Мемлекеттік сақтандыру қорынан жалған анықтамамен көп мөлшерде төлемақы алған аналар анықталды

АСТАНА. Қыркүйектің 23-і. ҚазАқпарат /Ернұр Ақанбай/ - Еліміздің прокуратура органдары Мемлекеттік сақтандыру қорынан жүктілігіне және бала тууына байланысты берілетін төлемдердің заңдылығын тексеру нәтижесінде көптеген алаяқтық фактілерді анықтады. Бұл туралы бүгін Астанадағы апталық брифингте Бас прокуратураның ресми өкілі Жандос Өмірәлиев айтты.
None
None

Оның сөзіне қарағанда, мәселен Алматы қалалық прокуратурасы 4 млн. теңгеден астам төлемақыны заңсыз алу фактісі бойынша қылмыстық іс қозғаған. Осы соманы алу үшін бір әйел 1 млн. 100 мың теңгеден астам мөлшерде жалақы алатындығы туралы жалған анықтаманы пайдаланған. Осыған ұқсас фактілер Шығыс Қазақстан, Батыс Қазақстан, Жамбыл және Қарағанды облыстарында да анықталған.

«Қазіргі таңда 7 млн. теңгеден астам сомаға келтірілген зиян бойынша 9 қылмыстық іс қозғалды. Бұдан басқа, қылмыстық қудалау органдарына процессуалдық шешімдер қабылдау үшін 36 млн. теңгеден астам сомаға 53 құжат жіберілді, бұзылған заңдылықты жою туралы 17 ұсыныс енгізілді», деді ресми өкіл.

Соңғы жаңалықтар