашылық байқауының жеңімпаздары марапатталғанын жазған едік.
фото: Әкімдіктің баспасөз қызметінен