Мемлекеттік ресурстарға жеткізілетін астықтың сатып алу бағасы белгіленді

АСТАНА. ҚазАқпарат - ҚР Үкіметінің Қаулысымен Мемлекеттік астық ресурстарына жеткізілетін астықтың сатып алу бағасын белгіленді, деп жазады egemen.kz.
None
None

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы №1277

Мемлекеттік астық ресурстарына жеткізілетін астықтың сатып алу бағасын белгілеу туралы

«Астық туралы» 2001 жылғы 19 қаңтардағы Қазақстан Республи­ка­сының Заңы 5-бабының 12) тармақшасына сәйкес Қазақстан Респуб­ликасының Үкіметі қаулы етеді: 1. Мыналар: 1) мемлекеттік сатылатын астық ресурстары үшін: ҚР СТ 1046-2008 (2-кесте - техникалық талаптар) 3-сыныпты жұмсақ бидайдың (Triticum aestivum L) бір тоннасына 42000 (қырық екі мың) теңге (ҚҚС төлеушілер және төлемеушілер үшін) мөлшерінде; 2) мемлекеттік жемдік астық ресурстары үшін: МемСТ 28672-90 2-сыныпты арпаның бір тоннасына 28000 (жиырма сегіз мың) теңге (ҚҚС төлеушілер және төлемеушілер үшін) мөлшерінде; 3) мемлекеттік тұқым ресурстары үшін: осы Қаулыға қосымшаға сәйкес жаздық жұмсақ бидай және арпа тұқымдарының репродукциялары мен егіс стандартының сыныптары бойынша сатып алу бағасы белгіленсін. 2. «Мемлекеттік астық ресурстарына жеткізілетін астықтың сатып алу бағасын белгілеу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 9 желтоқсандағы №1326 қаулысының (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2013 ж., №70, 937-құжат) күші жойылды деп танылсын. 3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі К.МӘСІМОВ.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 5 желтоқсандағы №1277 қаулысына қосымша

Жаздық жұмсақ бидай және арпа тұқымдарының репродукциялары мен егіс стандартының сыныптары бойынша сатып алу бағасы

Дақылдың атауы

I репродукция

IІ репродукция

IІІ репродукция

1-сынып

2-сынып

1-сынып

2-сынып

1-сынып

2-сынып

Бидай

56059

53714

51107

48333

44625

42333

Арпа

54375

44500

42625

40250

40000

38000

Соңғы жаңалықтар